699 жылы Жетісудағы түргеш тайпаларының көсемі Үшелік Батыс түрік
қағанатындағы Қытай императорының қолшоқпарын шеттетіп, билікті өз
қолына алады. Түргештер Шу-Іле өзендерінің арасындағы аумақта, Батыс
Түрік қағанатының батыс бөлігін мекендеген және Жетісудан өтетін керуен
жолының маңызды бөлігін бақылауында ұстаған тайпа еді. Олар іле қара
түргештері және Шу сары түргештері болып екіге бөлінген.
Үшелік қаған Түргеш қағанатының ( 704-756 ) негізін қалады. Оның астанасы алғашқыда Суябта орналасты, кейін Таразға ауысты. Түргештер осы аймақта өз ықпалын орнатуға ұмтылған қытайлармен, арабтармен үздіксіз
күрес жүргізді. Бұл кезеңге дейін арабтар Иран, Ирак, Сирия, Палестинаны
жаулап алды да, Батыс түрік қағанатының қарсылығын жеңе отырып, оның
оңтүстік бөлігін Араб халифатының құрамына қосып алды. Қағанаттың
оңтүстік аймақтарына арабтардың енуімен бірте-бірте ислам діні де тара-
ла бастайды.
Түргеш қағанаты Іле қара түргештерінің көсемі Сұлық (Сұлу) қағанның билігі тұсында күшейе бастаған. Сұлық дипломатиялық саясатты белсенді жүргізеді. Ол Түргеш қағанатына одақтас мемлекеттердің қатарын көбейту мақсатында Шығыс Түрік қағанаты қағанының қызына, сондай-ақ Тибет патшасының қызына үйленеді. Осындай дипломатиялық қадамдарының нәтижесінде Сұлық қаған Қытайдың агрессиясын уақытша болса да тоқтатады. Алайда, түргештер үшін зор қауіп Сұлықты өздерінің ықпалына
көндіруге тырысқан арабтардың тарапынан да төне бастаған еді. Бірақ Сұлық
қаған оларға қарсы табанды күрес жүргізгендіктен, арабтар оны Абу Муза-
хим (Сүзеген) деп атады.
VI-VIII ғасырларда соғдылардың Жетісу мен Қазақстанның оңтүстік ай-
мақтарына қоныс аударуы жүрді. Соғдылардың көшіп-қонуы халықаралық
сауданың дамуымен және Орта Азияда арабтардың ықпалының күшеюімен
тығыз байланысты болды. Арабтардың үстемдігіне кенгісі келмеген соғды-
лар Қазақстан аумағына қоныс аударып, мұнда арабтармен күресте түрік
тайпаларымен одақтасады. Соғдылардың қалаларға орналасуы мен жаңа
қоныстардың пайда болуы Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуда егіншілік
пен қала мәдениетінің дамуында елеүлі із қалдырды. Соғдылар жергілікті
түркілердің тілі мен әдет ғұрыптарын қабылдады. Егіншілік мәдениеттің,
сәулет өнерінің, қолөнердің дамуында олар аса үлкен рөл атқарды. Соғды
жазуының, буддизм мен діни бағыттағы сәулетшілік дәстүрдің таралуы және
қолөнерінің байытылуы соғдылармен байланысты болды. Соғдылардың
келуімен Жетісудағы түрік қағанаттары теңге шығаруды жақсы жолға қойды.
Теңгелерді түркі қағандарының атынан соғдылар соқты, бірақ теңгелердегі
жазу соғды тілінде жазылды. Түркі және соғды халықтарының өзара ықпалы
осылай жүріп жатқан еді.
VIII ғасырдың ортасында Жетісудағы ықпалын арттыру бағытында қытай-
лар мен арабтардың мүдделері тоғысты. Олардың ашық бәсекелестігі әске-
ри қақтығыстарға алып келді. 751 жылы шілдеде қытайлар мен арабтар арасындағы аса іpi Талас шайқасы болды.
Қытай әскерінің талқандалуында шешуші рөл атқарған қарлұқтар болды. Өйткені, арабтармен одақтасқан қарлұқтар, қытай әскерінің ту сыртынан күтпеген жерден күйрете соққы береді. Бұл шайқастың аса зор тарихи маңызы болды. Ол осы аймақтың ісіне Қытайдың араласу әрекетін және басқыншылық саясатын ұзақ уақытқа тоқтатып тастаған еді. Екінші жағынан, арабтардың Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігіндегі ықпалы күшейіп, ислам дінінің таралуына жол ашылды. Ол өз кезегінде, Тәңір діні мен түрік жазуының ығыстырылуына алып келді. Түрік тайпалары арасында ислам дінімен қатар араб жазуы да кең тарала бастады. Осылайша, Қытай мен арабтардың басқыншылығынан әлсіреген Түргеш қағанаты 756 жылы құлады.
Жетісудағы Түргеш қағанатының орнына Қарлұқ қағанаты келді. Қарлұқ қағанаты 756-942 жылдар аралығында тарих сахнасында болды. VIII ғасырға дейін қарлұқ тайлалары Батыс Алтай мен Тарбағатай аймағын мекендеген түркі тілдес тайпалар болатын. VIII ғасырда ұйғырлардың ығыстыруымен олар Жетісуға және одан әрі батысқа қарай қоныс аударып, Жоңғар Алатауынан Сырдарияның орта ағысына дейінгі, Балқаш пен Ыстықкөл аралығына қоныстанады. Қарлұқтардың көсемдері елтебер, жоғарғы билеушісі жабғы, ал 840 жылдан бастап қаған атағын иемденді. Қарлұқтардың тайпалық одағына бірқатар көшпелі және жартылай көшпелі түркі тілдес тайпалар, сондай-ақ түркіленген соғдылар кірді.