№7 лекция тақырыбы. Орта Азия, Таяу және Орта Шығыс елдерінің математикасы
Қайнар көз. VII ғасырда Аравияда Мұхаммед (Магомет) негізін салған жаңа дін ислам діні пайда болды. Жаңа дін жолын қуушылар мұсылмандар (мүслім – бас июші дегенді білдіреді) ескі және христиандық діндердің дәстүрлерін сіңірді. Мұхаммед-Адам, Ноя, Авраам, Моисей және Исустан кейінгі алтыншы пайғамбар атанды.
Арабтық нөмірлеу.Ислам елдерінде нөмірлеудің екі түрі тарала бастады, олар: әріптік және ондық позициялық өрістеді (үнділер пайдаланған).
Арабтардың әріптік нөмірлеуі 28-әріптен тұрады және олардың барлығының сандық мәні бар. Сондықтан арабтың әріптік нөмірлеуінде 1, 2, ..., 9, 10, 20, ..., 90, 100, 200, ..., 900, 1000 үшін арнаулы таңбалар бар. Ондық позициялық нөмірлеуді енгізу бағдаттық мектептердің ең маңызды еңбектерінің бірі болды. Бұл нөмірлеу бірінші рет Мұхаммед әл-Хорезмидің (787-830) «Үнділік санау туралы» деген кітабында пайда болды, ол мұнда «мен үнділердің тоғыз әріптен кез-келген санды орналастыруына байланысты өрнектеуге болатынын және осы өрнектеу оқушыға оңай жеткізілетіндіктен, оны ашуға тілек білдірді».
(Мұхаммед әл-Хорезми «Математикалық трактаттар» Б.А. Розенфельд пен Ю.Х. Копелевич аудармалары. Ташкент . 1964. 9-бет).
Исламның батыс елдерінде үнділік цифрлар шаң басқан тор тақталарда есептеуге қолданған. Араб көпестері сандарды жиі сөзбен жазған. Санды сөзбен жазудың салдарынан бүгінгі күнге дейін Шығыс елдерінің саудагерлері қолданатын сандық шапшаң жазу – сийак туды.