Лекция тақырыбы: Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі



бет13/14
Дата23.06.2023
өлшемі57,47 Kb.
#179129
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
лек

Әдебиеттер: 1,3,5,7,9, 10, 12,14,17,20, 21, 22, 23, 24, 25.

14 Лекция тақырыбы: Көркемдік әдіс, стиль, ағымдар.


Лекция тезис: Әдебиеттануда әдіс ұғымымен ұқсас бағыт, ағым, стиль, әдеби мектеп, әдеби топ деген түсініктер бар. Бұлардың барлығы да түптеп келгенде бірнеше суреткер шығармашылығына тән ортақ сипат белгілерден туындайды. Ал ортақ белгілер дегенде, жазушының әлеуметтік, идеялық, позициялық, тұрғыдағы ұқсастығы. Көркемдік әдіс – бірқатар ақын-жазушылардың шығармаларындағы идеялық, эстетикалық жағынан өзара ұқсас факторларының бірлігі. Өмір, қоғам қаламгердің алдына жаңа міндеттер жүктейді. Сондықтан заман өзгерісін дәл әрі нақты бейнелеу үшін қаламгер өзгеше ізденіп, жаңа әдіс-тәсілдер іздестіреді. Көркемдік әдіс, ойлау типі тұрғысынан: реализм және романтизм болып екіге жіктеледі. Әдеби әдістің диалектикалық табиғаты оның философия және әдеби талғаммен үнемі тығыз байланыста. Қоғам көркемдік әдіс туғызады. Қоғам дертіне ем іздейді. Емді жазушыларға береді. Көркемдік әдіс үш түрлі мәселемен тығыз байланысты: бірінші – нақты шындық, екінші – жазушының дүниетанымы, үшінші – жазушының ойлау жүйесі. Жалпы алғанда стиль – бір жазушыға тән творчестволық ерекшелік болса, ағым, бағыт – бірнеше жазушыға тән творчестволық бірлік. Әрбір әдеби ағымды әр қоғамдағы жағыдай туғызады сонымен қатар әдеби ағым-әр дәуірдегі идеологиялық күрестің әдебиеттегі көрінісі. Әдеби ағым – тарихи категория жалпы қоғамдық дамудың белгілі бір кезеңіндегі саяси-әлеуметтік сипатына сәйкес туады да, сонымен бірге дамып, бірге жоғалып отырады. ХҮІІ ғасырда туып, ХІХ ғасыр бас кезіне дейін ұласқан өнер атаулының бәрінде, әсіресе Батыс Еуропа әдебиетінде кең өріс алған әдеби ағым-классицизм латынша классикус – үлгілі, өнегелі бағыт дегенді білдіреді. Қоғамдық өмірде пайда болған жаңа талап-тілектер өнерге де жаңа талаптар қоя бастады. Нәтижесінде осыған дейін өнер әлемінде үстемдік еткен барокко стилімен күрес үстінде жаңа бағыт дүниеге келді. Бағыт өкілдерінің өз шығармаларында антикалар әдебиеттің озық үлгілерін өнеге етуіне байланысты классицизм деп атады. Классицизм поэзиясы мен поэтикасының бастаушысы Ф.Малерб болды. Алайда күрес үстінде қалыптасып, таныла бастаған француз классигінің поэтикасы Н.Вуалоның «Поэтикалық өнер» аталатын еңбегінде жан-жақты жүйеленген сипатқа ие болды. Еңбекте ХҮІІ ғ. Француз әдебиетінің тәжірибелері жинақталып, қортындыланды. Классицизмге тән сипат – асқақ азаматтық тематика, шығармашылық нақты қағидалар мен ережелерді қатаң сақтау болып табылады.
Романтизммен реализмнен бұрын классицизмді алмастырған ағым сентиментализм болды. Феодализммен күрес барысында прогрессивті роль атқарған буржуазия мен арестократия арасындағы күшейе түскен қарама-қайшылықтар жағдайында туған бұл жаңа ағымның барынша жарқырай көрінуі ХҮШ ғасырдың ортасында Англияда буржуазия өкімет билігін қолға алып, феодализм қалдықтары мен күресін жалғастырып жатқан кезеңге сай келді. Бұл кезеңде буржуазия белгілі бір дәрежеде қоғамдағы орташалардың мүддесін жақтап, олардың өмір салтындағы тұрақтылықпен қарапайым жандарға тән ізгілік сипаттарын аристократтар өміріне қарсы қойды. Әдеби өмірде бұл күрес ұлттық мүддемен шектелген классицизді ығыстырып шықты. Синтементализмнің сүйікті жанрлары – элегия, арнау, эпистолярлық роман, жол жазбалар, күнделіктер, т.с.с. қаһармандар мінәжатын мазмұндайтын уағыздаушылық сарыны басым жанрлар болды. Синтементалистік шығармалар қарапайым адамдарға арнап жазылып қана қойған жоқ, олардың өз идеялық идеалдарымен өздерінің бойындағы абзал қасиеттерді кідіртпей іске асыруды да талап етті. Осы ниеттеріне орай, синтементалистер өз шығармаларында бейнеленген идеалдарының күнделікті шындық өмірден алынғандығын көрсетуге құштар болды. Сол жолды әдебилікті де саналы түроде құрбан етуге барып, өз туындыларын шынайы құжат түрінде көрсетуге талаптанды. Мысалы, Ж.Ж.Руссоның «Юлия, немесе Жаңа Элоизасы» хаттары жинағы, Л.Стерннің «Синтементальды саяхаты» - жол жазбалары үлгісінде жазылған.Қаламгер шығармашылығындағы ортақтық және даралық туралы мәселелер стиль және көркемдік әдіс аталатын әдеби-теориялық ұғымдардан бастайды. Стильдің өзге поэтикалық категориялардан, әсіресе, көркемдік әдістен басты айырмашылығы оның нақты жүзеге асқан үлгіде көрінуінде.Стильдік ерекшеліктер көркем шығарманың сыртқы пішінінен бастап, бүкіл болмсында көрініп тұрады. «Ақындар өзара ұқсастығымен емес, ерекшелігімен қызық», - дейді А.Блок. Стиль даралығы, әсіресе, әр қаламгердің көркем тіл ерекшелігінен айқын байқалады.Сонымен қатар жазушының творчествосы оның өмір тарихымен, адамдық болмысымен, азаматитық бітімімен, өзгеден бөлдек өз тәжірибесімен, білімімен, мәдениетімен, дүние танымымен ұласып, тығыз байланысып жатады.
Қорыта келгенде, шын мәніндегі ірі жазушының стилін оның суреткерлік бітімімен бөліп қарауға, оның бүкіл әдеби беті мен бағытын күллі творчестволық мазмұны мен рухын белгілеген ағымнан не әдістен бөліп әкетуге болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет