Лекция. Тақырыбы: Кіші жастағы оқушылардың табиғаттану, қоғам тану және адам тану ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру мен дамыту әдістемесі. Лекция мақсаты



бет1/2
Дата16.02.2023
өлшемі20,26 Kb.
#168946
түріЛекция
  1   2
Байланысты:
лекция 4


4-лекция.Тақырыбы:Кіші жастағы оқушылардың табиғаттану, қоғам тану және адам тану ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру мен дамыту әдістемесі.
Лекция мақсаты: дүниетанымдық ұғымдар туралыбілім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Жоспары:
1.Пәннің мазмұнына байланысты дүниетанымдық ұғымдар мен көзқарастарды қалыптастыру жолдары.
2.Дүниетанымдық ұғымдарды қалыптастыру: оқушыларды сезімдік, логикалық, абстрактылы ойлауға бағыттау.
3.Алғашқы ұғымдардың біртіндеп ұғымдар жүйесіне ауысуын қалыптастыру.
4.Оқушылардың меңгеруге тиіс білім, біліктері.
Лекция мәтіні:
1. Дүниеге көзқарас дегеніміз – адамдардың, жеке адамдардың іс әрекеттеріне терең әсер ететін әлем және оның даму заңдылықтары жөнінде, табиғат және қоғам құбылыстары мен барыстары жөнінде біртұтас тиянақты көзқарастар жүйесі.
Дүниенің өзі микро, макро, мега жүйелерді құрайтын бір-бірімен көп салалы байланыста болатын объектілер мен құбылыстардың жиынтығы болса, дүниетанымның негізіне дүние туралы белгілі бір білімдердің жиынтығы кіреді. Дүниетаным әртүрлі білімдерді игеру барысында, сонымен қатар күнделікті көзқарастарды санада түю нәтижесінде қалыптасады.
Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы. Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық болады. Дүниетаным процесіне әр түрлі факторлар, мәселен, әлеуметтік және микроорта мен тәрбие, жаппай ақпарат құралдары т.б. әсер етеді.
Дүниетанымды қалыптастыру өткінші процесс емес. Ол адам өмірін түгел қамтиды. Оқушының жалпы дамуында бұл процесс тұрақты және үздіксіз өзгерістерге ұшырайды. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру олардың осы заманғы ғылыми біліммен қаруландыруға сүйенеді. Бұған мектепте оқытылатын барлық пәндердің қатысы бар.
Бастауыш мектепте ― Жаратылыстануды оқыту әдістемесі‖ пәнінің мұғалімі оқушыларды оқыта отырып, дүниетанымдық білімдерін қалыптастырады.Олай болса мұғалім мынадай шарттарды жүзеге асыруы тиіс.

  • Ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру іс-әрекеті кезеңдерінің нақты жоспарлауын қамтамасыз ету.

  • Табиғат пен қоғамдық өмірдің танылуға тиісті құбылыстарына оқушылардың жеке қатынасын қалыптастыру.

  • Алған білімді меңгеру, қолдану және үздіксіз бекітудің бірлігін қадағалау.

  • Оқушылардың адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру, тереңдету және бекіту.

  • Мұғалімнің өзі дүниетанымы мол, рухани жан дүниесі бай, ой-өрісі кең болуы керек.

Бастауыш мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың басты құралы іс-әрекет болып табылады.А.А.Любинская: ―Адамның ісәрекеті бүтіндей тізбек немесе практикалық және ақыл-ой әрекеттерінің белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттер жүйесі болып табылады‖- деп тұжырым жасайды. Яғни, әртүрлі іс-әрекет арқылы жеке тұлғалар қоғамдық қарым-қатынасқа түсіп, қабілеті, мінез-құлқы жетіліп, дүниетанымы қалыптасады.
Егемендікке қол жеткізілгеннен соң жаңа тәуелсіз мемлекеттер елдерінің ұлттық ой-сана, дәстүрлерімен қоса жалпы өткен мәдени рухани дүниеларіне де зор зер сала бастады. Еліміздің әлемдік өркениет жолына бетбұрыс жасап, дамылсыз рухани ізденістерді кезінде қазақ мемлекетіне жат мәдениет үстемділігінен арыла отырып, этномәдени білім мен тәрбие беру негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру білігі – бүгінгі күннің басты міндеті. Сондықтан еліміздегі жаңа саяси – мәдени қатынастары жағдайындағы ―Дүниетаным‖ ұғымына анықтама беріп, жас ұрпақтың санасы мен мінез-құлықтарын қалыптастыруда тиімді жолдарын іздестіруіміз қажет. Қазіргі кездегі ұлттық және жалпы адамзаттың рухани байлықтарды тиімді үйлестіру мәселесін алға қоя отырып, оларды мүлдем жаңа жағдайда сабақтастыра жүйелек қажеттілігі туып отыр. Мұның өзінің өркениеттіліктің жаңа жолына түсуге мүмкіндік берумен қатар, біздің қоғамдық және рухани өміріміздегі ерекшеліктерді басқаруға жағдай жасайды. Осы айтылып отырған тұжырым мектеп оқушыларына қазіргі ұлттық санамыздың өткенін, бүгінгі игілігін, болашақ мақсатын диалектикалық тұтастықта қарастырып, дүниетанымдарын сапалық нәтижеде дамытуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет