Лекция жоспары: Еркiн салу аспаптары: аэрографты, карандашты, бояғышты, өшiргiштi пайдалану. Бояғыштың түсiн таңдау. Түстер моделi. Pantone библиотекасы. Бояу және бүркеу (ретуширования) техникасы. Күрделi монтаждарды орындау. Көрiнiстердi сканерлеу және коррекциялау
Лекция мақсаты: Еркiн салу аспаптарды,түстерді қолдану. Күрделi монтаждарды орындау.
Лекция мазмұны: Аддитивті түстік модельдерде әр түрлі түстерді шығару үшін жарық сәулелер қолданылады. Барлық түстердің түрлері алғашқы әртүрлі үш түстен құралады: қызыл, жасыл, көк. Модель негізгі көрсетілген түс болып табылады, яғни түстік модель RGB атына ие (бұл ағылшын сөздерінің алғашқы бас әріптерінен алынған, яғни red (қызыл), green (жасыл), blue (көк)).
Осы түстерді негізге ала отырып монитор барлық түс спектрлерінен түстік сәулелерді жаратады. Неғұрлым түстік интенсивтілігі жоғары болған сайын, соғұрлым анық түске ие болады, ал неғұрлым аз болған сайын соғұрлым қара түске жақындау болады. RGB моделімен сканерде жұмыс істейді. Ол адам көзінің түсті қабылдауына аддиватты болады, яғни қызыл, жасыл, көк түстерде негізделген рецепторлар болып табылады.
Түстік модель CMY-мен сіз балалық шағыңыздан бері таныссыз. Яғни сіз сурет сабағында сары түспен бірге көк түсті бояуды араластыра отырып, жасыл түсті алғансыз. Субтрактивті модель CMY-дің негізгі компоненттері үш түспен құралған: cyan – ауа көк, magenta – сұрғылт, yellow – сары. Бұл түстердің пигменттері қағазға түсірілген бейнесі қызыл түсті сіңіреді де жасыл және ауа көк түстер ақ түсті береді. Көрінетін спектр бөлігі шағылысып бейнені кескіндейді. Екі шағылысқан түстің араласуымен ең соңғы нәтижесінде алынатын түс қоюланады. CMY моделінің үш негізгі максималдың компоненттерінің араласуымен теориялық тұрғыдан қара түс алынуы керек. Бояулар негізінен қосындылардан тұрады. Сондықтан “нашар” қою қара түс алынуы керек. Бұл үш түстің типологиялық бояларының жетіспейтін жерлеріне дайын қара боян қосылады. Бұл CMYК түстік моделінің ең соңғы әрпі к (black – қара сөзінен алынған). Бұл түстік модель CMYK-ті сия-бүріккіш принтерлерде және типографиялық басылымдарда қолданады. Барлық файлдар типографияларда шығарылғандықтан CMYК-пен хатталған болуы керек.
HSB түстік моделі адамның түсті қабылдау ерекшелігінің максималды есебінен өңделген. Ол Манселло түсті шеңбері негізінде қалыптасқан. Бұл модель RGB түстік моделіне негізделген. Кез келген түс (Hue) түстік тонмен сипатталады. (Brightness) жарықтылығымен және (Satleration) ашықтылығымен сипатталады. Тон өзімен ашық түсті көрсетеді, басқалардан сапалы. Түстің көркемділігі оның интенсивтілігіне байланысты болып сипатталады. Мысалы, қызыл түстің қоюлығын азайтумен, біз оны басқаша, яғни сұр түске келтіреміз. Яғни түстерді қоса отырып, неғұрлым көп болса, соғұрлым ашық болуы аз, яғни қара түс алынады. HSB моделі басқа модеьдерге қарағанда маңызды құрамдары: ол табиғатта адам түсті жақсы принциптер арқылы қабылдайтындылығымен ерекшеленеді. Көптеген түстердің ішінде ең негізгісі және қолайлысы HSB түстік моделі, ал ол өз кезегінде RGB және CMYK түстік модельдері жоғалғанда ғана қолданылады. Түстік модель LAB, RGB, CMYK және HSB модельдерінің пайда болуымен жеткіліксіздігінен пайда болып туындаған, ал ол тәуелсіз – аппараттық модельдермен құралып және түстерді құралдың негізінсіз-ақ айқындайды. Сондықтан түстік модель LAB монитор қағазында тең түрде бейнеленеді. Қызыл, жасыл, көк түстерді қолдану арқылы RGB модельді қабылдаған тонында, қаралығымен және ашықтылығымен HSB моделі LAB түстік моделі анықтылықты (L) және түстілігімен сипатталады: а – параметрі жасыл диапазоннан сарыға дейін өзгеріп отырады. Модельдің ашықтылығымен түстер ерекшеленеді, тондық бейнелерді реттеуде, мінездеме алу да ыңғайлы. Жарық, ашық түстердің диапазоны, яғни LAB моделінің көмегімен кең түрде жаратуға болады.
Ерекшеленген облыспен жұмыс кезінде қабат, заливка, градиент, сызық, қалам, аэрограф, қылқалам, штамп, саусақ, фокус құралдарымен жұмыс істеу кезінде пиксельдердің орналасу режимдерін пайдалануға болады. Олардың келесі түрлері бар: Normal (нормальный) – бұл режимде берілген түс толығымен енгізілетін түстер ауыстырылады. Барлық өрістер енгізілетін түске боялады. Multiply (умножения) – бұл режимде берілген және енгізілген түстер көбейтіледі. Сондықтан қорытынды түс берілген түс күңгірттеу болады. Егер қара түс енгізсек қорытынды түс қара болады. Ал ақ түс енгізсек берілген түске әсерін тигізбейді. Screen (осветление) – бұл режим екінші режимге қарама-қарсы режим. Берілген және енгізілген түстер бөлінеді. Сондықтан қорытынды түс берілген түстен ашық болады. Егер ақ түс енгізсек қорытынды түс ақ болады, ал қара түс берілген түске әсерін тигізбейді. Overlay (перекрытые) – бұл режим екінші режим сияқты түсті көбейтеді және screen (осветление) режим сияқты түсті әлсіретеді. Бұл режим жарық пен түсті сақтағандықтан енгізілген түс ауыстырылмайды да, берілген түске қосылып кетеді.
«Пипетка» (Eyedropper) құралын көріністің бір жерінен түс үлгісін алу керек болса пайдаланады. Құралды таңдап, сурет үстіне тышқанды шертсек, бірінші түс таңдалады, Alt пернесін басып тұрып шертсек, екінші түс таңдалады.
Құралдың баптау панелінде жалғыз тізім бар, онда келесідей үш қатар бар:
- «Нүкте бойынша үлгі» (Point Sample) – түсті тышқанмен көрсетілген нүктеден (пиксельден) алады;
- «3х3 орташа түсі» (3 by 3 Average) – 3х3 пиксельден тұратын аймақтың орташа түсін алады;
- «5х5 орташа түсі» (5 by 5 Average) – 5х5 аймағы бойынша орташа түс алынады.
«Пипеткаға» ұқсас тағы бір құрал – «түс алғыш» (Color Sampler) көмегімен сурет үстіне белгілер қоямыз. Белгілер қойылған жердегі түстер туралы ақпарат «Ақпарат» (Info) палитрасында пайда болады (4.4-суретті қараңыз).
4.4-сурет – «Ақпарат» палитрасы
Бір көрініс үстіне төрт белгі қоюға болады (4.5-суретті қараңыз). Егер басқа құрал таңдалса, белгілер көрінбей қалады, бірақ олардың мәліметтері сақтаулы тұрады.
4.5-сурет – Белгілер қою
Егер «пипетка» таңдаулы тұрғанда Shift пернесін басып тұрсақ, «түс алғыш» құралына уақытша ауыса аламыз. Жұмыс кезінде осындай ауысу тәсілін пайдаланған ыңғайлы. «Түс алғыштың» баптау панелі «пипетка» құралы сияқты қарапайым. Жалғыз ерекшелігі – барлық белгілерді жоятын «Өшіру» (Clear) батырмасы бар.
Photoshop программасында бояуды көрініске құюға арналған «құйғыш» (Paint Bucket) құралы бар. «Құйғыш» құралының баптау панелі 4.6-суретте көрсетілген. «Толтыру» (Fill) тізімінде екі қатар бар: «бірінші түс» (Foreground) – «құйғышқа» бірінші түсті меншіктейді, «үлгі» (Pattern) – әр түрлі материалдар беттерін (қағаз, металл, т.б.) бейнелейтін үлгілерді меншіктейді. Бұл үлгілерді «үлгілер» (Patterns) тізімінен таңдауға болады.
4.6-сурет – «Құйғыш» құралының баптау панелі
«Рұқсаттама» (Tolerance) параметрінің атқарылатын қызметін түсіну үшін әуелі «құйғыш» құралының жұмыс істеу принципімен танысу қажет.
«Құйғыш» құралы қолданушы көрсеткен пиксельдің түсін өзгертеді. Одан кейін көршілес пиксельдер арасынан түсі алғашқысымен бірдей немесе жақын пиксельдерді іздеп, олардың да түсін жаңа түске өзгертіп отырады. Алайда бірдей түсті пиксельдер кездесе қоймайды, ал түстері ұқсастары кездесуі мүмкін. Міне, осындай бір-біріне түстері жуық пиксельдерді анықтауда «рұқсаттама» параметрі пайдаланылады. Егер бұл параметр 0 болса, «құйғыш» тек қана бірдей түсті пиксельдерді бояйды. Егер, мысалы 10 болса, онда түстерінің айырмашылығы 10 бірлікке дейін болатын көршілес пиксельдер де боялады.
«Шекаралас» (Contiguous) параметрінде белгіше тұрған жағдайда Photoshop қолданушы көрсеткен нүктемен шекаралас аймақты бояйды. Егер белгіше алынып тастаса, бүкіл көрініс аумағындағы сәйкес келетін нүктелердің барлығы боялады.
Сурет салу құралдарына шолу
Айырып/қосқыш (бейненің алдыңғы бетінің түсі)/ (фон түсі)