Қозғалысты координаттық формада сипаттау. Нүктенің қозғалысы кезінде оның координаттары (x1=x, x2=y, x3=z) уақыт озған сайын өзгереді, яғни, уақыттың қайсыбір функциясы болып табылады. Қозғалысты сипаттау – демек, осы функцияларды көрсетіп беру:
(1)
Қозғалысты векторлық формада сипаттау. Нүктенің қозғалысы кезінде оның радиус-векторы үздіксіз өзгеріп тұрады. Оның соңы (ұшы) траекторияны сипаттайды. Қозғалыс бейкоординаттық формада беріледі:
= (t). (2)
Қозғалысты траектория параметрлері көмегі арқылы сипаттау. Егер траектория берілген болса, онда ендігі мақсат оны бойлай жүретін қозғалыстың заңын көрсетіп беруге әкеп соғады. Траекторияның қайсыбір нүктесі бастапқы деп алынсын, ал кез келген басқа нүкте бастапқы нүктеден оны бойлай S қашықтығымен сипатталады:
(3)
Орын ауыстыру векторы. = (t+ t) – (t) орын ауыстыру векторы сандық жағынан соңғы және бастапқы нүктелердің арасындағы ара қашықтыққа тең болып, бастапқыдан соңғыға қарай бағытталған және материялы нүкте t және t+ t мезеттерінде болған траектория нүктелерін жалғастырады (1 Сурет).
1 Сурет.
Жылдамдық. Орташа жылдамдық векторы екі нүкте арасындағы орын ауыстыру кезінде вектор ретінде анықталады (1 Сурет):
(4)
Достарыңызбен бөлісу: |