Отбасының түрлері мен құрылымы
Социологияда отбасының құрылымы былайша анықталады:
1) оның мүшелері арасындағы қарым - қатынастар жиынтығы;
2) рухани, ізгіліктілік қарым - қатынастар жүйесі;
Туыстық құрылым бойынша отбасы былайша бөлінеді:
1) нуклеарлы отбасы (балалары бар ерлі - зайыпты жұп);
2 (кеңейтілген отбасы (балалары бар отбасы және күйеуінің не әйелінің сол үйде бірге тұрып жатқан туысы).
Жұбайлар арасында билікті бөлу құрылымы бойынша келесі отбасыларды бөлуге болады:
1) эгалитарлы – тең құқықтылыққа негізделген;
2) авторитарлы – басты шешімді күйеуі (әйелі) қабылдайды.
Балалар саны бойынша – көп балалы, балалар саны орташа, аз балалы, баласы жоқ отбасы болып бөлінеді.
үй міндеттерін бөлу сипаты бойынша – дәстүрлі отбасы (міндеттерді көбінесе әйелі атқарады) және ұжымдық отбасы (міндеттер бірлесіп не кезекпен атқарылады) болып бөлінеді.
Бос уақытты өткізу сипаты бойынша ашық отбасы (араласуға және мәдениет индустриясына бағдар алған) және жабық отбасы (бос уақытты үй ішінде өткізуге бағдарланған) болып бөлінеді.
Европалық отбасы әйелдің жұмыс бастылық деңгейінің жоғары болуымен, ажырасу деңгейінің жоғары және бала туу деңгейінің төмендігімен сипатталады. Ортаазиялық отбасыға, керісінше, әйелдердің жұмысбастылық деңгейінің төменірек болуы, бала туу деңгейінің жоғарылығы және ажырасу санының төмен деңгейде болуы тән. ТМД-ның бірқатар елдерінде – Қазақстанда, Закавказьеде отбасының аралас түрлері кездеседі.
Неке - әйел мен еркектің арасындағы қарым-қатынасқа рұқсат беретін әлеуметтік нормалар жиынтығы, сондай-ақ олардың отбасы мен отбасы тобының өмір сүруі үшін қажет өзара құқықтары мен міндеттерінің жүйесі түріндегі әлеуметтік институт.
Кейбір нормалар, құқықтар мен міндеттер заңды сипатта болады және заңнамамен реттеледі. Заңмен бекітілген нормаларға мүлікті иелену жөніндегі мәселелер, некені бұзумен байланысты бірқатар құқықтық проблемалар жатады.
Некеге отырудың ең төменгі жасы, неке бұзудың заңды негіздерінің тізімі де құқықтық реттелуге жатады. Олардың қатарына:
- көңіл білдіру, некеге отыратын жұп таңдау және некеге дейінгі мінез - құлық нормалары;
- жұбайлар арасында билік пен міндеттерді бөлу нормалары, олардың бейформалды байланыстарына қатысты жұбайлардың күту нормалары;
- отбасының экономикалық жағдайы үшін өзара жауапкершілік;
- бала тәрбиесі, отбасылық демалыс нормалары жатады.
Некеге отырудың нақты жас шамасы да, ажырасу барысында, ажырасқаннан кейінгі кезеңдегі қарым - қатынас сипаты да моральдық реттелуге жатады.
Азия мен Африканың көптеген елдерінде ата-анасымен келісіп некеге отыру, келін үшін қалыңмал беру және т.б. дәстүрлер сақталған.
Неке қию салтанатын өткізу шаралары бойынша азаматтық және шіркеулік неке қию болып бөлінеді.
Кейде некеге нақты некені немесе бірге тұруды жатқызады (яғни, заңда қаралған тәртіпте ресімделмейтін ерлі-зайыптылар қарым-қатынасы). Бірқатар елде кейбір әлеуметтік топтардың, негізінен жастар мен қала тұрғындарының нақты некеде болуы көбейіп келе жатқаны байқалады.
өз құрылымы бойынша некелер Европа мен Америка елдеріне тән моногамды және Азия мен Африка елдеріне тән полигамды болып бөлінеді. Бірлескен өмірлерінің алғашқы жылдарында некені бұзу деңгейінің жоғары болуы мазасыздық тудырып отыр; ажырасудың шамамен 40%-ы жұбайлардың бірлескен өмірінің алғашқы 4 жылында болады.
Достарыңызбен бөлісу: |