Лекция мәтіндері шымкент глоссарий


-тақырып. Қазақ тілі лексикологиясын оқыту әдістемесі



бет41/58
Дата22.10.2022
өлшемі281,41 Kb.
#154571
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   58
Байланысты:
КТОМ леция мәтіндері 22-23

9-тақырып. Қазақ тілі лексикологиясын оқыту әдістемесі
1. Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясын оқытудың мақсаты мен міндеттері.
2. Берілетін білім мазмұнының көлемі мен мөлшері.
3. Сөз және оның түрлі мағыналарын талдай білу дағдылары.
4. Лексикалық ұғымдар және оларды меңгертуде қолданылатын әдіс-тәсілдер.
5. Лексикалық норма. Оқушылардың сөздіктермен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру.
6. Фразеологияны меңгерту барысында ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін таныту.
7. Лексика мен фразеологияны оқытуда көрнекі құралдарды, сөздіктер мен қосымша әдебиеттерді пайдалану жолдары.

1. Мектептегі қазақ тілі пәнінің лексикология бөлімі оқушыға тілдің ғылыми негіздері жөнінде толық, аяқталған сипаттағы тұтас білім беру көзделеді.


Қазақ тілінің сөз байлығын лексикология ғылымының заңдылығына байланысты зерттегенде, біріншіден, мән-мағынасын, екіншіден, шығу тегін, үшіншіден, қарым-қатынас жасаудағы қолдану аясын, төртіншіден, экспрессивті-стильдік қызметін жан-жақты тексереді. Сондықтан лексикология «сөз туралы сөз», сөздердің бүтін жиынтығы жайында ғылым екендігін ұғындыру.
Қазақ тілінің лексикасы оқытудың мақсаты – оқушының тіл туралы түсінігін кеңейту, тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметін таныту, оқушылардың қазақ тілі пәнінен білімдерін тереңдету, әдеби тілдің лексикалық, грамматикалық нормаларын меңгерту, тілдік жағдаятқа сай қарым- қатынас жасауға дағдыландыру, оқушылардың оқу материалын тиянақты игеруіне, алған білімді ұқсас және жаңа жағдайда қолдана білуге үйрету, сөз мағыналарын зерттеу.
Қазақ тілінің лексикасын оқытудың міндеттері:
• білімді дара тұлғаға бағдарлау (бейімдеу, дамыту, психологиялық үйлесімділік, өмірлік қажеттілік);
• тілдік білімді функционалдық тұрғыдан сұрыптау;
• оқушыны зейінді ұстау;
• пәнаралық байланысты сақтау;
• әрекетшілдік-бағдарлылық ұстанымы (әрекетке үйрету, оқу жағдаятындағы әрекеттен өмірлік жағдаяттық әрекетке көшу, оқу танымдық әрекеттен оқушының өзіндік әрекетіне көшу);
• алынған білімді бекіту және өзін-өзі бақылау ;
• өздігінен білім алуға үйрету функциясы. 
Қазақ тілін оқыту методикасы – мектепте оқылатын қазақ тілі материалдарын практикалық тұрғыдан оқушыларға саналы түсіндіретін ғылым саласы. Мектеп бағдарламасында лексиканы оқыту мәселесіне тоқталар болсақ, лексика тіліміздегі сөз байлығын тексеретін ғылым саласы. Қазақ тілін оқытумен байланысты, атап айтқанда, фонетика, морфология,синтаксисті оқыту сөзден тыс қарастырылмайды. Тіліміздегі сөздер тіл дыбыстары арқылы, морфология сөздің лексикалық,, грамматикалық мағынасына қарай, ал синтаксис сөздердің мағыналық, әрі грамматикалық байланысына қарай көрінеді.
Демек, лексиканы оқытудың білімдік, танымдық маңызы тіл білімі туралы ұғымды терең меңгертумен қатар тілдің ең кіші бөлшігі – сөздің фонетикамен, морфологиямен, синтаксис және стилистикамен байланысын түсіне білуге, яғни, бүкіл тілдік жүйені меңгерумен орай оқушының ана тілі арқылы көзқарасының қалыптасуына мүмкіндік жасайды.
Лексиканы оқытудағы қойылатын талаптар оқушыларды дұрыс сөйлеу, ойын жеткізіп, айта білуге тәрбиелейді.Тура және ауыспалы мағналы сөздерді, оның ішінде ауыспалы мағналы сөздерді айыра білуге содықтан лексика бөлімінің материалдарын жаңа білім беруге байланысты да, пысықтаумен байланысты да осы айтылғандарды ескеріп отыру қажет.
Осы саланы зерттеуде профессор Қ.Жұбановтың, академик І.Кеңесбаевтің, Ғ.Мұсабаевтың, Ә.Болғанбаевтың, Ғ.Қалиұлының көптеген зерттеу жұмыстары нәтижелі болды. Бұл қазақ тілі лексикасының біршама жетілген сала екендігін көрсетеді. Дегенмен лексика мен лексикология терминдерінің синонимдік қолданылуы лексикалық зерттеу объектілерін жүйелі қарастыруда біршама қиындық туғызады. Ғалымдардың пікірінше, лексика терминін лингвистиканың негізгі салаларының бірі деп танып, оның ғылыми объектілерін содан шығатын жүйе деп білу методикалық тұрғыдан тиімді болар еді. Ал лексиканы оқыту әдістемесі аз зерттелген сала. Алайда осы саланы зерттеуде орыс ғалымдары А.А.Текучевтің және М.Т.Барановтың зерттеулерінен методикалық бағыт алуға болады. Қазақ ғалымдарынан 1965 жылдан бастап қазақ тілін оқыту методикасына үлес қосқан Б.Кәтенбаеваның "Сөз құрамын” оқыту (1968), А.Айғабыловтың "Лексиканы оқытудың кейбір мәселелері” сияқты еңбектерін атауға болады.
2. Н.А.Купина сөйлеуге үйрету үдерісінде ең маңызды орын алатын материал – лексика деп есептейді. Белгілі бір тілді меңгеру үшін лексиканы оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Адам қай тілде сөйлегісі келсе де, сөздік қордан өзіне қажетті лексикалық тұлғаларды білмесе, біріншіден, айтайын деген ойын жеткізе алмайды, екіншіден, басқа біреудің айтқан сөзін, ойын түсінбейді. Демек, адам сөйлесу, пікірлесу үшін тілдік қолданысқа керекті лексикалық құралдарды үйренбесе, тілдік қатынас та жүзеге аспайды.
Сөз мағынасын, мәнін игеру арқылы баланың ұғымы да кеңейеді. Сол мағына ұғымдарды бір-бірімен байланыстырып, қарым-қатынасқа түсіру арқылы ойы дамиды. Соның нәтижесінде, өз ойына байланысты сөздерді лайықты қолдана білу дағдысының қалыптасуы арқылы сөздерді мағынасына орай қолдана білу икемділігі де артады.
Оқушылардың сөйлеуде біршама лексикалық қоры болғанымен, олардың бәрінің бірдей қолданылуын игере бермейді. Сөздің қатысымдық әрекет түрлеріне байланысты қолданылуын игермеу сөйлеудің түрлеріне байланысты лексиканы қолдану икемділігі мен дағдысының қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Мәселен, синоним, неологизм, көнерген сөздер мен диалект, термин сөздердің қолданылу ерекшеліктерін әдеби тіл стильдерінсіз игере алмайды. Ауызекі сөйлеу мен кітаби стильдердегі лексиканың қолданылу ерекшеліктерін меңгермей, олар бойынша мәтін құрастыра білу икемділігін дамыту мүмкін емес. Баланың тілін дамыту үшін лексикалық құралдардың құрылымдық-теориялық мәліметімен бірге, қарым-қатынаста қолданылу ерекшелігі туралы білімі мен дағдысын қалыптастырып, икемділігін арттыру қажет. Мәселен, синонимді оқытқанда, оның мәндес сөздер екендігі үйретілумен бірге кітаби, әдеби тіл стильдері түрлеріне байланысты да сөйлеудегі қатысымдық ерекшеліктері меңгеріледі. Ол функционалды стиль түрлеріндегі мәтіннің тілдік құралдарының ерекшеліктері ретінде игертіледі.
Жеке сөздердің мағынасы, мәні, тіркесуі, қолданылуы қарым-қатынас жасау мақсатымен немесе сөйлеу міндетімен байланысты түрде игертіледі. Мәселен, Н.М.Шанский: «теоретическое сведения по лексике (отобранные с учетом принципа научности) должны быть представлены в такой форме и обьеме, которые необходимы учащимся для выроботки определенных речевых действий», деген пікірі орынды. Баланың сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын дамыту үшін сөздің мағынасын игеру мен оның сөздік қоры жеткіліксіз болып қалады. Сондықтан сөздерді өз тәжірибесінде қолдана білуге жаттықтыру қажет.
Сөздердің тілдік нормаға орай қолданылуын үйрету арқылы тілін дамыту жұмысы мына бағытта қарастырылады: 1) сөз мағынасы, мәніне байланысты қолдану дағдыларын қалыптастыру; 2) сөздерді стильдік мақсатта қолдануға жаттықтыру;
Лексика бойынша берілетін білімнің мүмкіндік деңгейлері мынадай:
- лексикалық терминдерді дұрыс қолдану, лексиканың тіл білімі салаларымен байланысын, орнын ажырата алу
- ауыспалы мағыналы сөздерді дұрыс қолданып, олардың өзара қарым-қатынасын тани білу;
-синоним, антоним, омоним сөздердің ерекшеліктерін, өзара байланыстылығын түсіну, сөздерді мағыналық сипаттарына қарай ажыратып, топтай білу;
-синоним сөздердің эмоциялық-экспрессивтік мәнін ажыратып, олардың қолданыстағы орнына қарай синонимдес, антонимдес сыңыраларын да ажырата білу;
- сөздік құрам тармақтарының өсу, толығу жолдарын саралап, тілдің қоғамдық-әлеуметтік сипатын тани білу;
- диалект сөздердің тіл мәдениетіне қатысын тани отырып, әдеби тілдің толысуындағы диалект сөздердің рөлін білу, диалектілердің пайда болу жолдарын түсіне алу;
- көнерген сөздер мен этнолингвистиканың арақатынасын саралай білу, көнерген сөздердің қазіргі кездегі қолдану ерекшелігін дұрыс түсіну;
- термин сөздер арқылы ұғымдарды дәл атап, ғылыми стиль талаптарына сай қолдана алу және терминдер мен кәсіби сөздердің ерекшеліктерін білу;
- сөздік құрам тармақтарының баю, толығу жолдарын саралап, тілдің қоғамдық-әлеуметтік сипатын тани білу;
- неологизм сөздерді дұрыс қолдану және олардың тілдегі орнын түсіну, неологизмдердің жасалу жолдарын білу.
Лексика саласын меңгергеннен кейін:
• сөздің мағыналарын айыра біледі, оларды сөйлеу тілінде еркін қолданады;
• сөздік құрам түрлерін меңгереді, контекстегі қолданылу ерекшеліктерін талдайды, ауызша және жазбаша жанрларда шығармашылықпен қолданады;
• жаңа сөз тудырудың тәсілдерін біледі, оларды бір-бірінен ажырата алады;
• тілдік ұғымдардың мәнін ашатын диаграммалар, кестелер құрастырады, оны таратып түсіндіреді.
• өз бетімен оқи білуі, түсінуі және түрлі мәтіндерді талдай білуі тиіс. Қажетті ақпаратты ала білуі және оқығандарына баға бере білуі тиіс:
• мәтіннен өзіне қажетті ақпаратты іріктейді, оларды тілдік қатынаста мақсатқа сай саралап, еркін қолданады;
• оқыған мәтіндеріне сапалық жағынан талдау жасап, өзінің берген бағасын дәйектеп айтады, тақырыпқа сәйкес жоба-жоспар жасап, мәтін құрайды.
• сөздердің синонимдік, антонимдік, омонимдік, көпмағыналылық сипатын жанр түрлеріне қарай айырып, таңдап қолданады;
• әдеби нормамен монолог, диалог түрінде пікірлеседі.
3. Сөз және оның түрлі мағыналарын талдауды лексикалық талдау деп те жүрміз. Төменгі сыныптар лексикалық талдаудың түрі жүргізіледі:

  1. Сөйлемді оқы, ондағы өзің қалаған сөздің қандай мағынаны білдіріп тұрғанын анықта.

  2. Сол сөздің сөйлемде кандай мағынада жұмсалып тұрғанын анықта (тура ма, әлде ауыспалы ма)

  3. Мүмкіндігіне қарай, сөздің синонимін, антонимін, омонимін тап

  4. Сөздің қазақ тілі сөздік құрамының қай тармағына жататынын дәлелде.

Талдау үлгісі:
Аманның жылы сөздері ерекше әсер етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет