Лекция мақсаты: Студенттерге Еңбекті қорғау пәнін түсіндіру, еңбекті қорғау саласының міндеті мен қағидаларын оқытып үйрету


Бұл жүргізілетін саясат мына қағидаттарға негізделеді



бет8/33
Дата20.10.2022
өлшемі184,08 Kb.
#154054
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
Байланысты:
Еңбекті қорғау курс

Бұл жүргізілетін саясат мына қағидаттарға негізделеді:
· қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының кәсіпорынның өндірістік қызметінің нәтижелеріне қатысты артықшылығына;
· меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген өкілдің (жұмыс берушінің) толық жауаптылығына;
· еңбекті қорғау міндеттерін бұл мәселелер жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар негізінде кешенді шешуге және еңбекті қорғау саласындағы қызметті экономикалық және әлеуметтік саясаттың басқа бағыттарымен үйлестіруге;
· барлық кәсіпорындарға меншік пен шаруашылықты жүргізу түрлеріне қарамастан еңбекті қорғау саласында бірыңғай талап орнатуға;
· кәсіпорындарда еңбек қорғау талаптары мен қауіпсіздік техникасының барлық жерде орындалуы үшін мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға;
· еңбекті қорғау жөніндегі ғылымның, техниканың жетістіктері мен ұлттық және шетелдік озық тәжірибені кеңінен пайдалануға;
· қауіпсіз техника, технология мен жұмыс істеушілерді қорғау құралдарын, еңбекті қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын әзірлеу мен енгізуді ынталандыруға;
· мемлекеттің еңбекті қорғауды қаржыландыруға қатысуына;
· кәсіпорындардың еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге, ал қызметкерлердің – еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын сақтауға экономикалық мүдделілігіне;
· кәсіпорынның қызметін еңбекті қорғау тұрғысынан лицензиялауға;
· өндірістік мақсатқа қолданылатын өнімнің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сертификаттауды өткізуге;
· мемлекеттік сараптама органдарының тікелей жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын, сондай-ақ жаңа салынатын және қайта жаңғыртылатын кәсіпорындардың жобаларындағы өндірістің қауіптілігі мен зияндығын бағалауға;
· меншік иесі қаржысы есебінен қызметкерлерді арнаулы киіммен және аяқ киіммен, жеке қорғану құралдарымен, емдеу алдын-алу тамағымен қамтамасыз етуге;
· өндірістегі әрбір жазатайым жағдайды және әрбір кәсіби ауруды тексеру мен есепке алудың міндеттілігі, өндірістік жарақаттың, кәсіби аурудың деңгейі туралы және еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі шаралар туралы қызметкерлердің хабардарлығын қамтамасыз етуге;
· өндірістегі жазатайым жағдайда немесе кәсіби аурудан зардап шеккен қызметкерлердің мүдделерін әлеуметтік қорғауға;
· жоғары және арнаулы орта оқу орындарында енбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы жөнінде мамандар даярлауға;
· еңбекшілердің, жұмыс берушілердің өкілетті ұйымдарының, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындар мен жеке адамдардың еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған қызметін барынша қолдауға негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет