Лекция мәтіндері шымкент глоссарий



бет6/58
Дата22.10.2022
өлшемі281,41 Kb.
#154571
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
КТОМ леция мәтіндері 22-23

Сарсен Аманжолов жалпы тіл білімі мен қазақ тіл білімінің теория негізін қалыптастыруда А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов бастаған ғыл. жұмысты ілгері жалғастырды. Ол жазған қазақ тілі оқулықтары мен бағдарламалары ана тілін оқытуды ғылыми жолға қоюға елеулі ықпал етті. 
Еңбектері:

  • ІV жылдық тіл кітабы, А, 1932;

  • Қазақ Совет фольклоры, А., 1935;

  • Қазақ тілінің грамматикасы, І б. (фонетика мен морфология), А., 193819391940;

  • Қазақ тілінің грамматикасы, ІІ б. (синтаксис), А., 19391997;

  • Орыс алфавитіне негізделген қазақтың жаңа алфавиті мен орфографиясы, А., 1940;

  • Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы, І б., А., 1950, 1994;

  • Русско-казахский словарь в 2-х т., А., 1946;

  • Вопросы диалектологии и истории казахского языка, А., 1959, 1997;

  • Қазақ тілі теориясының негіздері, А., 2002;

  • Тіл және жазу, Өскемен, 2005.

Басымов Қажым – мәдениет қайраткері, қажырлы педагог, профессор қазақ мектептері мен институттарын өркендетушілердің бірі. Оқыту әдістеріне байланысты «Грамматика оқыту жөнінде », « Емле сөздігінде негізгі тиянақ керек», « Қысқарған сөздерді дұрыс жаза білейік », «Түрлі-түсті сөздерді» деген мақалалары бар.
Бегалиев Ғали – әдістеме ғылымына өзіндік үлес қосқан ғалым.
«Бастауыш мектептегі қазақ тілінің методикасы »(1940), «Әріп, дыбыс, буын», «Бастауыш мектепке бірнеше класты бір уақытта оқыту туралы»(1950), «Грамматика таблицалаларына нұсқау.» «Қазақ мктептерінің 4 класы үшін мұғалімдерге көмекші құрал» (1959) сияқты әдістемелік еңбектері бар.
Сарыбаев Шамғали – қазақ тіл білімі корифейлерінің ізін басқан ғалым. «Түрліше жазылатын бір мәнді сөздер туралы», «Емле жүйелері», «Сызықшаның бастауыш пен басқа мүшелер арасында жазылатын орындары», «Грамматикалық мағына деген не?», «Табыс жалғауының тасалануы», т.б. ғылыми мақалалары жарыққа шықты. «Қазақ тілі әдістемесінің кейбір мәселелері» кітабы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет