Лекция тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер),олардың зерттелуі


Мырза Мелькем-Ханом және басқа да ағартушылар



бет39/56
Дата11.06.2024
өлшемі319,58 Kb.
#203318
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56
Байланысты:
Фонет 7.15

Мырза Мелькем-Ханом және басқа да ағартушылар
Ахундовтан кейін бұл мәселемен парсы әдебиеттанушысы Мырза Мелькем-Ханом айналысқан болатын. Мырза Мелькем-Ханомның «Шейх және визирь», «Основы прогресса» атты шығармалары осының нақты дәлелі болып табылады. Автор латын әліпбиіне көшу қажетін әңгіме түрінде өрбітеді: «Шейх: Визирь, я заявляю, что с этим бессымсленным алфавитом дальше невозможно жить на свете. Тысячи заседаний, тысячи хороших законов, тысячи школ и любое количество регулярных солдат бесполезны, благодаря именно этому алфавиту» (Шейх и визирь, 28-бет).
Парсы ханзадасы Мырза-Риза-Хан 1879 жылы түркі және парсы халықтары үшін жоба дайындаған («Alphabet Ruchdie»).
Мырза-Риза-Хан есімінен кейін Закавказьенің танымал ағартушысы Ферудин – Бек Косарли 1898 жылы «Кавказ» газетіндегі (№230,238,264) орыс тілінде жазған мақаласында араб әліпбиінің кемшіліктерін баяндайды.
«Shardi Rus» (Русский Восток) газетінің редакторы Мемед-Ага-Шах-Тахтин әліпбиді ауыстыруда, ең бірінші үгіт-насихат жұмыстарын арнайы бағдарлама бойынша жүргізу керек деп тұжырымдайды.
ХІХ ғасырдың 70-жылдары түрік оқымысты Гази-Мұхтар-Паша Константинопольде «Әліпби реформалау қоғамын» құрады. Бірақ бұл ісі аяқсыз қалады.
Бұл кезеңде қазақ қоғамында да әліпби мәселесі қызу талқыға түсіп жатқан болатын. Қазақтың орысша оқығандарының арасынан да араб жазуының кемшілік жақтарын сынап, қазақ жазуын орыс графикасына икемдеу жайында пікір айтып, өз тұжырымдарын негіздеп мақала жазушылар көптеп шыға бастады. Міне, осындай пікір ағымдарын өз мақсаттарына шеберлікпен пайдаланып қалғысы келген орыс миссионерлері де араб жазуы үлгісіндегі қазақ әліпби жүйесіне орыс графикасын енгізуді насихаттай бастайды.
Расында да, жазылу графикасы да қиын, оқылу жолдары да (оңнан солға) қиын болып келетін әрі қазақтың дауысты дыбыстарын таңбалауға лайықталмаған, қазақ фонемаларын толық таңбалай алмайтын араб әліпбиінің қазақ тілін одан әрі өркендеп, дамытуға еш мүмкіндігі болмағандықтан, өзінен өзі басқа графикаға ауысуға сұранып тұрды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет