Лекция таќырбы: Кіріспе



бет10/20
Дата19.12.2022
өлшемі2,57 Mb.
#163364
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
Дәріс конспектілері (2)

Қабаттармен жұмыс кезінде мына әрекеттерді орындаймыз:
1.Расторлық кескінді файлды ашамыз. Слой қабаттарында кескін жалғыз базалық қабатта орналасқанын көреміз.
2.“Создать новый слой ” батырмасын басамыз. “Фоновый слой” қабаттарының астында жаңа тапен қабат пайда болады. Қатар түспен ерекшеленіп тұрса , онда қабат белсенді болғаны.
3.“Редактировать” менюінен заливка командасын шақырып, диалог терезесінде сұралған параметрлерді енгіземіз. Құжат кескіні өз қалауымызбен қерілген түсті қабықшамен жабылады.
Қабаттарды көшіру “Слой копированием” эәне “Слой вырезанием” әдістерімен орындалады. Бұл командалар буферге көшіру және буферге қою командаларымен ұқсас. Қабатты көшіруді “Слой” палитрасында Создать-Новый слой белгісіне қажет қатарды қою арқылы қруға болады. Қабат көшірмесін қабат ішінде, сол сияқты басқа файлды “Дублирование слоя” командасының көмегімен алуға болады. Қабат көшірмесін “Перемещение” құралы көмегімен қабатты орнынан қозғалтуға болады.
Қабаттарды жою: 1. Слой палитрасының оң жақ төменгі бұрышындағы “Удалить текущии слой” батырмасын басу арқылы;
2. Қабатты осы батырмаға көшіру арқылы;
3.“Палитры” менюінен “Удалить слой” батырмасы арқылы орындалады.
Қабаттарды топтап біріктіруге болады. Ол күрделі монтаж кезінде қажет. Егер құжатта бірнеше қабат болып, оларды бір топқа біріктіру керек болса, “Слой” менюінен “Новый” жолын таңдаймыз. Ашылған диалог терезесінде параметрлерін береміз. Әр қабаттың өзінің параметрлері болады. Барлық біріктірілетін қабат параметрлері қосылады және астыңғы бөлігіндегі қабатқа қойылады.
Қабат палитрасының төменгі бөлігіндегі F әрпі және қара дөңгелекті сол жақ батырма “Добавить стиль слоя” батырмасының көмегімен кескін қабатына батырманың ашылған тізіміндегі бір эффектіні беруге болады.
Қабаттың көшірмесін алу үшін менюден Қабат→Дублировать. Қабаттар палитрасының жоғарғы жағында Lock деген атпен біріктірілген 4 түйме қабаттың бетіне байқаусыздан өзгеріс енгізуден сақтайды. Олардың қызметтері:
- көріністің түссіз аймақтарын өзгертуге рұқсат етпейді.
- көріністің түссіз де, түсті де аймақтарын өзгертуге рұқсат етпейді.

- көріністің қабат үстіне орналасуын өзгертуге рұқсат етпейді.


- қабатпен кез келген операция жасауға және оны жоюға рұқсат


етпейді.
Бұдан басқа қабаттарының қасында мынадай түйме бар. Оның қызметі осы белгімен белгіленген қабатпен активті қабат (қылқалам белгішесімен белгіленген) арасында байланыс орнату. Бұл түйме бірнеше қабаттың бірге жұмыс істеуі кезінде қолданады. Бірнеше қабаттарды уақытша байланыстырудың басқада тәсілі бар. Ол үшін бірнеше қабатты бір
жиынға біріктіруге болады. Жаңа бос жиынды құруға арналған түйме палитраның төменгі жағындағы 3-і түйме. Жиынға Set 1, Set 2, тағы сол сияқты атаулар беріледі. Жиынның қасында орналасқан түймесін шертсек, жиынның құрамына кіретін барлық қабаттарды программалар жасырады да, түйме басқа түрге өзгереді. Қайтадан шертсек жиынға кіретін қабаттарды көре аламыз.
Қабат маскасы – бұл қабат үстіне орналасатын және қабат бөліктерін көрінбейтін немесе жартылай көрінетін етуге мүмкіндік беретін арнайы маска. Қабаттың бір маскасы ғана болуы мүмкін. Қабат маскасы “Қабаттар” палитрасында көрінеді. Каналдар палитрасында қабат маскасы жаңа қатарға орналасады және оның аты қабат атауына Mask сөзі қосылып аталады. Маска мөлдірлігі негізгі түске байланысты. Егер негізгі түс қара болса, онда маска мөлдір. Егер ақ болса, мөлдір емес болады. Негізгі түс ретінде кез келген басқа түсті таңдалған кезде маска жартылай мөлдір болады. Қабат маскасын фон қабаты үшін құруға болмайды. Қабат маскасы қабаттар палитрасының төменгі жағындағы “Қабат маскасын қосу” функционалдық түймесі арқылы құрылады
Лассо құралдарының топтары (lasso tools)




Лассо



"қолдан" бөлiп алу


Многоугольное лассо



Төбелерi арқылы көпбұрыштарды бөлiп алу


Магнитное лассо

"магнитпен" бөлiп алу (иiлген сызық пайда болады)

Лассо құралдары

Лассо құралы курсордың қозғалысының iзiмен қисық сызық түрiнде бөлiнген аймақтың шекараларын қосады.


Сиқырлы таяқша берiлген диапазондар бойынша бiртектi боялған объектiлердi бөлiп ала алады.
Бөлiп алу шекарасын трансформациялау
Егер сiзге дұрыс тiктөртбұрышты бөлiп алынған аймақты оң жаққа кiшкене қисайтқыңыз келсе, онда сiз трансформация командасын пайдаланасыз. Көрсетiлген стрелка бойымен аймақтың шекарасын қай жаққа бұрғыңыз келсе, сол жаққа бұрасыз.
Егер сiз айналудың өлшемiн өзгерткiңiз келсе, онда бөлiнiп алынған аймақтарды жылжыту үшiн келесi команда орындалады: редактирование – свободное трансформирование. Бұл команданы орындағаннан кейiн маркерлi рамка пайда болады: выделение – трансформировать область. Маркерлердi жылжыту жағдайында бөлiп алудың шекарасы өзгермейдi, керiсiнше, бөлiп алынған аймақтың өзi өзгередi. Егер рамка экранда тұрса, онда курсордың iшкi жағы перемещение құралына айналады. Егер курсор рамкадан тыс орналасса, онда ол екiжақты стрелкаға айналады және өлшемдердi өзгерту немесе областы айналу қызметiн атқарады.
1-суретте қабаттар палитрасы көрсетілген. Photoshop әрбір қабатты осы палитрада көрсетеді. Әрбір қабаттың аты, тұсында кішірейтілген көшірмесі болады.
Егер көрініс бірнеше қабаттардан тұратын болса, қабаттар палитрасында қабаттың атын көрсететін жазудың үстінен тышқанды басып тұрып, басқа қабатпен орындарын ауыстыруға болады. Қабаттардың бір-біріне қатысты орналасуы мен бір-біріне әсер етуі көп қабатты көріністермен жұмыс жасауда аса маңызды.

1-сурет – Қабаттар палитрасы
Алайда фондық қабатты қозғауға болмайды. Кәдімгі қабатты фондық қабаттың астына қоюға да болмайды.
Қабаттың сол жақ тұсында орналасқан көз-белгішесі қабаттың көрініп тұрғанын және көріністі құруға қатысып отырғанын білдіреді. Белгішенің үстінен шертсе, қабат көрінбей қалады да, көрініс құруға қатыспайды. Тағы шертсе, қабат қайта қосылады.
Қабатты таңдау үшін қабаттар палитрасынан керек қабаттың аты бар жазудың үстінен шертсе жеткілікті. Осыдан кейін көріністе қандай әрекеттер жасасақ та – қылқаламмен сурет салсақ, өшірсек, боясақ – мұның бәрі тек таңдалған немесе басқаша айтқанда, екпінді күйдегі қабатқа ғана әсер етеді. Қабаттар палитрасындағы таңдалған қабат тұсындағы қылқалам түріндегі белгіше осыны хабарлайды.
Кейде қабаттар палитрасында қабаттың кішірейтілген суретінде шахмат тақтасы тәрізді өрнекке боялған фрагменттер бар екенін байқауға болады (1- суретті қараңыз). Бұл фрагменттер – қабаттың түссіз жерлері.
Алайда мұндай түссіз фрагменттері жоқ қабатты да жартылай түссіз етуге рұқсат етіледі. Мұны «Түссіздік дәрежесі» шамасы арқылы көрсетеміз. Оның процентін қолдан немесе белдеушені жылжыта отырып енгізуге болады. Егер бұл шама 0%болса, қабат толығымен түссіз болады және керісінше.
Егер қабатты жою керек болса, оны таңдап, осы батырманы басамыз.
«Жаңа қабат құру» (Create a new layer) батырмасы жаңа қабат құруға керек. «Қабат»-«Құру» (Layer-New) командасы да жаңа қабат құрады. Құрылған қабаттарға үнсіз келісім бойынша Layer1, Layer2 және т.б. аттар қойылады. Алайда көптеген қабаттармен жұмыс жасағанда мұндай аттарды пайдалану ыңғайсыз.
Егер қабаттың атын өзгерту қажет болса, сол қабаттың аты бар жазудың үстіне тышқан курсорын апарып, екі рет шертеміз. Содан кейін жаңа ат енгізуге болады.
Қабаттың көшірмесін алу үшін «Қабат» менюінде «Қабатты көшіру» (Duplicate Layer) командасын орындау қажет. Көшірменің аты дәл бұрынғыдай қалады да, соңына Copy сөзі қоса жазылады, мысалы Layer1 Copy.
Қабаттар палитрасының жоғарғы жағындағы Lock деген атпен біріктірілген төрт батырма қабаттың бетіне байқаусыздан өзгеріс енгізуден сақтайды. Олардың қызметтері:
көріністің түссіз аймақтарын өзгертуге рұқсат етпейді;
көріністің түссіз де, түсті де аймақтарын өзгертуге рұқсат етпейді;
көріністің қабат үстіне орналасуын өзгертуге рұқсат етпейді:
қабатпен кез келген операция жасауға және оны жоюға рұқсат етпейді.
Бұлардан басқа түріндегі белгіше бар. Бұл белгішенің қызметі – осы белгімен белгіленген қабат пен екпінді күйдегі қабат (қылқалам белгішесімен белгіленген) арасында байланыс орнату. Бұл белгіше бірнеше қабат бірге жұмыс істегенде қойылады. Бір-бірімен байланысқан қабаттар бір-біріне қатысты жылжымайды, сондықтан олардың біреуін жылжытсақ, екіншісі де артынан ілесе жылжиды.
Бірнеше қабаттарды уақытша байланыстырудың басқа да тәсілі бар. Бірнеше қабатты жиынға (Set) біріктіруге болады, жиынның құрамын тышқанды бір рет шертіп көруге болады.
«Жаңа жиын құру» (Create a new set) батырмасы жаңа бос жиынды құрады. Оның ішіне байланысу қажет қабаттарды тышқанмен ұстап апарамыз. 2-суретте құрамында екі қабаты бар Set 1 жиыны көрсетілген.

2-сурет – Set 1 жиыны
«Қабат»-«Құру»-«Жаңа жиын» (Layer-New-Layer set) командасы да жаңа жиын құрады. Мұнда жаңа жиынның атын бірден енгізуге болады.
белгішесінен шертсек, Set 1 жиынына кіретін барлық қабаттарды программа жасырады да, белгіше болып өзгереді. Қайтадан шертсек, Set 1 жиынына кіретін қабаттарды көре аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет