Лекция тақырыбы: «Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясы Лекцияның оқыту нәтижелері


Шілдедегі жалпықазақ съезі және Алаш партиясын құру туралы шешім



бет3/6
Дата03.11.2023
өлшемі45,99 Kb.
#189178
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
LXBPYCHKUYMM30102023092355
7 сынып КТП 2023-2024 (2)
3.Шілдедегі жалпықазақ съезі және Алаш партиясын құру туралы шешім.
1917 жылы шiлде айында Орынбор қаласында өткен бүкiлқазақтық I съезден Алаш партиясы құрылды, ал 1917 жылы желтоқсанда Алашорда атты үкiмет құрылды. Мiне осы екi оқиғаны бiрiктiрiп Алаш қозғалысы деп атаймыз.
Саяси партия құрылуының алғышарттары 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін қалыптасты. Ақпан революциясын қазақтар түсіністікпен қарсы алды. Революция қазақтарға қан-төгіссіз патша үкіметінің қанауынан азаттық әкелді, өзін-өзі басқарсақ деген үмітін алға қойды. А. Байтурсынұлы сол кездегі саяси жағдай туралы былай деп көрсетеді: «Қазақтар Февраль революциясын...тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол біріншіден, бұл төнкерістің оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлық-зомбылығынан құтқарғандығында және екіншіден, оларды өзімізді-өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта түскендігінде еді». Ақпан революциясынан кейін қоғамдық-саяси өмірде кейбір демократиялық негіздерді басшылыққа алатынын жарияланды. Соғыстан майдангерлер орала бастады. Даланың түпкір-түпкіріне қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысын жаныштауға жіберілген жазалау отрядтары кері қайтарылды. Осындай жағдайда ұлттық элита саяси партия құру туралы шешімін қабылдады.
Алаш зиялылары партия құру әрекетін бірінші орыс революция кезінде қолға алу қажеттілігін ойлады.
1905-1907 ж.ж. бірінші орыс революция, бірінші дүниежүзілік соғыс, Ақпан және Қазан төңкерістері сияқты ірі тарихи бетбұрыстар қазақ халқының қоғамдық-саяси сананың оянуына қуат берді. Қазақстанның барлық өңірлерінде - Омбы, Орынбор, Орал, Семей, Ташкент, Петропавлда социал-демократтық ұйымдар пайда болды. Бұл ұйымдар жергілікті халықты саяси өмірге тартылуын тездетті. Осы кезде революциялық қозғалысқа қатысқандарды полиция аяусыз жазалап, оларды жер аударылып, каторгаға айдады, абақтыға жапты. Олардың арасында қазақ халқының көрнекті өкілдері болды. Мысалы, Ә.Бөкейханның қызметі Ресей империясының полициясының бақылауына сонау 1897 жылынан бастап алынған. Дала генерал-губернаторының арнайы қаулысы бойынша революция кезеңінде пайда болған демократиялық бағыттағы мерзімді басылымдар мен әдебиеттерді таратуға қатаң тиым салынды. Алайда, шапшаң қозғалатын икемді, сөзшең дала тұрғындары жаңа уақыт ағымы үрдістері туралы жан-жаққа хабарларды тез таратты, әсіресе Бірінші орыс революциясына қатысты. Бұл туралы Ә.Бөкейхан былай деп жазды: «Қазақтардың шапшаң қозғалатындығының арқасында манифест қысқа мерзім ішінде күллі далаға тарап үлгерді. Барлық жерде қазақтар үлкенді-кішілі съездерге жиналды, манифесті оқыды, түсініктемелер жасады. Мемлекеттік думаға болашақта сайлау жүргізу мәселелерін талқылады. Ең алыс болыстардан қазақтар қыр қалаларына топ-тобымен аттанды, онда азаматтар өткізіп жатқан қала митингілеріне қатысты. Орыс, татар, өзбек пен қазақтар туысқан бір отбасына тоғысты».
1905 жылы желтоқсанда Орал қаласында бес облыстан келген қазақ халқы делегаттарының съезі өтті. Ондағы мақсат кадеттер үлгісімен қазақтың саяси партиясын құру еді. Ол партия 1905 жылы 17 қазандағы ІІ Николай жариялаған Манифест бойынша қазақ халқының ұлттың мүдделерін қорғауға тиісті болатын.
1906 жылы ақпан айында Семей қаласында қазақтардың кезекті ІІ съезі шақырылды. Осы жылы мамыр айында кадет партиясының қырғыз бюросы құрылды. Онда қабылданған негізгі бағдарламаға маңызды толықтырулар енгізіліп, жергілікті халықтың өткір проблемалары талап етілді: қоныс аудару саясатын тоқтату, Дала өлкесінің жерлерін жергілікті халықтың меншігі деп құқықтық мәртебесін беру, қазақ балалары үшін ұлттық мектептер ашу, т.б.
Ресейде Мемлекеттік Думаға сайлаудың басталуы, бірінші орыс революцияның жеңілуі, патшаның саяси әрекеті кадеттік үлгідегі жалпыұлттық қазақ партиясын құруға кедергі келтірген болатын. Осы кезде партияның сенімді әлеуметтік тірегі мен қазақ тілінде шығарылатын баспасөз органы да болмады.
Далалықтардың саяси сана-сезімінің деңгейі әлі төмен болды. Партияның мақсаттары мен міндеттері халыққа түсінікті болу үшін жетпеді. Бірінші орыс революциясы қатандықпен басып тасталғаннан кейін патша үкіметі елде қуғын-сүргін шараларын жүзеге асыруға кірісті. Бірінші сайлау бұратана ұлттар үшін әділетсіз және қатаң жағдайда өтті. Патша үкіметі қазақ халқының өкілдерін билік органдарына барынша жолатпауға тырысты: Мемлекеттік Думаға сайлау заңына өзгерістер енгізіліп, патша үкіметі саясатын жақтайтын өкілдері үшін пайдасына шешілді. Мұның өзі қазақтардың арасында бұрқ ете ұалған наразылық пен ашу-ыза тудырды. Жергілікті халық өздерінің өкілдерін Ресейдің Мемлекеттік Думасына қатыстыруды батыл талап етті. Өлкенің бүкіл аймағын түгел қамтып өткен демократиялық үдерістер толқыны қазақтардың петициялық қозғалыс елеулі түрде күшейтті. Патша үкіметі халықтың талабына құлақ асуға мүжбүр болды.
1906-1907 жылдары алаш зиялыларының саяси белсенділігі арқасында қазақтар Ресей Мемлекеттік Думасына қатысатын болып шықты. Газет шығаруға әрекеттер жасалады. Орыс либералды-демократиялық баспасөз беттерінде қазақ зиялыларының мақалалары жиі жарияланып тұрды.
1907 жылы 3 маусымдағы реакцияшыл сайлау заңы бойынша қазақтар сайлау қуқығынан айырылды. Қазақтарға Мемлекеттік Думаға өз өкілдерін сайлауға рұқсат етілмеді. Сондықтан бұл жағдайда Ә.Бөкейхан бастамасымен Алаш басшылары мұсылман, кадет фракцияларымен келісімдер жасауа кірісті.
1916 жылы Ә.Бөкейхан Төртінші Мемлекеттік Думаның мұсылман фракциясының құрамына кіреді, артынша жас заңгер М.Шоқай да фракцияның хатшысы болып орналасады. Алаш қайраткерлінің қызметі ең жоғары заң шығарушы орган мінбесінен халықтың құқықтарын қорғауға, ең алдымен шиеленіскен жер мәселесін шешуге мүмкіндіктерін берді.
Алаш элитасы билік жағынан қуғынға ұшырап, түрмелерге жабылды, айдауларға жіберілді. 1913 жылы «Қазақ» газетінде Алаш қозғалысының белсенді идеологы М.Дулатов: «1905 жылдан бастап біздің халық басқа халықтар сияқты дербестігін, ұлттық тұтастығын ойлай бастады. Бостандыққа ұмтылған сол жылдары Семей облысының басшылығы халыққа жол көрсетушілерді қудалап, олардың біразы қамауға алынып, түрмеге жабылды, басқалары Сібірге айдалды. Қалғанының беделі түсіп, халықтың сенімінен айырылды», - деп жазды.
Бұл дағдарыс қабілетсіз өкіметке үлкен наразылығын туғызып, 1917 жылы Ақпан революциясына ұласты. Петроград жұмысшылары мен солдаттарының өкіметке қарсы ұйымдастырылған жаппай қарулы көтерілістері жеңіспен аяқталды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін Уақытша өкімет Ресейдегі бүкіл заң шығарушы мен атқарушы билікті қолына алды. Ақпан революциясының жеңісін ұлттық демократия өкілдері отаршылдық езгіден құтылатын сәт туды деп қуанышпен қарсы алды.
Жаңа өкіметтің басқару әдістері мен саяси бағыты революцияға дейінгі патша өкіметінің саясатын жалғастырды. Уақытша өкімет жергілікті халықтың жағдайын өзгертпеді. Дегенменде, Уақытша өкімет біраз оң шараларды жүзеге асырды: тыл жұмысына алғандарды елге қайтару, қазақтар қатарынан облыстық комиссарларды тағайындау; Қазақстанға жіберілген жазалау отрядтарды шақыртты. Ұлт зиялыларының саяси белсенділігінің арта түсуіне облыстық съездері үлкен әсер етті. Осындай жағдайда 1917 жылы 2-8 сәуірде Орынборда жаңа қазақ съезі шақырылды. Съезде Бүкілқазақтардың съезін ұйымдастыруға шешім қабылданды. Бұл съездер азаттық жолында жер мәселесін, діни, мәдени, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және қазақ қоғамының басқа да проблемаларды шешу үшін идеялық және саяси–ұйымдастарушылық маңызы зор болды. Алаш қозғалысының жетекшілері жалпыұлттық мүдде үшін күресінде әскери-казак отаршылдығы мен шаруалар қоныс аудару кезеңінде Қазақстан аумағына келген басқа да этностардың құқықтарының теңдігін қорғады. Алаш зиялылары жалпыұлттық бірлік пен келісімді сақтау және нығайтуда біріктіруші күшке айналды.
Қазақ халқының мүддесін қорғауда Алаш көшбасшылары белсенді саяси күрес арқылы бейбіт жолын таңдады. Ә.Бөкейхан қолға қару алып көтеріліс жасаудың халық үшін тек зиян келтіреді деген оймен жүйелі реформалар арқылы мақсаттарына жетуді ойлады.
Бұл жол Алаш идеясының ұлттың мүддесін қорғауда қазақ халқының жаршысына айналған «Қазақ» газетін өмірге әкелді. Газет 1913-1918 жылдары шығып тұрды. Ұлттық зиялы қауым «Қазақ» газеті шығуымен біртұтас саяси күшке айналды. Алаш зиялыларының орталығы ретінде «Қазақ» газеті ұлттық мемлекеттігін қалпына келтіру идеясын барлық өңірлерге таралып, халықтың ұлттық сана-сезімінің оянуына ұйтқы болған. Газет өз Отанына адал берілген алдыңғы қатарлы азаматтарын тәрбиелеп шығарды. Олар азаматтық текетіресте Алаш партиясы мен Алаш-Орда үкіметінің жағында күресіп, ұлт мүддесі үшін жандарын қиды.
Кадет партиясы қазақ автономиясын құруға қарсы болғандықтан, халықтың үміті ақталмады. Бұл 1917 жылы Бөкейханның кадет партиясынан шығуына алып келді. Қазақ ұлттық элитасы ұлттық партиясын құруға кірісті. 21-28 шілде 1917 жылы Орынборда өткен І жалпықазақ съезінде «Алаш» ұлттық саяси партиясы құрылды. Толық емес деректер бойынша либералды-демократиялық «Алаш» партиясының құрамына 5 мыңға жуық адам тіркелген. Қазақ халқының құқықтары үшін күресте алдыңғы қатарда ұлттық интеллигенциясы тұрды. Қазақ зиялыларының шынайы демократиялық идеялары өз уақытынан озық еді. «Алаш» партиясы қазақ қоғамының өзекті мәселелерін шешу үшін бағдарламалық іс-әрекеттерді әзірлеген тұнғыш саяси ұйым болды. Бұл тарихи съезде «Алаш» партиясының бағдарламасының жобасы қабылданып, 1917 жылы 21 қараша күні «Қазақ» газетінде жарияланды. «Алаш» партиясы ең алдымен, ұлттың саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті проблемаларын, ұлттық дәстүрлерді, туған жерін сақтап қалуды мақсат етіп қойды.
Ақпан революциясынан кейін пайда болған Уақытша үкімет Ресейдің бөлінбейтін біртұтастығын сақтауды ашық қолдаса, Қазан төңкерісі ол үкіметті құлатып, Құрылтайшы жиналыс үкімет сайлауымен аяқталды. Большевиктер ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық беру жөніндегі уәдесі ұлттық аймақтардағы халықтарға Кеңес өкіметі жағына өтуге өз септігін тигізді. 1917 жылы Ресей империясының құрамында болған Польша мен Финляндияның тәуелсіздігі мен бейтараптығын жариялады. Бұл саяси айла-әрекетке барудың себептері де болды. Польша мен Финляндияда большевиктер өздерінің ұлттық үкіметтерін қолдап отырған жергілікті халықтан ұйымдасқан қарсыластыққа тап болды. Ол мемлекеттер өз кезегінде еуропалық державалар тарапынан да көмек алды. Большевиктердің билікке келуі және басталып кеткен азамат соғысы Қызыл Армияны бұл мемлекеттерге ашық басып кіруден тоқтатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет