Лекция тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер),олардың зерттелуі



бет30/56
Дата11.06.2024
өлшемі319,58 Kb.
#203318
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   56
Байланысты:
Фонет 7.15

Жазылуы:
Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
Жақсы ат пен тату жолдас - бір ғанибет,
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.
Айтылуы (талдау жұмысы оңай болуы үшін әрбір тармақты жеке-жеке сараптаудан өткіздік):
// Қ а нс о н а р да // бүр - күт - чү // ш ы ғ а д а ң ғ а //
//Тас - тан түл - кү // та – былар // аң - дығаңға//
Жақ - сат пен // та - тұу жолдас // – бір ғаныйбет
//Ыңғайлы // ық - шам гійім // аңшадамға//
Сараптаудан байқағанымыздай, өлеңнің әрбір тармағы үш бунақтан тұратынын ажырату қиын емес. Дыбыстық сараптаудың құралы көрсетуінше кідіріс болған тұста дыбыстық белсенділіктің бәсеңдеуін байқауға болады. Оны мәтіндегі көлбей тік тұрған қос сызықтардың көмегімен өрнектеп көрсетіп тұрмыз. Ал бір бунаққа біріккен ырғақтар ішінде фонетикалық белсенділіктің артқанын, өрістегенін анық көрінеді. Оны мәтіндегі орфоэпиялық нормаларға бағынған бунақтардың айтылуынан байқаймыз.
Ал осы өлең шумағын қазіргі дыбыстық жүйеде қолданылып жүрген шартты белгілердің көмегімен толық транскрипция жасап көрейік. Сонда:
Қансонарда4 // бүркүтчү3 // шығад¢Çаңға4/// (11)
ТастанÇтүлкү4 // табылар3// аңдығаң8ға4///(11)
Жақс¢ÇатÇпен3 // татұуÇжолдас4 // бірÇғаныйбет3///(11)
Ыңғайлы3 // ықшам9гійім4 // аңш¢Çадамға4///(11)
Әрине, өлең тармақтары орфоэпиялық нормаларды сақтап айтылған және жазылған. Өлшемі 11 буынды қара өлең ұйқасына құрылған. Әрбір жорғақта (А.Байтұрсынұлы), қазіргі айтуымызша бунақта ерін үндестігі, ықпал және үнем заңдылықтары жүзеге асқан. Мұндағы әр өлшемнің және шартты белгілердің қолданылу ерекшелігі өлең құрылысы мен мазмұнын белгілейтіндігі анық. Яғни үйлесімділік деген қатаң заңдылыққа бағынып тұрғанын көреміз.
Өлең сөздерде бунақ басты меже болса, сөз ағымындағы мәтіндегі басты көрсеткіш сөздің мағыналық бөлшегін құрайтын ырғақтық топтар болып шығады. Мысалы, Ауылдан келген Асан қалаға келгеннен бері көп қызыққа, көп қиындыққа тап болды – деген сөйлемді айтылуы бойынша өрнектесек: АуылдаңгелгенАсан // қалағагелгеннембері // көпқыйындыққа // көпқызыққа // тапполдұ болып шығады. Осы сөйлемнің 5 ырғақтық топпен айтылатынын, жазылуымен салыстырғанда 6 фонетикалық құбылыс іске асатынын аңғару қиын емес.
Енді бір сөйлемді (лебізді) жоғарыдай сараптау бағдарламасынан өткізіп көрейік.
Мысалы:
Сенің айтып отырғаның – қай қазақ?
(Сенің айтыб отұрғаның қай ғазақ)
Берілген сөйлемнің екі ырғақтық топтан тұратыны және фонетикалық құбылыстар арқылы іске асатын орфоэпиялық нормалардың тек ырғақ ішінде болатынын көреміз. Сөйтіп әдетте тек құлаққа естілетін, бірақ көзге көрінбейтін дыбыстардың заңдылығын осы бір ақпараттық технология арқылы қолмен ұстағандай етіп түсіндіруге болады екен. Бұл шәкірттердің зор қызығушылығын туғызып қана қоймай, олардың зерттеушілік қабілеттерін де дамытатыны анық деп айта аламыз.
Белгілі бір мәселені оқытып меңгертуде мына мәселелер қамтылатыны белгілі: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2) мазмұны (нені оқыту керек?); 3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?); 4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?); 5) оқыту кезінде білім алушының білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері. Біздің көздеген мақсатымыз осы аталған шарттарға ІT-технология арқылы жаңадан жол ашу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет