Лекция мақсаты: Студенттерге Еңбекті қорғау пәнін түсіндіру, еңбекті қорғау саласының міндеті мен қағидаларын оқытып үйрету



бет24/33
Дата20.10.2022
өлшемі184,08 Kb.
#154054
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33
Байланысты:
Еңбекті қорғау курс

Арнайы тергеп-тексеруге:
1) ауыр немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар;
2) зардап шеккен адамдар жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, бір мезгілде екі және одан да көп қызметкерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар;
3) қатерлі уланудың топтық оқиғалары жатады.
Жұмыс берушінің - жеке тұлғаның өндірісіндегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге жұмыс беруші немесе оның уәкілетті өкілі, қызметкерлердің өкілі, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге шарт негізінде де шақырылуы мүмкін еңбекті қорғау жөніндегі маман қатысады.
Қатерлі улану жағдайында комиссияның тергеп-тексеруіне халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілдері қатысады.
Комиссияның жұмысына жұмыс берушімен немесе зардап шеккен адаммен тиісті шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымының өкілі қатысуға құқылы.
Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мерзімі комиссия құрылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Өндірістік практикадан өтіп жүрген, жалпы білім беретін, кәсіптік мектептерде және жоғары оқу орындарында оқитын адамдар ұшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді жұмыс берушінің және зардап шеккен адам өкілінің қатысуымен өз аумағында оқиға болған ұйымның басшысы құратын комиссия жүргізеді.
Басқа ұйымның аумағында орналасып, жұмыс жүргізіп жатқан ұйымның қызметкері немесе өндірістік тапсырманы (қызметтік немесе шарттық міндеттерді) орындау үшін басқа ұйымға жіберілген қызметкер ұшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді аумағында жазатайым оқиға болған ұйымның жауапты өкілінің қатысуымен жұмыс берушінің өзі жүргізеді.
Қызметкер қоса атқаратын жұмысын орындау кезінде ұшыраған жазатайым оқиғаны жұмыс өз аумағында немесе соның тапсырмасы бойынша жүргізілген жұмыс беруші тергеп-тексереді және есепке алады.
Көлік құралдарының авариясы салдарынан болған жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жол полициясының тергеп-тексеру материалдары негізінде жүргізіледі.
Жол полициясы жазатайым, оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының талабы бойынша көлік оқиғасы болған күннен бастап бес күн мерзімде тергеп-тексеру материалдарының көшірмелерін беруге міндетті.
Әрбір өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия оқиға куәгерлерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың бұзылуына жол берген адамдарды анықтайды және олардан жауап алады, жұмыс берушіден қажетті ақпарат және мүмкін болса, зардап шеккен адамнан түсініктеме алады.
Жұмыс берушіге уақтылы хабарланбаған немесе нәтижесінде еңбекке қабілетсіздігі бірден туындамаған (талап ету мерзіміне қарамастан) жазатайым оқиғалар зардап шеккен адамның (оның өкілінің) өтініші бойынша немесе мемлекеттік еңбек инспекторының нұсқамасы бойынша өтініш тіркелген, нұсқама алынған күннен бастап он күн ішінде тергеп-тексеріледі.
Жиналған құжаттар мен материалдар негізінде комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерін анықтайды, жазатайым оқиғаның жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысын және тиісінше, зардап шеккен адамға оқиға орнында өзінің еңбек міндеттерін орындауына байланысты болуы түсіндірілгенін анықтайды, жазатайым оқиғаны өндірістегі жазатайым оқиға ретінде немесе өндіріспен байланысты емес жазатайым оқиға ретінде саралайды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына жол берген адамдарды анықтап, өндірістегі жазатайым оқиғалардың себептерін жою және алдын алу жөніндегі шараларды белгілейді.
Режимді объектілердегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмыс жағдайлары осы объектілерге кіру, соларда болу ерекшеліктері ескеріліп айқындалады.
Қызметкердің (қызметкерлердің) еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына әкеп соққан өндіріспен байланысты әрбір жазатайым оқиға медициналық қорытындыға (ұсынымға) сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жазатайым оқиға туралы актімен қажетті данасы жасалып (әрбір зардап шеккен адамға жеке-жеке) ресімделеді.
Денсаулық сақтау ұйымы белгіленген тәртіппен растаған улану жағдайлары да еңбекке қабілеттіліктің жоғалғанына немесе жоғалмағанына қарамастан, жазатайым оқиға туралы актімен ресімделеді.
Өмірде түрлі күтпеген жағдайлар болып тұрады. Олар біздің жоспарға, тұрақтыға және тіпті жақын деген адамдарға тыныш өмір сүруіне кедергі әкеледі.
Өмірдің заңдарына қарамастан, халықтың барлығы тату-тәтті өмір сүрсі келеді. Ең бастысы жанұяның амандығы мен қаржылық тұрақтылық. Бірақ та күтпеген жерден түрлі оқиғалардың болып тұру салдарынан өмірдің қымбат екені белгілі болғандықтан, сақтандыру ол да өмірдің кепілі бола алады.
Жазатайым жағдайлардан сақтандыру – бұл сенімді және көп жұмысты қажет етпейтін қорғаныс түрі. Қандайда бір күтпеген жағдай немесе оқиға болмасын, сақтанған тұлға өзіне сенімді және жақын, әрі қымбат адамнан алыстамай сонымен қатар жұмыс істеп қаржылық жоспарларын жүзеге асырады. Сізге туған күтпеген проблемаларының бір бөлігін біз өз мойынымызға аламыз.
Сыртқы факторының әсерінен жазатайым жағдайда сақтандыру келесілер жатады:
Жарылыс, күік, үсік, батып кету, электрикалық тоғы, найзағай жарығынан, күн өтсе, зиянкестер мен жануарлардың әрекеті, жылан уы, қурт-құмырсқалар мен шыбын-шіркейлерден келтірілген зиян, заттық құлауы немесе сақтандырылған адамның құлап кетуі,қылқындындырылған, тыныс алу жолына жарақат, жабайы өсімдіктерден ұлану химикаттық заттар, дәріөдәрмектен улану, залалсыз астық тағамдар, травмалар, көлік апаты және көлікке қатысты қаіп-қатерлер, мылтық сияқты басқа да зиян келетін құралдардан зиян шексе, сақтанған тұлғаға қорықпауға болады.
Сақтану келісім шартты төмендегідей болады:
- өндірісте (жұмыста) күтпеген жұмыстың болуы, оған тағы жұмыс орыны мен тұрғылықты жері, қызметі
бойынша тұрып жүрген жерлері мен жұмыс орындарынан берілген транспортта болатын жағдайлардан сақтандыру;
- өндірісте (жұмыста) және күнделікті тұрмыс жағдайында (тәуілігіне 24 сағат бойы) сақтандыру;
- күндігі тұрмыста күтпеген жағдайлардан сақтандыру;
- қыдыру мен демалуға байланысты сапарларда туған келеңсіз жағдайдан сақтандыру;
- уақытша белгілі бір жұмыс түрін сақтандыру;
Сақтандыру сомасы екі жақтың келісімімен құралады.
Сақтандыру борышын өтеу кезінде:
1.сақтанған тұлға жұмысқа жарамсыз болған уақытында жазатайым жағдай болып қалса, 60 күннен көп емес сол аралықта сақтандыру сомасынан күнде 0,05% көлемінде төленеді.
2. сақтандырылған мүгедектің борышын анықтау:
- I топ - 80% пайыз сақтанушының сақтанған сомасынан;
- IІ топ - 60% пайыз сақтанушының сақтанған сомасынан;
- IІІ топтар - 40% пайыз сақтанушының сақтанған сомасынан.
3. сақтанушы қайтыс болған жағдайда сақтандырылған барлық 100% қайтарылады.
Жұмысшы мен қызметіне байланысты сақтандыру тарифы орташа есеппен 0,25%-бен 4,0% аралығы.
Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым жағдайдан сақтандыру Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы №30-ІІІ заңы негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру жағдайы – қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге, оның кәсiптiк ауруға ұшырауына не қайтыс болуына әкеп соққан өндiрiстiк жарақаттану, денсаулығының күрт нашарлауы немесе улануынан болған оқиға.
Сақтандыру сомасы – шартта айқындалады, бірақ шарт жасасу кезінде барлық қызметкерлердің жылдық еңбекақы төлеу қорынан кем болмауы тиіс.
Сақтандыру тарифтері Заңға сәйкес кәсiптiк тәуекел сыныбына және персоналдың санаттарына қарай (өдірістік, көмекші және әкімшілік-басқарушы)экономикалық қызмет түрлерi бойынша сараланған.
Қызметкердің қайтыс болуына немесе оның денсаулығына зақым келуіне байланысты зиян үшін сақтандыру төлемі нақты залал мөлшерінде, бірақ Шартта белгіленген сақтандыру сомасынан аспай жүзеге асырылады.
Қызметкердің қайтыс болуына немесе еңбекке қабілеттілігінен тұрақты айрылуына байланысты жалақысынан (табысынан) айрылуынан болған зиян мөлшері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалады.
Қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленген жағдайда, оның денсаулы­ғының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөнiндегi сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерi мынадай мөлшерлерде белгiленедi:
1) 5 пайыздан 29 пайызға дейін, қоса алғанда кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленген кезде – 500 АЕК;+
2) 30 пайыздан 59 пайызға дейін, қоса алғанда кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленген кезде – 1000 АЕК;
3) 60 пайыздан 89 пайызға дейін, қоса алғанда кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленген кезде – 1500 АЕК;
4) 90 пайыздан 100 пайызға дейін, қоса алғанда кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленген кезде – 2000АЕК.
Сақтандырушы зардап шегуші қызметкер қайтыс болған жағдайда, оны жерлеген адамға жерлеу шығыстарын 100 АЕК мөлшерінде өтейді.
ҚР Еңбек кодексінің 325 бабына сәйкес жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді мемлекеттік еңбек инспекциясы органының аумақтық бөлімшесі құрған комиссия мына құрамда жүргізеді:
төраға - мемлекеттік еңбек инспекторы;
мүшелері - жұмыс беруші және қызметкерлердің өкілі.
Екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргізеді.
Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде комиссия құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор кіреді.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады.
Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейін болса, топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, ал бес және одан да көп адам қайтыс болғанда - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған комиссия жүргізеді.
Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу үшін арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы ұйымдардың мамандары, ғалымдар және бақылау-қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кіші комиссиялар құруға құқылы.
Ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғаны, қызметкерлердің топтық жазатайым оқиғасын және топтық қатерлі улану жағдайын тергеп-тексеру еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы арнайы тергеп-тексеру актісімен ресімделеді.
Арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының келісімінсіз куәлерден, куәгерлерден жауап алуды, сондай-ақ ресми тағайындалған комиссияның жұмыс күндерінде кез келген біреудің немесе өзге де комиссияның осы жазатайым оқиғаға қатысты қатар тергеп-тексерулер жүргізуіне үзілді-кесілді тыйым салынады.
Ұйым объектілеріндегі жарылыстың, аварияның, қираудың, өрттің және басқа да жағдайлардың нәтижесінде зардап шеккен адамды (зардап шеккен адамдарды), жоғалған адамды (жоғалған адамдарды) іздеудің тоқтатылуын арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия авариялық-құтқару бөлімшесі басшысының және сарапшы мамандардың қорытындысы негізінде айқындайды.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу
1. Жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің және ұйым бөлімшесінің басшылары, сондай-ақ ұйым қызметкерлерінің өкілдері қол қояды және оны жұмыс беруші бекітіп, ұйымның мөрімен расталады.
2. Улану жағдайларында жазатайым оқиға туралы актіге халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілі де қол қояды.
Егер жұмыс беруші жеке тұлға болса, жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған жұмыс беруші қол қояды және нотариалды түрде расталады.
3. Акт тергеп-тексеру материалдарына сәйкес ресімделуге тиіс.
Егер өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия зиянның туындауына немесе ұлғаюына өрескел абайсыздық себеп болғанын анықтаса, онда комиссия тараптардың аралас жауапкершілігін қолданып, қызметкер мен жұмыс берушінің кінәсін процентпен айқындайды.
Егер жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның бір мүшесі комиссияның (көпшіліктің) қорытындысымен келіспейтін болса, ол өзінің дәлелді пікірін тергеп-тексеру материалына қосу үшін жазбаша түрде ұсынады. Ол арнайы тергеп-тексеру актісіне»"ерекше пікірге қара" деген сілтеме жаза отырып, қол қояды.
Әрбір жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін жұмыс беруші үш күннен кешіктірмей зардап шеккен адамға немесе оның сенімді адамына жазатайым оқиға туралы актіні беруге міндетті, актінің бір данасы жұмыс берушімен тиісті шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымына, ал екіншісі - мемлекеттік еңбек инспекциясына қағаз және электронды жеткізгіште жіберіледі.
Улану жағдайында актінің көшірмесі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға да жіберіледі.
Тергеп-тексеру нәтижесімен келіспеген немесе жазатайым оқиға туралы акт уақтылы ресімделмеген жағдайда, зардап шеккен адам немесе оның сенім білдірген адамы, ұйым қызметкерлерінің өкілі жұмыс берушіге жазбаша түрде жүгінуге құқылы, жұмыс беруші олардың өтінішін он күн ішінде қарап, тиісті шешім қабылдауға міндетті.
Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, ресімдеу және тіркеу мәселелері бойынша жұмыс берушінің, қызметкердің және мемлекеттік еңбек инспекторының не қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектордың арасында туындаған келіспеушіліктерді тиісті жоғары тұрған бас мемлекеттік еңбек инспекторы бағыныштылық тәртіппен қарайды және (немесе) сот тәртібімен қаралады.
Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мәселелері бойынша жоғары тұрған бас мемлекеттік еңбек инспекторының шешімі еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда қорытынды түрінде ресімделеді.
Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісі материалдарының көшірмелерін жұмыс беруші мемлекеттік бақылау органдарына жібереді. Оның үстіне, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін мемлекеттік еңбек инспекторы арнайы тергеп-тексеру актісі материалдары көшірмелерінің бір данасын жеті күн ішінде жергілікті ішкі істер органына жібереді, ол заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылдап, қабылданған шешім туралы жиырма күннен кешіктірмей хабарлайды.
Актімен ресімделген әрбір жазатайым оқиға өндірістегі жазатайым оқиғаларды және денсаулыққа келтірілген өзге де зақымдануларды тіркеу журналына жазылады. Журнал еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жүргізіледі. Еңбекке уақытша жарамсыздық және жарақаттану туралы алғашқы статистикалық деректер мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес беріледі.
Жұмыс беруші немесе оның өкілі уақыт өте келе ауыр зардаптарға немесе кісі өліміне әкеп соққан жазатайым оқиғалар санатына ауысқан өндірістегі жазатайым оқиғалар туралы тиісті мемлекеттік еңбек инспекциясына, ал сақтандыру жағдайлары туралы - сақтандырушының атқарушы органына (сақтанушы тіркелген жердегі) хабарлайды.
Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары ұйымда қырық бес жыл бойы сақталуға тиіс, ұйым таратылған жағдайда жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары міндетті түрде сол ұйым жұмыс істеген жердегі мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуға тиіс.
Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдарында тергеп-тексеру актісімен қатар:
1) зардап шеккен адамның еңбекті қорғау жөнінде оқығаны және нұсқама алғаны, сондай-ақ алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерден өткені туралы мәліметтер;
2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жауап алу хаттамалары және оқиға куәгерлерінің, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына жауапты лауазымды адамдардың түсініктемелері;
3) оқиға болған жердің жоспарлары, схемалары мен фотосуреттері;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын регламенттейтін нұсқаулықтардан, ережелерден, бұйрықтардан және басқа да актілерден үзінді көшірмелер, өндірістегі салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдардың міндеттері және басқалар;
5) зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымның сипаты мен ауырлығы (өлімге әкеп соққан себеп) туралы медициналық қорытынды;
6) зертханалық және басқа зерттеулердің, эксперименттердің, сараптамалардың, талдаулардың нәтижелері және тағы сол сияқтылар;
7) бас мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы (егер бар болса);
8) жұмыс берушіге келтірілген материалдық залал туралы мәліметтер;
9) жұмыс берушінің зардап шеккен адамға (отбасы мүшелеріне) оның денсаулығына келтірілген зиянды өтеу және жол берілген оқиғаға кінәлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы бұйрығы;
10) қоса берілетін құжаттардың тізбесі болуға тиіс.
13. Зардап шеккен адам немесе қызметкерлердің өкілі жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудің бүкіл материалдарымен танысуға және қажетті үзінді көшірмелер жасауға құқылы.
Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын бақылау
Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын, сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептерді жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары өз құзыреттері шегінде тексерулер жүргізу, азаматтардың шағымдарын, арыздары мен өтініштерін қарау және ұйымдарды тексеру арқылы жүзеге асырады. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептерді жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау аясында мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізетін тексерулер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика мен арнайы есепке алу туралы заңнамасына сәйкес тіркеуге және есепке алынбайды.
Әдебиеттер тізімі:
1.ҚР Конституциясы. 30.08.1995ж
2.ҚР Еңбек кодексі,2007ж.
3.Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше бір мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше екінші мемлекеттің азаматтары ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы келiсiмге қол қою туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 991 Қаулысы
4.Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым жағдайдан сақтандыру Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы №30-ІІІ заңы
5.«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктуралы»Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 314 Заңы
6.Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің 2011 жылғы «10» октября№ 46 бұйрығымен келісілген «Өнеркәсіп қауіпсіздігі мониторингін жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет