№7 Лекция тақырыбы: Ӛмірдің мәні және кәсіби ӛзін-ӛзі анықтау
психологиясы
Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Студенттергеӛмірдің мәні жайлы
түсініктер беру, Қазақстанның заманауи даму кезеңіндегі кәсіби тұлғаның
құндылықтары мен бағдарларын, кәсіби ӛзін-ӛзі анықтау психологиясын
қарастыру.
Лекция мазмұны: Ӛмірдің мәні, ӛмірлік мақсаттар және
бағдарламалар. Кәсіби маманның сенімдері мен бағдарлары. Қазақстанның
заманауи даму кезеңіндегі кәсіби тұлғаның құндылықтары мен бағдарлары:
бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, сананың ашықтығы, ұлттық бірегейлік.
Кәсіби ӛзін-ӛзі анықтаудағы жеке құндылықтар мен мағыналар. Кәсiби
ӛсудегі кедергiлер, оларды болдырмау және жеңу жолдары. Кәсіби
сәйкестілік дағдарысы және эмоциялық қажу синдромы.
Адамның жан дүниесін терең зерттеген психолог ғалымдар мынадай анық
ақиқатты байқаған. Жас адам саналы ғұмырын бастамай жатып ауыр
трагедияға ұрынып, оның бағалы тағдыры қайғы мен қасіретке айналғанда
түпкі себебі біреу деген. Жап-жас ӛрімдей жігіт немесе қыз баласы ӛзінің
ӛмірге не үшін келіп, не үшін ӛмір сүру керек екенін ұмытып, ақылы
шатасқанда оның тағдыры қайғы мен мұңға тола бастайды. Сондықтан кез
келген қоғамдық дерттен жас ұрпақты аман алып қалу үшін оларға ӛмірдің
мәні мен тіршіліктің ақиқат тірегі туралы шындықтарды анықтап беру ең
маңызды шаруа. Күндердің күнінде белгілі бір ӛткелге жеткен кезде кез
келген адам баласын «Адам не үшін ӛмір сүреді?» деген сұрақ мазалайды.
Бұл сұрақ кез-келген екі аяқты ақылды пенденің отыз жастың орта шеніне
келгенде сүрінетін сауалы. Психология ғылымының ғұламалар былай дейді.
Кез-келген істі атқарып, оны соңына дейін жеткізіп жасағанда оның мәні мен
мағынасы адамның жүрегіне айқын сезіліп тұрмаса пенде ол істен міндетті
түрде жалығады. Адамның басқа мақұлықтардан айырмашылығы сонда мәні
кеткен, мағынасы жоғалған жұмыстарды жасаудан жалығып, ақырында мезі
болып, ол істен түбегейлі бас тартады. Мән мен мағынаны тауып,
сезу жолында тазалық пен әділдік міндетті түрде болуы шарт. Адам
жанының қалауы сол. Адамның ӛміріне лас заттар кӛп араласа беретін
болса, адамның денесіндегі таза, пәк жан жаман күнәләрға белшеден бата
беруден бас тартып қашады. Орыстың психолог ғалымы Леоньтев «ащы
кәмпит феномені» деп аталатын тәжірбие жасаған. Мектеп жасына толмаған
сәбиге екі түрлі міндет жүктейді. Бала бұл жұмыстарды бір орында қаққан
қазықтай қозғалмай, шағын шеңбердің аясында орындауы шарт. Бірақ бұл
мүлде мүмкін емес еді. Бала тапсырманы бір жерден екінші бір жерге
қозғалғанда ғана орындай алады. Егер бала тапсырылған міндетті бір орында
бұлжытпай орындаса, ақысына тәтті кәмпит алады. Бірақ бала әрі ойланып
бері ойланып, тапсырма тек қозғалған жағдайда ғана толық бітетінін
түсінеді. Енді тәжірибе жасаушы ғалым бӛлмеге сәбиді жалғыз қалдырып,
ӛзі сырттан бақыламақ болады да бір сылтау айтып бӛлмеден шығып
кетеді. Осы сәтті пайдаланған сәби шартты бұзып, жылжып барып айтқан
тапсырманы орындайды. Артынша ғалым бӛлмеге кіріп, ештеме байқамаған
кісіше, тапсырманы тексереді де, риза болған кейіпте уәде бойынша балаға
тәтті кәмпитті ұсынады. Ең қызығы жаңа ғана ӛте маңызды болып кӛрінген
тәтті кәмпиттің табан астында сәби үшін мәні жоғалады. Ол арам жолмен
табылып тұрған тәтті кәмпитті жеуден түбегейлі бас тартады. Мұндай сәтте
кейбір жаны нәзік сәбилер жылап та жіберуі мүмкін. Әлі дүние кірімен
былғанбаған баланың таза жаны әділетсіз жолмен келген тәтті кәмпитті ала
алмай қатты қиналады. Міне осылайша әр істелген іс тек адалдық пен
тазалықтың негізінде мәнге ие болады. Адамның жануардан айырмашылығы
да осы арада деп қорытады ғалымдар. Ӛкінішке орай бала ӛсіп, дүние кіріне
былғанған сайын баяғы тазалығын жоғалта береді. Ақырында керісінше
әділетсіз істерден ләззат алатын «қиянатшыл нәпсі» сезімі адам
денесіне біржола қожалық етеді. Біз әдетте кез-келген нәрсенің мәнін,
мағынасын белгілі бір дәрежеде анықтап үйренгенбіз. Кӛп нәрсе кӛзге
кӛрініп, сезіліп тұрғандықтан оның мәні де тезірек байқалады. Алайда
адамның кӛзіне кӛрінбейтін, уақытпен бірге ағып бара жатқан ӛмір деген
абстрактілі ұғымның мағынасын немен анықтап дәл айтуға болады.Ӛмірдің
мәнін анықтау үшін сенің ӛмірің бітіп, аяқталып қалса да мәңгі жалғаса
беретін түпсіз нәрсемен анықталуы тиіс дейді ғалымдар. Олай болса ӛзін
ұлы тұлға сезінетін адамдар тәкәппарлықтан тыйылуға тура келеді. Әр адам
«Мен жерді тіреп тұрған негізгі ұстын не болмаса күллі ғаламның
кіндігі емеспін. Сондықтан менен де маңызды, менен де қадірлі нәрсе болуы
тиіс. Менің найзағайдай жалт еткен шолақ ғұмырым ұшы қиыры жоқ мәңгіге
созылып жатқан бітпес бір ғұмырдың титімдей бӛлшегі деп ойлансын». Осы
бір ӛте елеусіз кӛрінетін бір адамның ғұмыры әлемдегі ӛз орнын дұрыс
анықтап, қоғамдағы «кетігін» тауып қаланғанда ғана мәні ашылады. Ал ол
адам ӛмірде ӛз орнын табу үшін ӛзге адамдардың ӛз орындарын
табуына кесірін тигізбеуі керек. (Ӛкінішке орай барлық жерде, ұжымда,
жұмыста, қызметте адамдар керісінше әрекет еткісі келіп тұрады) Міне,
осылайша гармония, сыйластық, барлық адамға деген игі тілек, жақсы ниет
дүниеге келеді. Осы мақсаттарға жету жолында кӛп адамның айнымас
темірқазығы ретінде жармасатын құнды заты — Құдай.Ерте замандарда
адамдар сауаты саяз, ілім-білім болмаған кезде «ӛмірдің мәні не?» деген
сұраққа онша терең бойлай алмаған. Ол кезде оларға мағына туралы емес,
«ӛзіңнің Жаратушы алдындағы міндетің туралы ойлан», деп үйрететін. Яғни
«Құдай сені о баста жаратып, маңдайыңа тағдырыңды қашап жазып берген.
Сен сол соқпақпен жүре бер», дейтін. Келе-келе адамзаттың сана-сезімі ӛсіп,
жерге жол кӛрсетуші киелі кітаптар түсіп, пайғамбарлар дүниеден озып,
қоғамда сауатты, саналы адамдар кӛбейген кезде Құдай «мені не үшін
жаратты?» «Тағдырымның мәні не?»-деген сұрақтармен басы қата бастады.
Осылайша