Менеджментте басты нәрсе кез келген адамдық қарым-қатнастарға
жарайтын баршаға ортақ басқару принциптерін іс жүзінде бөлу, анықтау
және қолдану болып табылады.
Менеджмент тура мағынасында «адамдарды басқару» ұғымын білдіреді.
Менеджменттің отаны болған АҚШ-та корпаративтік бизнеспен мүлікке
билік жүргізуді жүзеге асыру бойынша міндетті заңға сәйкес өз мойнына
алатын тұлғаны менеджер деп атайды. «Менеджмент» термині
американдықтар үшін фирманың алға қойған мақсаттарна қол жеткізудегі
материалдық және адамдық ресурстарды әлде қайда тиімді пайдалануды
және интеграцияны қамтамасыз ететін процесті білдіреді. Басқаша айтқанда,
менеджмент – бұл нарық жағдайында фирманы және оның қызметкерлерін
басқарудың теориясы мен іс тәжірибесі.
Достарыңызбен бөлісу: