Лекция Тақырыбы: Қаржы және қоғамдық ұдайы өндірістегі оның орны туралы түсінік, функциялары



Дата31.01.2022
өлшемі18,23 Kb.
#116655
түріЛекция
Байланысты:
№1 ЛЕКЦИЯ


1 лекция

Тақырыбы:

Қаржы және қоғамдық ұдайы өндірістегі оның орны туралы түсінік, функциялары

Қаржы («қолма-қол  ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен  пайда болған француздың finance сөзінен  шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды. Қаржы туралы жұмыстың алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж) болды. Қаржының  мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Қаржының  пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі. Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын  қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді. Экономикалық  өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкішаруашылық арналымының қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу; экопортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады. Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы операцияларында ақша қатынастарының қозғалысы болып жатады.

    «Қаржы» ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын  экономикалық қатынастардың кең  ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика  жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.

 Қаржы қоғамдық ұдайы өндіріс процесіне  екі түрлі ықпал жасайды:

а) сан жағынан, бұл бөлгіштік процестің  үйлесімдерімен сипатталады;

ә) сапа жағынан, бұл қаржының шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық мүдделеріне ықпалымен сипатталады. Қаржы микроэкономикалық дамудың тиімді ара қатысын белгілеуде, ұдайы  өндірістің заттық және құндық элементтерінің тепе-теңдігіне жетуде, өндіріс тиімділігін  арттыруда маңызды рөл атқарады. Қаржының  экономикалық рөлі мына бағыттардан  көрінеді:



    • қаржы капиталдың айналымын тездете отырып, кәсіпорындардың, фирмалардың өндірістік қызметі тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды;

    • кірістер мен шығыстарды ұдайы салыстырып отыру арқылы қаржы кәсіпорындардың. Фирмалардың коммерциялық есебін нығайтып, дамытады;

    • қаржы ақша қорларын бөлу және қайта бөлу арқылы экономикалық өсудің ара салмағын қамтамасыз етеді;

    • қаржы ұлттық табыстарға қорлану және тұтыну қорларының үйлесу тиімділігін арттырудың экономикалық негізін жасайды;

    • қаржы ұлттық экономикада меншіктің сан алуан нысандарының және шаруашылық жүргізу нысандарының дамуына мүмкіндік туғызады.

Сонымен бірге қаржы оңтайлы ұлттық шаруашылықтың  ара салмағын қамтамасыз етуде белсенді рол атқарады: олардың көмегімен экономикалық және әлеуметтік дамудың индикативтік жоспарының басты элементтерінің өзара теңдестірілуіне қол жетеді; қаржы тұтқаларын жоспарлы пайдалану қоғамдық ұдайы өндіріске қаржының ынталандырғыш рөлін күшейтуге арналған негізгі қаржылық көрсеткіштерді мемлекетке орталықтандыра отырып анықтауға жағдай жасайды.

Қаржы көмегімен жететін нәтижелерді  бағалауға жалпы тәсілдеме қаржының ролін 3 бағытта атқаруға мүмкіндік  жасайды:



    1. ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерін қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз ету тұрғысынан;

    2. қаржы қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттеу үшін пайдалану тұрғысынан;

    3. қаржының әлеуметтік-экономикалық дамудың ынталандырмасы ретінде пайдалану тұрғысынан.

Меншік  қоғамдық өмір мен өндірістің негізі болды, болып отыр және бола береді. Меншік формаларынан тек өндірістік қатынастар ғана емес, сонымен қатар қоғамдық өмір, қоғамның әлеуметтік және мәдени тетіктері мен мемлекеттік институттар пайда болады. Кез-келген меншік екі қасиетпен көрінеді: заңдық - иелену, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену, мүліктік құқықтық, экономикалық неғұрлым өспелі ауқымдарда жалпылылық, қайталанушы-лық, ұдайы өндірістік қатынастар.

    Қоғамдық-өндірістік қатынастар - меншік формаларының түрлі мазмұндарымен және ерекшеліктерімен айқындалады; ал жеке меншіктік қатынастар – жеке қоғамдық, кооперативтік, ұжымдық, корпоративтік, мемлекеттік т.б. тұрады.

    Меншіктің екі анықтаушы формалары: (жеке және қоғамдық) жеке меншік - тікелей, ал қоғамдық жанама болады.

    Меншік  формаларын өзгертуде жүргізілетін экономи-калық реформа, мемлекет иелігінен алу және Қазақстан-дағы меншікті жекешелендіруде маңызды орын алады.



Бақылау  сұрақтары:

 

1.Қаржының мәні туралы түсінік?



2.Қаржының табиғаты және қажеттілігінің сипаттамасы қандай?

3.Қаржының қызметтерінің түрлері?



4. Қаржының даму кезеңдері,концепцияларының маңыздылығы?

5. Қаржылардың  қалыптасуының негізгі себептері қандай?

           Қолданылатын әдебиетер:



1.Құлпыбаев Ж.С.«Қаржы» Алматы.2000.-350б

2. Сейітқасымов А.Ш. «Ақша, несие, банктер» А.Экономика. 2002.-480б

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет