және ұжым өмірінен шеттеудің өзінің ең қымбат, бағалы уақытын жоғалтумен бара-бар
екендігіне көзін жеткізу;
- ұйымдасқан жасөспірімдер тобына және онда үстемдік ететін дәстүрлерге сын көзбен
қарай білуге үйрету.
Жоғарыда аталған үйсіздік, қаңғыбастық, отбасындағы берекесіздік, жанжал бәрі-
бәрі баланың жүйкесіне көп зияндығын тигізеді. Баланың қылмысқа бармауына, отбасына
оралуына әлеуметтік қызметкерлердің тигізер көмегі көп. Әлеуметтік қызметкердің басты
міндеті – баламен жеке әңгімелесу, ата-анасымен кеңесу, яғни ата-анасымен баланың
табысуына, отбасына оралуына, әлеуметтік жетімдікті болдырмауға жан-жақты кешенді
жұмыстар жүргізілуі керек.
Тәрбиелеуі «қиын» жасөспірімдерді тәрбиелеу проблемасы көп факторлы құбылыс,
оны
психологиялық жағынан бақылап зерттеу, педагогтар мен психологтарға, заң
қызметкерлеріне жүктеледі. Ол үшін баламен жұмысты қалай жүргізуге болады:
“тәрбиеші және бала” – бір-біріне деген сенім атмосферасының қалыптасуы; мемлекет
тарапынан әлеуметтік қолдау және баланың балалық шағын қорғау туралы үрдістерді іске
қосу; баланың жанұясымен үнемі тығыз байланыста болу; үнемі әлеуметтік қорғау туралы
қосымша мағлұматтармен, құжаттармен танысу. Тәрбиесі «қиын» балалармен жұмыста
төмендегі әдістерді пайдалануға болады. Тәрбиешінің жұмысындағы ең белгілі әдістердің
бірі- бақылау әдісі. Баланың іс-қимылын, сөзін әртүрлі іс-шаралардан байқау.
Жүйелі және нәтижелі жұмыс арқылы ол баланың мінезінде ауытқушылықтар болса,
сөзінде береке болмаса, ол баламен жеке жұмыс ұйымдастыру керек. Бақылауды қалыпты
жағдайларда жүргізу өте тиімді: ойын кезінде, сабақта, әртүрлі іс-шараларда үнемі көңіл
аударып, жүйелі жұмыс жүргізу керек.
Достарыңызбен бөлісу: