Лекция. Мемлекеттік құрылым түрлері Мемлекеттерді басқару формасына қарай топтастыру Мемлекеттерді әкімшілік-террияториялық қарай топтастыру



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі21,17 Kb.
#89385
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
3 лекция

Монархия - бұл басқару формасында, жоғарғы мемлекеттік басқару монархтың колында, ол ұрпақтан- ұрпаққа беріледі ( король, император, шах, сұлтан, әмір).
Монархияның 2-түрі бар: абсолюттік және конституциялық.
Абсолюттік монархиялық елдегі монархтың билігі шексіз. Мұндай елдер жер шарында азғантай ғана: Бруней, БАӘ, Оман, Катар. Бірақ Абсолюттік монархиялық ел дегенге қарамастан парламенттер пайда болды, олардың бар қызметі байланыстық жүйе функциясын атқару, мысалы Бруней сұлтаны 32 мүшесі бар Заң шығару Кеңесін кұрды, БАӘ Федералдық Ұлттық Жиын, 40 мүшесі бар
Теократия - бұл басқару жүйесінде мемлекет басшысы (әдеттегі монархиялық) сонымен қатар оның діни басшысы болады.
40-тан астам мемлекет конституциялық монархия. Бұл мемлекеттердегі монархтың билігі заң шығару функцияларына ие парламентпен шектелген.
Конституциялық монархиялық елдердің жартысынан көбі бұрынғы Британ отарлары, бүгінгі күні Британ Ұлттар Бірлестігінің кұрамына кіреді. Факт бойынша олар тәуелсіз ел болғанымен, іс жүзінде бүл елдерді Ұлыбритания ханшайымы басқарады . Олардың арасында мынадай ірі мемлекеттерде кездеседі: Канада, Австралия, Жаңа Зеландия. Конституциялык монархиялық елдердің ел басшысының кұқығы өте шектеулі, олар тек «мемлекет пен халық бірлестігінің символы» ретінде карастырылады (мысалы, Жапон Конституциясында осылайша жазылған)
Мемлекеттерді әкімшілік- территориялық формасына қарай 3-ке белуге болады унитарлық, федеративтік және конфедеративтік.
Ең көп таралған формасы унитарлық мемлекет, онын ішінде унитарлық-монархиялық елдерде бар, мысалы: Жапония, Швеция, Норвегия, Дания, Сауд Аравиясы, Марокко, т.б. Ал унитарлық республикаларға Франция, Италия, Болгария, Финляндия, Польша, Сирия, Турция, Куба т.б. жатады.
Унитарлық мемлекет - бұл елдерде бір конституция, бір заң шығару және орындау үкіметі бар.
Әкімшілік - территориялық құрылым басқару формасы - федерация. Дүние жүзінде федеративті мемлекеттер өте көп, онын ішінде ірілері Ресей, Канада, Бразилия, АҚШ, Аргентина, Мексика, Индия, ФРГ, Нигерия, Венесуэлла, Австралия, т.б.
Федеративтік мемлекеттер - әкімшілік- территориялық кұрылымы бір және басқарылуы орталықтандырылған жалпы мемлекеттік конституциялық заңы бар, жеке штаттардан, провинциялардан, республикалардан және жер бөліктерінен тұрады. Әркайсысының конституциясы, заң шығару және аткарушы сот органдары болады. Федеративтік кұрылым көп ұлтты мемлекеттерге тән. Бұл мемлекеттер сепаратизм мен ыдырау қаупі төнген елдер, мысалы: бұрынғы КСРО, Югославия, Чехословакия. Активті сепаратизм Индияда, Канадада, Нигерияда, т.б. федерацияларда айқын көрініп тұрады.
Мемлекеттердің әкімшілік территориялық кұрылымының үшінші формасына конфедерация жатады.
Конфедерация - бұл форманың кұрамына кіретін мемлекеттер өз егемендігін сақтайды, өздерінің басқару орталығы бар, әкімшілік бірлестік коғам құрайды. Бүгінгі күнгі саяси карта бетінде конфедерациялық ел жоқтың қасы. ІІІвецария 1291 жылы конфедерациялық үш контоннан кұрылған мемлекеттік форма қалыптастырды, бірақ 1874 жылы конституция қабылдануына байланысты бірлестік мемлекеттен біріккен мемлекет кұрды және Швецария конфедерациясы сакталды. Бүгінгі Швецария кұрамына 23 кантон кіреді, басқарылу жүйесі- парламенттік республика.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет