Лекция та қ ырыбы: «Қр сот және сот төрелігі»



бет1/3
Дата11.01.2022
өлшемі57,68 Kb.
#111382
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
50fa4f88-0999-498f-a7dc-4a4ac9e68a1c
Мамандықтар әлемі, Мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу, ашық сабақ, жол тәртібі қмж

23.04.2021ж.

«Болашақ» университетінің жоғарғы колледж

мұғалімі Бакиев Төребек Бақытжанович

«Құқық негіздері» пәні

группа: ФИС - 19/9


Лекция тақырыбы: «ҚР Сот және сот төрелігі»
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі еліміздің Конституциясымен және 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңмен және басқа да заң актілерімен белгіленеді. Бұл конституциялық заңды қабылдаудың негізгі мақсаты елде сот – құқытық реформаны одан әрі жетілдіру болды.

Сот жүйесінің қазіргі даму кезеңінде басым міндеттер биліктерді бөлудің конституциялық принциптерін неғұрлым толық және дәйекті іске асыру, билік тармақтарының «тежемелік» әрі «тепе-теңдік» жүйесін пайдалана отырып, өзара іс-қимыл жасауы болып табылады.

Жоғарыда аталған конституциялық заң сот тәжірибесін жинақтап, қазіргі заманның талаптарына сай келетін жаңа мазмұнмен байланысты. Онда:

1) Жоғарғы Сот төрағасының өкілдіктерін кеңейтуге, судьялардың құқықтық мәртебесін көтеру мен әлеуметтік қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар прогресшіл ережелер енгізілген.

2) судьялар әкімшілігі – судьяларды ұйымдық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар түсінігі енгізіледі, оны ҚР Жоғарғы сотының жанындағы қайтадан құрылған Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке жүктеді. Бұрын бұл өкілеттілік Әділет министрлігінің құзыретіне кіргізілген болатын;

3) облыстық соттардағы және Жоғарғы Соттағы алқалар мен Жоғарғы сот пленумының орнына қадағалау төралқалары мен жалпы отырыстар құру көзделді.

Сот төрелігін тек Конституцияда көзделген сот органдары – алқалар ғана жүзеге асыратын болады. Сот қызметіндегі жалпы ұйымдастыру мәселелерін шешетін болады.

4) сот өндірісін бір ізге салу мақсатында республика соттарындағы шаруашылық және азаматтық істер жөніндегі алқалар біріктіріледі;

5) Жоғарғы сот жанындағы әскери алқа таратылады.

6) судьялардың тәуелсіздік кепілдіктері күшейтілді. Мысалы, бұрын сот органдары мен Әділет министрлігі органдарының судьяларға қатысты тәртіптік істерді қозғау құқығы болса, енді бұл құқық тек республика судьяларының күллі ісіне қатысты – Жоғарғы сот төрағасына және облыстық сот төрағасына ғана тиесілі.

Судьялар лауазымдарына тағайындау рәсімдердің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге – аудандық және облыстық соттар судьяларының лауазымдарына конкурстық негізде тиісінше Әділет біліктілік алқасы мен Жоғарғы сот кеңесінің кандидаттар іріктеуін жүзеге асыруды көздейтін нормаларда бағытталады.

Жоғарғы сот алқалары төрағалары мен судьялары, жергілікті соттар төрағалары, алқалар төрағалары бос лауазым органдарына кандидаттарды ұсыну, сондай-ақ республика судьялары өкілдіктерін тоқтату жөнінде ұсыныстар енгізу тек қана Жоғарғы Сот төрағасы  құдіретіне жатқызылады.

Сот корпусының сапалы құрамын жақсарту үшін судья лауазымына кандидаттарға қойылатын жаңа қосымша талаптар – біліктілік емтиханың табысты тапсырған тұлғаллардың міндетті түрде тағылымдамадан өтуі белгіленеді.

7) судьяларға қойылатын талаптар қатайды.Заңда тәртіптік – біліктілік алқаларының өкілдері едәуір кеңейтілді.

 




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет