-
Мемлекет эволюциясын және оның тәуелсіздік кезеңіндегі институттарын
қарастыру;
-
Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени
реформалау үрдістерінің барысы мен нәтижелерін және экономикалық
қуатының өсуін айқындау;
-
Еліміздің әлемдік және өңірлік қоғамдастыққа халықаралық қатынастардың
дербес субьектісі ретіндегі кіру үрдісін ашу;
-
Ғылыми негізде азаматтық ұстанымды қалыптастыруды, мемлекеттің ішкі
өміріндегі оқиғалар мен халықаралық қатынастарды зерделей білуге
дағдыландыруды қамтамасыз ету.
Қазіргі таңда біздің еліміз 2050 жылға дейін әлемнің ең дамыған 30
елдің қатарына енуге мақсат қойып тұр. Бұл сапалы білім алу, сұранысқа ие
мамандықтың таңдауын және аянбай еңбек етуді талап етеді. Қазақстан
тарихын терең оқып үйрену өз Отаныңды құрметтеп, мақтан тұту сезімін
қалыптастырады. Әр бір азамат еліміздің тарихын жақсы білу керек, сонда ғана
дұрыс бағыт-бағдар алып, өз болашағын болжай алады. Осыған байланысты
Алаш жетекшісі Ә.Бөкейханның дәйексөзі:
«Бір халық өзінің тарихын білмесе,
бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға бейім
тұрады»
өзектілігін жоғалтпады.
Қазақстан қазіргі заманғы әлеуметтік кеңістікте және әлемдік тарихтың
уақыт межесінде өз орнын айқындауды көздейді. Қазақстандық қоғамда тарихи
сананы жаңғырту, өзіндік ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты
қалыптастыру, болашақ дамудың рухани бағдарын анықтау еліміздің ішкі
дамуындағы маңызды көрсеткіш. Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесінің
жаңаруын, зияткерлік қоғамның жасампаз тұлғасын қалыптастыру және
ұлттық тарихтың жаңа белестерін зерттеуде тарихи сабақтастықтың болуы
заңдылық.
Достарыңызбен бөлісу: