Саясат анықтамасын үш тұрғыда қарастыру кездеседі: 1. Әлеуметтік анықтама, саясат - қоғамдық өмірдің басқа салаларымен, көбінесе экономика арқылы сипатталынады. Экономикалық детерминизм теориясы саясат экономика өнімі, ол экономикалық мүдделер арқылы анықталынады дейді. Саясат пен экономика қарым-қатынасын қоғамдық өмірдің екі тең құқылы факторы ретінде қарау тиімді тұрғы болып саналады.
2. Саясатқа мәндік негіз арқылы анықтама беру, яғни саясат - билікпен байланысты сала, оны жеңіп алу, ұстап тұру, қолдануы. Саясатты билік арқылы анықтауда мемлекет ұғымы нақтылауға көмектеседі. Саясат пен мемлекет байланысы тығыз, бірақ саясаттағы мемлекеттік аспектіні абсолюттендіруге немесе жоққа шығаруға да болмайды. Саясаттың ақиқат мәнін мемлекет бейнелейді;
3. Саясаттың қызметтік анықтамасы, саясат - қоғамдағы адамдардың қарым-қатынасына тәуелді, сондықтан ұйымдастыру және реттеу қызметтерін атқарады.
Саясат туралы тұжырымдар Ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель «саясат» сөзін мемлекеттік қызметпен байланыстырды. Аристотель саясаттың мақсаты жалпының мүддесі болатын мемлекеттік құрылыс формалары дұрыс деп санаса, Платон саясат бірге өмір сүру өнері деп санады.
Н.Макиавелли саясатты «билікке келуге, ұстап тұруға, пайдалануға көмектесетін құралдар жиынтығы» деп есептеді.
М. Вебер саясат, бұл «билiкке қатысуға ұмтылуды немесе билiктi бөлуге ықпалды бiлдiредi, ол мемлекеттер арасында, мемлекеттiң өз iшiнде, адамдар топтары арасында болуы мүмкiн». Кім саясатпен айналысса, сол билікке ұмтылады деп санады.
Д.Истонсаясатты қоғам ішінде құндылықтарды бөлу үстемдігі деп түсіндірді.
В.И. Ленин саясат, «қоғамдағы таптар арасындағы қатынас саласы, олардың мемлекетке қатынасы, билеуші таптың экономикалық мүддесін бейнелеу құралы» деп санады.