Лекция тақырыбы: Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктері. Лекцияның оқыту нәтижелері: Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктерін базалық



бет4/8
Дата16.10.2023
өлшемі49,12 Kb.
#185821
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
IAWDRSELDHJN15102023224431

Экстраверсия, интраверсия - адамның жауап әрекетi мен iс қимылына себепшi жағдайлар - нақты ме-зеттегi сыртқы сезiмдер (экстраверт) немесе ӛткен мен болашаққа байланысты санадағы бейне, елес пен ойлар (интроверт).
Сезiмдiк қызбалық (эмоциональная возбудимость) - эмоционалдық жауап болуы үшiн қажет ең тӛменгi әсердiң шамасы мен оның туындау жылдамдығы.
Аталған қасиеттердi ескерумен қазiргi заман психологиясында темпераменттiң барша ғылыми қауым қабылдаған тӛрт типiнiң сипаттамасы тӛмендегiше:
Сангвиник. Жоғары дәрежелi әрекетшең адам, дегенмен, бұл әрекетшеңдiк оның белсендiлiк қасиетiне сай, қозу мен тежелуi тепе-тең.
Назарын тартқанның бәрiне араласа кетедi, ым-ишарасы мен қозғалыс қимылдары мәнерлi, шапшаң. Сәл нәрседен қарқылдап күледi, болмашы себептен кӛңiлi қалып, мұңаяды. Бет-жүзiнен кӛңiл-күйi, заттар мен адамдарға болған қатынасы бiлiнiп тұрады. Сезiмталдығы ӛте жоғары, сондықтан ол оншама әсерi болмаған дыбыстар мен жарыққа елеңдей
бермей-дi. Мұндай адам кӛтерiңкi белсендiлiкке ие, жұмыс қабi-летi мен қуатының жоғары болуынан жаңа iске қаймық-пай кiрiседi, ұзақ уақыт талып-шаршамастан қызметiн жалғастыра алады. Зейiнiн таңдаған объектiне тез шоғырландырады, тәртiптi, қажет болса, ӛзiнiң ырықсыз әрекеттерi мен сезiмдерiне тоқтау, тиым бере алады. Әрекетi жедел, ақылы-ойы икемдi, тапқыр, сӛйлеу қарқыны шапшаң. Сезiмдерi, кӛңiл-күйi, қызығулары мен ниеттерi ӛзгерген жағдайға байланысты жеңiл ауысып отырады. Сангвиник тӛңiрегiндегiлермен тiл табысқыш, жаңа талаптар мен жағдайларға икемшiл. Қиналмастан бiр iстен екiншiсiне ауыса алады, қажет болса, қайта үйренiп, жаңа дағдыларды қабылдауға шебер. Әдетте, бұл типтi адам ӛткенi мен болашағын болжастыруда ӛзiнiң субъектив пайымдауларының жетегiнде қалып қоймай, кӛбiрек сыртқы әсерлердi объектив бағамдауға бейiм, экстраверт.
Холерик. Сангвиник сияқты жай әсерлерге берiлмейдi, әрекетшең және белсендi. Бiрақ холериктiң әрекетшеңдiгi белсендiлiктен басымдау, сондықтан ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Сангвиникке қарағанда салғырттау, икемi кемiрек. Осыдан - ниеттерi мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейiнiн ауыстыруы қиындау, сезiмi кӛбiне сырттай кӛрiнедi, сондықтан - толық экстраверт.
Флегматик - әрекетi енжар, сезiмталдығы мен кӛңiл шарпулары кем кӛрiнiстi. Оны күлдiру де, мұңайту да оңай емес, тӛңiректiң бәрi күлкiден жығылып жатқанда, ол мiз- бақпас. Қай жағдайда да сабырлылығы мен байсалдылығын жоймайды. Ым-ишара жоқ, сӛзi сылбыр, әрекетi жай. Жаңарған жағдайға икемделуi қиын, дағдылары мен әрекеттерiн ӛзгертуi ауыр. Солай да болса, флегматик ӛте қуатты, жұмыстан шаршамайды. Шыдамды, ұстамды, сезiмге берiлмейдi. Әдетте, жаңа адамдармен араласып кете бермейдi, сырттай әсерге тӛзiмдi. Бар бiлгенi iшiнде - интраверт.
Меланхолик. Ӛте сезiмтал, бiрақ әрекетшеңдiгi кем адам. Болмашы нәрседен кӛзiне жас үйiрiлiп, ӛкпе-легiш, сырттай әсердi күйзелiспен қабылдайды. Ым-ишарасы жоқтың қасында, дауысы мен қозғалысы ӛте сыл- быр. Әдетте, ӛзiне сенiмсiз, үркек, болмашы қиындықтан шегiнедi. Меланхоликтiң жiгерi кем, тез шаршайды, қызметi болымсыз. Зейiнi тұрақсыз, оның барша психикалық процестерi әлсiз. Кӛпшiлiк меланхоликтердiң ӛздерiнiң тұйықтығы мен адамдардан оқшаулануынан iшiне түйгенi кӛп - толық интраверт.
Әр адамның темперамент типi тума екендiгi қалтқысыз дәлелденген, ал қасиеттер түрiне байланысты белгiлi типтiң ұйымдасу проблемасы - әлi ғылыми шешiмiн таппаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет