Лекция сабақтарының толық мәтіні Мәдениет теориясының жалпы мәселелері. 1 тақырып. Мәдениет-күрделі қоғамдық құбылыс


Мұсылман Ренессансы және түрік халықтарының мәдениеті



бет18/20
Дата23.11.2022
өлшемі69,44 Kb.
#159561
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
лекция мадениет (1)

Мұсылман Ренессансы және түрік халықтарының мәдениеті.
Шығыс Ренессансының талай елдерді қамтыған 500 жылдай өркендеген типі мұсылмандық мәдени өрлеу дәуірі болды. Оның Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн-Сина, Фердоуси, Ж. Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, Омар Хайям сияқты өкілдері болды.
Арабтар 712 жылы Орта Азияны жаулап алады, енді орта мәдениет қалыптаса бастады. Ислам діні келді, 985 жылы Қарахандар мемлекеті ресми дін деп жариялады. Мәдениет екі бағытта дамыйды 1-ші Платон, Аристотель сияқты грек философтарына сүйенген дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы, Отырар қаласында туған Абу-Насыр Мұхаммед Әл-Фарабидің көзқарасы, оның ұлылығына оның өз отанының мәдени көңіл-қалпына ирандық, үнділік және антикалық мәдениеттерді ұштастыра білуі. Мәдениет туралы айтқаны:
Хақиқат-бір Алланың ақиқатын дәлелдеу.
Шариғат-мұсылманның тұрмыс-салт заңдары.
Тарихат-аллаға қызмет еткен әулиелер өмірі.
Мағрифат-білімділік, парасаттылық идеялары.
Бұл шығармалар-әдеп жолын меңгеру деп түсіндірілді. Әдепті адам ілімінің Әл-Фараби өзіне тән гуманистік тұрғыдан қарайды. Ол адамның 1-ші қасиеті парасаттылық-деп есептейді. Оның шығармаларында кездесетін адамды «хайуани ақли» (ақылды жан) деп анықтау кейінгі еуропалық түсініктемеде Homo sapienske сабақтас. Мәдениетті адам тәрбиелеу-жәйлі көптеген еңбектер жазған: «Ақылдық мәні жәйлі», «Бақытқа жету жайлы».
Шығыс Ренессансы туралы сөз еткенде оның тағы бір бастауы сопылық бағыт ( суфизм) жөнінде айтпай кетуге болмайды. Қазақстан жеріндегі ұлы ғұламалар: Ж. Баласағұн, Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Иассауи шығармаларында сопылық сарын үлкен орын алған. Сопылық бағыт ислам әлемінде о баста ресми дінге қарсы оппозициялық қозғалыс ретінде туады. «Суфь»- термині арабтың “жүн шекпен» деген сөзінен алынған. Сопылар-киім талғамайтын, бар ойы руханилық жайлы ойлайтын таңда адамдар. Сопылық бағыттың таралуының бір себебі- әуелде ой бостандығының болуы 10 ғасырда фанатиктер көбейді, құранға қарсы деп әртүрлі ағым өкілдері қуғынға ұшырады. Иран, түрік, үнді көне мәдениеттерін Алла сөзіне жат,-деп жарияланады. Иран, Араб жерінен көптеген сопылар Түркістан жеріне қарай ығысады. Сопылар құдайды парасатпен емес жүрекпен сезіну керек деп жариялайды. Осы бағыттың көрнекті өкілі кейін мұсылман пірілерінің біріне айналған-Қожа Ахмет Иассауи болды. Еңбектері «Диуани Хикмет» 63 жасында жер астына кетеді, себебі “пайғампар жасынан асып жер бетінде жүру мен үшін күнә” - деп есептеді.
Ақсақ Темір Ахмет Иассауиге ғимарат тұрғызады. Ахмет Иассауи туралы Ы. Алтынсарин берген бағасын келтірейік:
Имам Ағзам
Имам Мәлік
Имам Шафиг
Имам Ахмед Яссауи.
Бұл төртеуі шариғат мәнісін толық тексеріп, халыққа түсіндіріп берді.
Есімдері әлемге белгілі Омар Хайям, Сағди, Хафиз, Низами, Руми тәрізді ақындар сопылықтың идеяларын пайдалынып, ғажайып дастандар жазған.
Сопылық бағыттағы 2-ші бағыт гуманистік идея-ғарыш пен адамның тұтастығы.
3.Қазақстан жеріндегі Ренессанс көріністерінің бірі-Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі», бұл еңбек энциклопедиялық шығарма-философиялық тәлімдік шығарылды. Дастан 10-11 ғасыр Жетісу жеріндегі тайпалардың салт-дәстүрі жайлы.
Махмұд Қашқари (ХІғ) Диуани лұғат ат-түрік (түрік сөздігінің жиынтығы) атты туындысы бар, түрік мәдениетінің өркениетке қосқан жетістігі, түркі тайпаларының мәдениеті жайлы. Махмұд Қашқариды халық эпосын жазбаша түрік мәдениетінде алғашқы зерттеген ғұлама деп бағалауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет