Ресми (қалыптасқан) топ: Басшының өз еркімен құратын тобы. Қалыптасқан топтар, қалыптасқан ұйымның қажеттіліктеріне орай жоспарлы, саналы және қалыптасқан түрде алдын-ала анықталған функцияларды орындау мақсатымен құрастырылады. Бір ұйымдағы ең тиімді қалыптасқан топтар бұйрық беруші және орындаушы топтар. Бұйрық беру топтары деп кәсіпорындағы бөлім және басқару орындарын айтамыз. Ал орындаушы топтар—алдын-ала белгіленген мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорында қалыптасқан түрде пайда болған топтар.