Лекция. Тақырыбы: Мүсіндеу сабақтарының түрлері. Жоспары: Мүсіннің басқа бейнелеу ӛнері түрлерінен айырмашылығы Мүсіндеу сабақтарының мазмұны Мүсіндеу сабақтарында машықтық жұмыстар



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата10.06.2020
өлшемі326,42 Kb.
#72924
түріЛекция
  1   2


10-лекция. Тақырыбы: Мүсіндеу сабақтарының түрлері. 

Жоспары: 1. Мүсіннің басқа бейнелеу ӛнері түрлерінен айырмашылығы 

2. Мүсіндеу сабақтарының мазмұны 

3. Мүсіндеу сабақтарында машықтық жұмыстар 

 

2.  Лекцияның  мақсаты  мен  міндеттері:  Мүсіндеу  сабақтарының  мазмұны 

классикалық  мүсін  ӛнері,  мүсіндеу  құралдары  және  материалдарымен  жұмыс  істеу  әдіс-

тәсілдерін меңгеру жайында түсінік қалыптастыру. 

 

3.Лекция мазмұны.  

Мүсіндеу, нұсқадан  сурет  салудыңтеориялық  негіздері. Мүсін,  яғни  «скульптура» 

/латынша  sculptura/  сӛзі  алғашқыда  қатты  материалдардан  фигураларды  қашап  жасауды, 

шекуді /мүсін жасауды/ білдірген. Кеңінен пішіндеу арқылы жасалған шығармалар да осы 

ұғыммен білдірілген. 

Мүсіннің  басқа  бейнелеу  ӛнері  түрлерінен  айырмашылығы  сол,  оның  басты  әсерлік 

құралы  аймақтық  форма.  Мұның  ӛзі  оны  жасаған  кезде  ағаш,  металл,  тас  сияқты  ұзақ 

сақталатын материалдарды пайдалануға мүмкіндік береді. 

Түрлі  халықтар  мен  дәуірлердің  толып  жатқан  мүсіндік  шығармалары  бізге  дейін  жетті. 

Ежелгі Мысырдың, Үндістан мен Американың мүсіндері мен барельефтері кеңінен мәлім. 

Антикалығ  Грекия  аса  кӛрнекті  мүсіншілер-  Фидийдің,  Мирон  мен  Поликлеттің  мәңгі 

ӛшпейтін шығармаларын әлемге тарту етті. 

Мүсін жұмыр /оны барлық жағынан қарауға болады / және бедерлі(рельеф) болып келеді. 

Жұмыр  мүсінде  адамды  бейнелей  отырып  тек  маскамен,  яғни  бетпен,  баспен  ғана 

шектеліп  қала  алады.  Басты  иықпен  бірге  кеудеге  дейін  бейнелеу  жартылай  фигура,  ал 

бүкіл  бойымен  бейнелеу  мүсінше  (статуя)  деп  аталады.  Кӛпфигуралы  композиция 

мүсіндік топ немесе ансамбль деп аталады. 

Рельеф  –  тек  бір  жағынан  қарағанда  жақсы  кӛрінетін,  жазық  беттегі  мүсіндік  бейне. 

Рельеф екі түрге бӛлінеді: фигуралар фонның жазықтығынан ӛз кӛлемінің жартысынан аз 

шығып  тұрса, барельеф деп,  ал  фигуралар  жартысынан  кӛбірек  шығып  тұрса 

ол горельеф деп аталады. 

Мүсін  шығармалары  жанды  бейнедегі  сияқты,  станокты  және  монументті-сәндік  болып 

бӛлінеді.  Станокты  шығармалар  айналадағыларға  тәуелсіз  ӛмір  сүреді,  сондықтан  түрлі 

жағдайларда  қоюға  болады.  Монументті-сәндік  шығармалар  әдетте  жеке  ансамбльдің, 

алаңның немесе саябақтың сәулет композициясының құрамдас бӛлігі болып табылады. 

Мүсіндеу сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесі 

Мүсіндеу  сабақтарының  мазмұны  классикалық  мүсін  ӛнері,  мүсіндеу  құралдары  және 

материалдарымен  жұмыс  істеу  әдіс-тәсілдерін  меңгеру  мен  оқушылардың  кеңістікте 

кӛлемді  бейнелер  жасауы  арқылы  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға  негізделеді. 

Сабақ  барысында  қарапайым  саз  балшық,  ермексазбен  кӛлемді  бейнелер  жасап, 

мүсіндеудің  алғашқы  ереже  заңдылықтарын  меңгереді.  Мүсіндеу  ӛнерінің  бейнелеу 

мүмкіндігін  танып,  ӛз  шығармашылық  қиялын,  елестетуін  мүсін  материалдары  арқылы 

жүзеге асырады. 




Сабақта  мүсіндеу  ӛнерін  дӛңгелек  мүсін  және  бедерлік  түрлерімен  танысып,  олардың 

жеке  –жеке  теориялық  және  технологиялық  білімдерін  меңгереді.  Сонымен  қатар  мүсін 

ӛнерінің  тарихын  саралап,  даму  кезеңдері  туралы  мағлұмат  алады.  Соның  ішінде  қазақ 

даласында табиғат жағдайлары мен уақытқа тӛтеп беріп, қазіргі біздің заманымызға дейін 

жеткен  ескерткіштерімен  танысып  мақтаныш  сезімге  бӛленеді.  Қазіргі  қазақ  мүсін 

ӛнерінің  дамуына  үлес  қосқан  Х.  Наурызбаев,  Е.  Сергебаев,  Ш.  Уәлиханов,  Б. 

Әбішевтердің  ,  Е.  Мергенов  шығармашылықтарымен  танысады.  Осындай  мүсіншілердің 

сомдаған  Қазақстан  қалаларындағы  мүсіндік  туындыларының  атауларын  ,  тақырыптың 

мазмұнын талдап, кӛркемдік идеяларын ашады. 

Сыныпта  мүсіндеу  сабағын  ӛткізу  үшін  арнауцлы  құрал-жабдықтар  алдын  ала 

жинақталып сақталғаны жӛн, олар: мүсіндеу станоктері, тақтайшалар, қалақшалар /стека / 

, су құятын ыдыстар , оқушылардың жұмыс барысында гигиеналық тазалықтарды сақтау 

мақсатында киетін арнаулы киімдері болғаны жӛн. 

Мүсіндеу  сабағы  да  басқа  сабақтар  сияқты  әдістемелік,  дидактикалық  принциптер 

жүйесінде  құрылып  ,  ӛз  мақсат-міндеттеріне  жетуді  кӛздейді.  Мүсіндеу  сабағы  арқылы 

оқушылар  бейнені,  образды  тек  жазықтықта  ғана  емес,  сонымен  қатар  кеңістікте  де 

кӛлемді пішіндер жасау арқылы кӛрсетуге болатындығын меңгереді. 

Мүсіндеу  сабақтарында  машықтық  жұмыстарды  орындауға  мүсіндеудің  жапсырмалап 

созбалау және құрастырмалы /конструктивті / сомдау әдістері кӛрсетіліп түсіндіріледі. 

Мүсіндеу  сабақтарында  белгілі  бір  тақырыптық  композицияларды,  ұжымдық  әдісті 

пайдаланып орындауға болады. Мысалы, «Наурыз тойы» тақырыбына топтық композиция 

құрастыру тапсырылады. Ол композцияда Қазақстанды мекендеген ұлт ӛкілдерін сомдап, 

ортақ тақырып жүйесін жасайды. Мұнда оқушылар бір-бірімен саналы түрде ақылдасып , 

ынтымақтастықта  жұмыс  істеп,  тақырыптың,  композицияның  идеясын  ашады.  Ол 

оқушыларды ұжымдыққа , ынтымақтастыққа тәрбиелейді. 

Мүсіндеу  сабағы  да  басқа  сабақтар  сияқты  әдістемелік,  дидактикалық  принциптер 

жүйесінде  құрылып,  ӛз  мақсат-мндеттеріне  жатуді  кӛздейді.  Мүсіндеу  сабағы  арқылы 

оқушылар  бей  нені,  образды  тек  жазықтықта  ғана  емес,  сонымен  қатар  кеңістікте  де 

кӛлемді пішіндер жасау арқылы кӛрсетуге болатындығын меңгереді. 

Мүсіндеу  сабақтарында  машықтық  жұмыстарды  орындауға  мүсіндеудің  жапсырмалап 

сызбалау және құрастырмалы /конструктивті/ сомдау әдістері кӛрсетіліп түсіндіріледі. 

Мүсіндеу  сабақтарында  белгілі  бір  тақырыптық  композицияларды,  ұжымдық  әдісті 

пайдаланып орындауға болады. Мысалы, “Наурыз тойы” тақырыбына топтық комплзиция 

құрастыру  тапсырылады.  Ол  композицияда  Қазақстанды  мекендеген  ұлт  ӛклілдерін 

сомдап,  ортақ  тақырып  жүйесін  жасайды.  Мунда  оқушылар  бір-бірімен  саналы  түрде 

ақылдасып, ынтымақтастықта жұмыс істеп, тақырыптың, композицияның идеясын ашады. 

Ол оқушыларды ұжымдыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелейді. 

Бастауыш  сыныптардағы  бейнелеу  ӛнері  пәннің  бағдарламасында  ӛнер  туралы  әңгіме 

сабақтарына  арнаулы  сағаттар  бӛлінген.  Бұл  сағаттардың  ауқымды  бӛлігі  ІІІ-ІҮ 



сыныптарда оқытылады. Ӛнер туралы әңгіме сабақтарында оқушылар белгілі суретшілер, 

мүсіншілер және сәулемшілердің ӛнерімен, шығармаларымен танысады. 

Оқушылар  суретшілердің  ӛз  туындыларын  жасауда  тақырып  мазмұнының  тереңдігіне, 

эмоционалдық әсеріне, кӛркемдік шешіміне жету жолдарын танып түсінеді. 

Оқушыларды  үнемі  ӛнер  шығармаларымен  таныстыру  эстктикалық  тәрбие  беру 

құралының бірі болып табылады. Суретші кӛзқарасымен бейнеленген ӛмір шындығымен 

танысу  оқушылардың  ӛздерін  қоршаған  ортаға  жаңаша  кӛзқарасын  қалыптасрып,  оның 

сұлулығын тани білуге тәрбиелейді. 

Қазақстан даласындағы орта ғасырлардың кӛркем мәдениеті бұрын ӛткен андронов және 

ежелгі кӛшпенділер кезеңі мәдениетімен тұрақты мұрагерлік байланыста болғандығымен 

ерекшеленеді.Кӛшпелі  ӛмір  салты кӛркем кәсіптің алда ұзақ  уақыт бойы басым болатын 

осы аймаққа тән түрі кӛркем қолӛнер кәсібін қалыптастырды. 

Сондай-ақ  аймақтағы  қалалардың  жылдам  даму  кӛршілес  кӛркем  мәдениеттердің  әсері 

байқалатын  кӛркем  қолӛнер  кәсібі  бұйымдарының  жаңа  түрлерінің  пайда  болуына 

ықпалын  тигізді.  Қазіргі  кездегі  археологиялық  мәліметтер  қазіргі  Қазақстан 

территориясында  орналасқан  орта  ғасырлық  қалалардың  қарқынды  ӛмірі  жайлы  бұрын 

болжам түрінде болған пікірді нығайтуға мүмкіндік берді. 

Қалалықтардың  ӛмірі  негізінен  шығыстан  батысқа  қарай  ӛтетін  керуен  жолдарының 

қозғалысын  қамтамасыз  етумен  байланысты  болды,  ал  олардың  тұрмыстық  жағдайы 

тұрғындардың  басым  кӛпшілігінің  ӛмір  салтының  жалпы  сипатынан  айтарлықтай 

ерекшеленеді.  Сондықтан,аймақтық  тек  отырықшы  тұрғындарына  ғана  тән  кӛркем 

қолӛнер  кәсібі  бұйымдарынан  кӛшпенді  мәдениет  тудырған  кӛркемӛнер  дәстүрлерімен 

тығыз  байланыста  байқауға  болады.Дегенмен,  осы  кезеңдегі  кӛшпенділердің  ӛнері 

мәдениеттердің  бір  біріне  тигізген  әсерлерінен  байи  түсті,себебі,керуен  жолдары  жаңа 

идеялар тудырмауы мүмкін емес еді. 

Сонымен  бірге  кӛшпенді  мәдениет  қолданылатын  материалдар  түрлерін  де 

шектеді,кӛркем  композицияны  шешудің  ережелер  жүйесін  жасады,қолӛнер  және 

шығармашылық  жұмыстарының  алуан  түріне  арналған  түрлендіру  ӛлшемін  анықтады. 

Кӛшпенді  мәдениеттің  “таңында”  қалыптасқан  кӛркем  дәстүрлер  кейінгі  екі 

мыңжылдықта да ӛзінің ӛзектілігін сақтап қалды. 

Ортағасырлық кезеңде болған кӛшпенді және қалалық мәдениет кӛркем қолӛнер түрлерін 

екі типке бӛлуге болады:отырықшы тұрғындарына арналған және кӛшпенді ӛмір салтына 

қажет  заттар.  Сондықтан  қолӛнер  еңбегі  біршама  жақсы  дамып,ұсталар  мен  кӛзешілер 

тұрған қала кварталдары дәстүрлі түрде болды друге болады. 

Араб  мәдениетінің  пайда  болуы  Қазақстан  территориясындағы  кӛшпенділердің  ӛміріне 

айтарлықтай  әсерін  тигізбеді,  дегенмен  сол  кездегі  кӛркем  қолӛнер  кәсібіне  аз  да  болса 

ықпалы  болды.  Бұл  жадай  метал  құю  техникасында,архитектуралық  формалардың 

қасбетін  ою-ӛрнекпен  безендіруде  ерекше  байқалады.Аталмыш  аймақта  ӛмір  сүрген 

ортағасырлық тұрғындардың мәдениетінде сопылық философияның кең тарауының үлкен 

мәні бар. 




Шебердің  жұмысында,кӛркемқолӛнер  мәселесінен  басқа,  орта  мен  кӛшпенді  ӛмір 

жағдайына сәйкес келетін бұйымдардың тәжірибелік қажеттіліктеріне артықшылық жасау 

негізгі байдар болып табылады. Бұлардың біршама ӛзіндік ерекшеліктері болғаны белгілі. 

Егер тұрмыстық заттың формасын оның тәжірибелік функциясы анықтайтын болса, онда 

декор дүниетанымдық ұстанымдарда 

Қағаз  пластикасы  және  сабақтардың  теориялық  негіздері. Қазақтың  ертедегі  бізге 

беймәлім шеберлерін былай қойғанда ӛткен ғасырдың екінші жартысында бүкіл орта азия 

мен қазақстан аты әйгілі мұрын жырау (шын аты тілеген  сеңірбаев жарты ғасырға жуық 

ӛмірін  тамірден  түйін  түйіп  алтынды  күміске  байлаған  зергер  етік  тігіп  тас  қашаған 

ӛнермен ӛрге жүзген бесаспап шебер болған сондай –ақ қазақстандағы ққолӛнер дәстүрін 

жаоғастырушы  жүсіп  маханбет  күмбетбай  тәутен  әбдіғалй  шаяхмет  сейтен  мұхаметжан 

шері  аяған  сияқтты  атағы  ел  арасында  аңыызға  айналған  зергерлер  мен  бүгінгі  күні  кӛз 

алдымен отырған палжігіт берсүгіров әлімбет алданазаров сәдуақас кӛгентаев мырзақмет 

елікбаев тапай беймағамбетов құлмырза ӛтегенов мұхаш әлімьбетов дайыр садықов оспан 

кӛшебенов  хамза  жанбосынов  дүйсенбай  ысмағанбетов  садық  ыбыраев  сейтқасым 

жамболов  отар  бай  оспанов  әбдіғали  бәулетов  жармақ  жұмабаев  сәду  шоқбаров  ахмет 

ерғожаев  сияқты  зергерлер  мен  шеберлердің  қолынан  шыққан  туындылар  музейлер  мен 

үйлердің  сәнді  бұйымдарна  айналған  айтбай  жүсіпов  сапарғали  ысмайлов  ғабдыжамал 

әубакіров  ғани  иляев  қыждығой  ысиыбаева  қобан  аманжолов  жәкіжән  қылышбаев 

жүсібәлі смағұлов тар мен тігіншілік ӛнерімен белгілі болған шәрмен кӛшкінбав басықара 

сағынбаев  сейткамал  сейтенов  омар  нұржаубаев  есімдерін  жұртшылық  мақтанышпен 

атайды 


Қазақстандық қолӛнер шеберлерінің біразы 1916 жылғы ұлт-азаттық кӛтерілісіне белсене 

қатынасып амангелді батырдың соңынан ерген сарбаздарға қажетті қару жарақаттар соқты 

мысалы  батырдың  ағасы  бектепберген  үдербаев  пенбірге  баязи  тӛлегенов  мода  бек 

байториев сыздық қызыров сияқты ұсталар кӛтаршілерді білтелі мылтықтар мен сирақты 

мылтық айбалта қылыш сүңгі найзалармен қаруландырады ол қарулардың кӛпшілігі қазір 

музейлердегі  тиісті  орвндарда  сақталулы  тұр  бұлардың  қазіргі  жастардың  әскери 

патриоттық әсттетикалық тәрбие алуына ролі зор ,халық ӛнерінің түрлері оның орындалу 

тәсілдері  жоғарыда  айтылғандай  ӛте  кӛп  кілем  тоқу  киім  үлгілері  ӛрімшілік  зергерлік 

соүйектен мүйізден ағаштан жасалатын бұйымдар ер-тұрман тері  илеу тас қашау ұршық 

иіріп  жіп  есу  ӛрмек  жүгіртіп  кесте  тігу  Жан  түтіп  ши  орау  ӛнерлері  әрі  қиын  әрі  қызық 

бұл  ӛнерлердің  ӛркен  жаюы  біріншіден  тұрмыста  пайдалану  үшін  болса  екіншіден 

халықтың  ӛнерді  аса  жоғары  бағалауынан  да  туған  қасиет  олардың  сүйектен  жасаған 

кереуетері  мен  сандық  асадал  адалбаақан  жүкаяқ  кебеже  мүйізден  шақшалары  мен 

ыдыстары  сәндік  бұйымдары  сырға  білезік  жүзік  ӛңірше  алқа  шолпы  шаштеңге  шашбау 

сақина  ілгекқапсырмалары  ел  арасында  әлі  де  жиі  кездеседі  тұс  киіз  сырмақ  текемет 

аяққап  кесе  қап  шабадан  санндық  қап  бау-басқұр  қоржын тағы  басқа  киіз  үй  жасаулары 

күні бүгінге дейін бар. 

Ал  кілем  тоқу  ӛнері  де  біздің  ӛрс  алған  ауылдық  жерлерде  тұратын  қазақ  әйелдері  мен 

қыздары тоқыма жүн түтіп жүн сабауды ұмыта қойған жоқ қызылорда шымкент жамбыл 

торғай ақтобе обылыстарында кілем тоқу ӛнері ұрпақтан-ұрпаққа ауысып жаңаша түр ою-

ӛрнектер  мен  әсемдік  орнын  қадір  қасиетін  жойған  жоқ.сондықтан  тиісті  орендар  осы 



сияқты жергілікті қолӛнер шеберлеріне деген қамқорлықты оларға коректі шикізат қорын 

бӛліп  ғасырлар  бойы  халқымызбен  жасасып  келе  жатқан  қолӛнердің  алдағы  уақытта  да 

ӛркендей беруіне кӛңіл бӛлінеді деп. сенеміз 

Әр  халықтың  ғсаырлар  бойына  жинақталып  белгілі  бір  жүйеге  түскен  рухани  ӛмірінің 

ұлттық  мәдинетті  бар  .Мол  рухани  мәдинетінің  маңызы  бір  саласы  қолӛнер  .Қазақ 

хаоқының шеберлік ӛнері еңбек барсында туды және тұрмыс тіршілігінде қолданылаттын 

ӛнермен тығыз байланыстты болды .Барлық заттар кӛшпелі халықтұрмысына бейімделіп 

жасалды  .Қолӛнер  ғасырлар  бойы  дамып  қалыпттасып  келе  жатқан  хаоық 

шығармашылығы.ол талай ғасырлар кезеңінен ӛтіп түрленіп жаңарып келіп атадан балаға 

қалған мұра ретінде бізге жеткен дәстүрлі ӛнер .Ол арқыллы біз үлкен рухани эстет икалқ 

тәлім алып ӛнер әлеміне қанат қағамыз. Ӛнер туындылары белгілі бір дәуірде,сол дәуірде 

ӛмір  сурген  халықтың  тұрмыс  тіршілігін  бейнелейді.  Халықтың  асқақ  арманын,  табиғат 

сұлулығын, ішкі жан сезімін ӛнер арқылы білдірген. Ӛнер туындылары арқылы белгілі бір 

халықтың тарихын білуге болады. 

Тіл арқылы кез келген халықтың даму дәрежесін, оның даму тарихын, мәдениетін түсінуге 

болады.  Мәселен  сол  тілді  сақтап  дамыта  білуде.  Ал  біздің  тіл  қорымызда  мал 

шаруашылығы  мен  егін  шаруашылығына,  аңшылық,  саятшылы,  балықшылық,  т.б. 

кәсіпкерге,  қол  ӛнерінің  сан  алуан  туріне  байланысты  мыңдаған  ұғым  мен  заттардың 

атаулары бар және кез келген атаудың сыртыда тұрған, соған байланысты этнографялық 

ұғым,  наным  сенім,әдет  ғұрыпттар  тағы  б  ар  .Әр  түрлі  заттың  құбылысттың  аты  –жӛні 

сыр-сипатты  қоғамдық  қатынастар  әдет  ғүрып  салт-сана  мен  дәстүрлер  жайлы 

мағұлматардың  бәрі  де  кейінгі  т  уындарға  тән  тіл  фактілері  арқылы  ғана  яғни  тілдегі 

сӛздер  менсӛз  тіркестері  фразеологизмдер  мен  арқылы  мақал  мәелдер  аңыз  ертегілер 

арқылы жетуі мүмкін емес кез келген тілдің қоғамда ӛзара байланыстты үш түрлі қызметті 

бар  .оның  басты  қызметі  коммуникативтік  яғни  қоғам  мүшелерінің  ӛзара  қарым-қатнас 

жасап бірін-бірі түсінуі пікіри алысу үшін қажетті қызметі. 

Оның  екінші  қызметі  кӛркем  шығарма  тіліне  тән  тілдің  бұл  қызметіәрине  қаламгердің 

шеберлігіне сӛз саптау мәнеріне байланысты .ал тілі үшінші қызметі ғылыми терминмен 

айтқанда  аккумулиятивтік  қызмет  деп.  аталады  яғни  ол  тілдің  ғасырлар  бойы  дүниеге 

келіп  қалыптасқан  баолық  сӛз  байлығын  ӛз  бойына  жиып  сақтап  келешек  ұрпаққа  асыл 

мұра ретінде түгел жеткізіп отыратын игілікті қасиеті. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет