Әлеуметтік функция - философия қоғамды зерттегенде, оның пайда болу себептерін, дамуын, құрылымын, қозғаушы күштерін, қоғамда болатын қайшылықтарды айқындап, оны шешу жолдарын, жетілдіру мәселелерін карастырады.
Тәрбиелік функция - философия гуманистік құндылықтар мен мұраттарды адам, адамзат пен қоғам игілігіне жаратуды көздейді. Философия - тарих қойнауындағы барлық адмгершілік ізгіліктердің тәрбиелік мәнін ашып көрсетеді.
Эвристикалық функция - философиялану, яғни философияны оқып-үйрену процесінде адам дүниеге, бүкіл болмысқа жаңаша көзқараспен қарайды, оны бейне бір құлшыныс, шабыт сезімі, инсайт билейді. Ой кешуде, тылсым дүниенің інжу - маржанын тапқанда ойшыл адам сыр мен кемел сезімге бөленеді.
Лекцияның оқыту нәтижелері:
ПОН – 1 - философияның тарихи дамуы негізінде онтология мен метафизиканың
негізгі мазмұнын сипаттау;
ПОН – 3 - дүниеге көзқарасты табиғи және әлеуметтік әлемді философиялық
зерделеу мен зерттеудің нәтижесі ретінде негіздеу;
ПОН – 5 - мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның ерекшеліктері мен
мазмұнына түсініктеме жасау.
Оқытудың техникалық құралдары: кестелер, бейнефильмдер.
Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру
Деңгейлік тапсырмалар:
1 –деңгейлік сұрақ .
Философия және дүниетаным
2–деңгейлік сұрақ.
Мифология, дін және философия. Қоғам дамуындағы мифтің рөлі
3–деңгейлік сұрақ.
Философияның пәні, қызметтері, міндеттері мен алатын орны
ОБӨЖ тапсырмалары: Дүниенің ғылыми, философиялық, діни бейнелері
БӨЖ тапсырмалары: Философияның мәдениеттегі алар орны
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Ғабитов Т. Философия. Оқулық. Алматы, «Заң әдебиеті», 2018.
Кенни Энтони. Батыс философиясының жаңа тарихы, 2- том, Орта ғасыр философиясы: оқулық. Алматы, 2018.- 400 б
Қ.А. Темірғалиева. А.Т. Бәкірова.Философия: оқу құралы. Алматы, 2016.
Рысқалиев Т.Х. Философия тарихы:оқулық. Алматы, 2015.
Алтаев Ж., Қасабек А. Философия тарихы. Оқулық. Алматы, 2017.
Хрусталев Ю. М. Философия:учебник. 2015.
Тұрысжанова Р.К. Основы философии. Учебное псобие. Алматы, 2012.
Хасанов М., Петрова В. Ф. Введение в философию. Учебное пособие. Алматы, 2011.
Қосымша әдебиеттер:
1. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін. Алматы, 2018.
2. Г.А. Шадинова, Г.Б. Көлеген Философия негіздері. Лекциялық жинақ. – Түркістан: Тұран. 2018.
3. А.И. Иваненко, А.В. Московский Философия: учебно-методическое пособие. Санкт-Петербург, 2015
WEB сайттар тізімі:
1.Кенни Энтони. Батыс философиясының жаңа тарихы, 1- том, Орта ғасыр философиясы. Астана, 2018.-408 б. http://rmebrk.kz/
2. Горелов А.А. Основы философии. Москва. 2013 http://rmebrk.kz/
Достарыңызбен бөлісу: |