Сөз екпіні және ой екпіні. Сөз екпіні — фразалық екпін, ал ой екпіні—логикалық екпін. Сөйлемді айтқанда я оқығанда, оның ішіндегі сөздер иитонация мен мағынасына, айтылу ырғағына қарай, өзара топ-топқа бөлінеді. Ол топ синтагма деп аталады. Синтагмада бір я онан да көп сөздер болады. Әр синтагмада бір сөз көтеріңкі дауыспен ерекшелене айтылады. Міне, соны екпін түскен сөз дейміз.
ОРФОЭПИЯЛЫҚ НОРМА Тілдегі сөздердің, сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелері орфоэпия (грек. ‘orthos’ – дұрыс, epos – сөз, сөйлеу) деп аталады. Тіл мәдениеті мен әдеби тілдегі аса маңызды салалардың бірі – орфоэпия. Орфоэпия нормаларына жазудың тигізетін ықпалы айрықша. Р.Сыздық «бір жағынан, орфоэпия ережелерінің нормалану процесінің әлсіздігінен, екінші жағынан, жазу дәстүріміздің күшті дамуы салдарынан сөздер қалай жазылса, солай оқу (айту, дыбыстау) салты етек алып бара жатқанын, сөз басындағы о, е дыбыстарын айтуда орыс тілінің әсері байқалатындығын» дабыл қағып ескерткен болатын. М.Балақаев, М.Серғалиев: «Сөз ауыздан шығып, құлаққа естіледі де, кісінің ойынан қоныс табады. Сөйлеу тілінің бұл қасиеті ауыздан шыққан сөздің дәл, анық айтылуын керек етеді. Анық айтылмаған сөз көмескі естіліп, көздеген жеріне жетпей жатады. Баяу дауыспен жайбарақат сөйлеп отырған кісінің әрбір сөзі үйреншікті дәстүр бойынша айтылуға тиіс. Сөздердің сондай жалпыға бірдей, қалыпты айтылу нормасын орфоэпия дейміз. Мұндай норма әдеби тілде сөйлейтін кісілердің сөзінде болады. Әдеби тілде сөйлемейтін қарапайым кісілердің сөздерді айтуда өзіндік өзгешіліктері бола береді», — дей келіп, сөздерді әдеби тілдегі жалпыға бірдей ортақ нормада айтып сөйлеуді сөйлеушінің тіл мәдениетінің жоғарылығын танытатын көрсеткіш ретінде бағалайды.Орфоэпиялық нормалар сөздің сөйлеу барысындағы дұрыс айтылуын қадағалайды. Орфоэпиялық норма бойынша сөзді ауызекі сөйлесу барысындағыдай асығыс айту, соңғы буындарды жұтып қою қате болып есептеледі. Сөйлеуде әдеби нормаларды сақтаған жөн. Сонымен қатар екпін мен дауыс ырғағының алатын орны ерекше. Тіл мәдениетін, сөзді дұрыс қолданып, дұрыс дыбыстап, дұрыс' жазу дағдысын мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, оны бітіргенге дейін (тіпті одан кейін де) үзбестен игертуді тек тіл мен әдебиет пәні мұғалімдері ғлпа емес, барлық пәннен сабақ берушілер сезініп, күш жұмсағанда ғана ана тіліміздің табиғи қасиетін, ғасырлар бойы жиналған мол қазынасын, бабалар қалдырған көркемдік құдіретін сақтай аламз. Әсіресе бүгінгі осал тұсымыз — сөйлеу устінде сөздерді дұрыс айтпау, яғни орфоэпиялық нормаларды білмеу, оған мәи бермеу сияқты кеселдерден арылуға ең алдыман мектеп күш
салуы керек. Ол үшін сөзді сазына келтіріп айта білуді мұғалімдердің өздері жақсы меңгерулері қажет болса, озірғе бұл саладан олардың қолдарында арнаулы құралдар да
шамалы. Ұсынылып отырған кітап мұғалімдердің осы қажеттігін өтейтін орфоэпиялық
анықтағыш, болмақ. Бұл ережелер тек қазақ тілі понін оқытатындар үшін ғана емес, бар-
лық пәндердің мұғалімдері үшін де қолдан түсірмес күндслікті көмекші құралы болуы тпіс.
Адам орфоэпиялық нормаларды, олар жөніндегі ережелерді негізінен жаттау арқылы
емес, құлақпен тыңдап, үйрену арқылы игереді. Бұл ретте күнде тыңдайтын р а д и о н ы ң, теледндар үнінің және сахнадан есті лер с ө з д е р мен о н д е р д і ң орны айрықша. Бұлар сөйлеу барысында -сөздерді дұрыс 'айтуға үйрететін нағыз ұстаздар болуға тиіс. Сахна қайраткерлері мен радио, теледидар қызметкерлеріне тілге келгенде қойылатын талап — айтылмақ сөздің (бұл жердегі «сөз» деп отырғанымыз жеке сөздер емес, жалпы айтылмақ ой, хабар т. т.) анық және осем болуы. Анықтықты актёрлер,
әншілер,дикторлар, негізінен, сөйлеу техникасын жетілдіру мен сөз логикасына көңіл қою амалдары арқылы қамтамасыз етсе, осемдік пен әсерлілік, негізінен, сөзді дұрыс әрі көркем-деп айту арқылы жузеге асырылады. Ал құлаққа естілер сөздің көркем айтылуы дегеніміз оның үнді, әуезділігі (музшкалылығы).
Үнділік сөйлеу үстінде дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, тілдің табиғи дыбыс заңдарына бағынып айтылуы арқыльі пайда болады. Дыбыстар әуезін (гармониясын) сақтау — сахна сөзі мен радио, теледидар сөздеріне мамандық тұрғыдан қойылатын талаптардың бірі.
Тіл жайындағы әңгіме бугінгідей арнайы көтерілмеген күннің өзінде де қазақ сахна
өнері мен радиосының өмірге келген алғашқы кезеңдерінде қазақ сезі бұларда негізінен
дұрыс, көркем түрде айтылып келді. Қазақ сахна шеберлерінің алғашқы буындары өз
мамандықтары бойынша білім-ғылымның теориялық жағын оқып білмесе де, қазақ тілінің
аиа сүтімен кірген нормаларын іштей түсініп,тілдің табиғи үйлесімін бұзбай айта білген,
сөз арқылы жететін өнерді көрсрменге (тыңдаушыға) жақсы ұсына білген. Ал соңғы кс-
зеңдерде бұл орайда бірнеше объективті- субъективті себептермен тыңдаушыларды да,
педагог, режиссёрлерді де, әсіресе тіл мәдениетін-қадағалаушы ғалымдарды да алаңдатар жайттар пайда бола бастады. Олар:
1) драма актерлері мен опера лсәне эстрада әншілерінің, сондай-ақ радио мен теледн
дар дикторларының, комментаторларыиың,жергілікті тілшілерінің, кинодубляж жасау-
шылардың қазақ тіліндегі дауысты, дауыссыз дыбыстардың үндестік заңдары, снгармонизм заңдылықтары деп аталатын табиғи гармонпясын (үйлесімін) сактамай, бұзып айтулары;
2) сөйлеу үстінде болатын логнкалық паузалар, яғни ой екпіні түскен сөздерді сол кіді
ріп, бөліп айтуды немесе сөздердің мағыиалық топтарына қарай қажет жерінде оларды ай
рықша бөліп, я болмаса ұластыра қосып айту сәттерін біле бермеу;
3) «қос қанаттың сыңары» деп келген орыс тілінің әсеріне байланысты кейбір қазақ тілі
дауыстыларын сәл өзгертіп (орыс тіліндегіше) айту фактісі;
4) әрбір сөйлемнің мағыналық интонациясын тап баса алмағандықтан, оның ішіндегі сөздерді дұрыс айта алмаушылық;
5)қазақ сөздеріндегі жіңішке дауысты дыбыстарды кейбір әншілердің жуандатып (айтеуыр, саулем, саулем, саулемсың)немесе, керісінше, жуан сөздерді жіңішкертіп айтула
ры (мені сүйген бір әдәмбар) т. т.
Әрине, бұл көрсетілген кемшіліктер мен ағаттықтардың орын алу себептері біреу емес,
бірнешеу. Ең алдымен, жоғарыда айтылған проблема алдымыздан тағы шығады, яғни
куні бүгінге дейін қазақша тіл мәдениетіне, орфоэпиялық норма дегендерге, логикалық
екпін, логикалық паузаларды дұрыс сақтай білуге отбасы мен балабақшадан бастап, тіпті
институт, университеттерге дейін жеткілікті мән берілмей келе жатқандығының салдары
сахна, радио, теледидардан айтылатын сөзге де кері әсерін тигізіп отыр.
Екіншіден, қазіргі барша шаруамыз жазу арқылы жүретіні мәлім. Актёрлер пьесадағы
рөлдерін жазылған текст бойынша игеріп, жаттайды, әншілер де шырқайтын өлең текс-
терімен қағаз арқылы танысады, дикторлар да жазылған тексті алдарына қойып немесе
көз алдында жылжып өтіп жатқан лентадан оқып отырады, радио хабарлары да көбінесе
жазылған дүние бойынша айтылады (оқылады). Оеыдан барып ауызша айтылған тексте
жазба дұниенің ізі сайрап тұрады. Бұдан кейбір адамдардың орфоэпиялық ережелерді қан-
шама жақсы біліп тұрса да, оның көз алдында сөздердің жазылған түрі мықты сақталып,
сол қалпында айтуға бейімдеу болатыны байқалады. Оның үстіне әрбір . айтушы (актёр,
әнші, диктор т. б.) аузынан шығатын сөзін тыңдаушыға неғұрлым анық, айқын, түсінікті
етіп жеткізуге тырысады. Мұндайда әдеттегі ауызша сөйлеуге тән интуитивті автом а т и з мге, яғни сөздің дыбысталуының дұрыс-бұрысын ойламастан, сөйлеу дағдысы бойынша өзінен-өзі дұрыс шығуына (айтылуына) емес, керісінше, осылай айтсам, сөзім тың-даушыға анығырақ, түсініктірек жетеді-ау деген ойға жол беріледі. Осыдан барып, әрбір сөзді жеке айтқандағы қалпынша дыбыстап, қолғойұлды, бірғатар, Алматығаласы, күң- гүркүрөп, жаңбыр жауүп тұр деудің орнына қол қойылды, бірқатар, Алматы қаласы, күн куркіреп, жаңбыр жауып тұр деп жазылуынша айтатын, оқитын дикторларды күн сайын тыңдаймыз.
Сахна қайраткерлерінің орфоэпиялық нормаларды сақтауында жүк олардың өздерімен
катар,актёрлер дайындайтын оқу орындар ның педагогтеріне,театрлардың режиссёрлеріне, зстрада нөмірлерін даярлайтың көркемдік жетекшілерге артылады. Драма театрларының режиссёрлері тек спектакль қоюшылар ғана емес, сол пьесадагы сөздің, яғни ойдың, идеяның тыңдаушыға дұрыс, айқын жетуін көздеуші де болулары тиіс, өйткені драма театрының негізгі мақсаты — спектакльдің ұсынбақ идеясын сөз арқылы да жеткізу. Сондықтан сахна сөзінің анықтығы, құлаққа жағымды тиюі — актёрлер мен режиссёрлерге қойылатын басты талап, негізгі шарт. Бұл талап, әрине, эстрада әншілеріне де, кинода сөйлейтіндерге де қойылады. Өйткені ән тек мелодиясыныц әсемдігімен ғана емес, жүрекке жыльг тиетін сөзімен де қымбат. Бүларға сол сөзді анық, бұзбай жеткізетін тамаша дауысты әнші қосылса, ол ән, ол арня мнллиондардың жүрегіне жол табады. Мысалы, кезінде атақты әнші Роза Бағланованы сүйсіне тыңдағандар тек сирек кездесетін әсем үніне ғана емес, қазақ өлеңінің әрбір сөзін анық естіп, дұрыс дыбыстап айтқаны үшін де мейлінше тәнті болатын.
Бүгінгі қазақ сахна тілінің мәдениетін көтеруде, ең алдымен, сахна қайраткерлерін
дайындайтын оқу орындары мен театрларда жұмыс істейтін өнер иелерінің қазақ тілінің
орфоэпиялық нормаларын жақсы игерулеріне күш салу міндетін арқалайды. Ол үшін актёрлік, режиссёрлік, әншілік мамандықтарына оқыту, үйрету процесінде қазақ әдеби тілінің заңдылықтарын, әр алуан нормалық ережелерін арнайы пән ретінде де, факультатив курстар ретінде де оқытуды мықтап қолға алу қажет. Әрине, бұл үшін арнаулы оқу құралдары, методикалық нұсқаулар мен практикалық жаттығу жұмыстары ұсынылуға тиіс.
Сөйтіп, ауызша сөйлеудің өзі екі түрлі болады, бірі — күнделікті тұрмыста қолданылатын а у ы з е к і с ө й л е с у т і л і, екіншісі — т о п а л д ы н д а а у ы з ш а сөйлеу (орысша «лубличная речь»), Жоғарыда көрсетілген салалардың барлығы үлкенді- кішілі топ алдындағы сөйлеуге жатады, яғни жиын-жиналыстарға қатысушылар да, мектеп кластары мен студенттер аудиториялары да, мың-мыңдаған радно тыңдаушылар мен теледидар тамашалаушылар да, сахна өнерін қызықтаушы көрермендер де — барлығы да «шаршы топ» (публика). Топ алдында ауызша түрде айтылатын сөз қалай болса солай, бейберекет айтыла салмауы керек әрі құлаққа жағымды болуы шарт. Басқаша айтқанда, шаршы топқа ауызша ұсынылатын сөздің н ә р і (мағынасы) мен сазы (жағымды, табиғи
үні) болуға тиіс.