Лекция тезистері 1-Тақырып. Спорттың мәні мен әлеуметтік қызметі. Спорттық жарыстар жүйесі



бет2/26
Дата08.02.2022
өлшемі148,5 Kb.
#98409
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
866467047058 7 Лекция тезистер

2-Тақырып Спорттағы бағыттау және іріктеу
Дәріс мақсаты: спорттағы бағдарлау және іріктеу түрлерін, жолдарын, әдістерімен таныстыру.
Тақырып сұрақтары:

  1. Спорттағы бағыттау, оның түрлері

  2. Спорттағы іріктеу, түрлері, кезеңдері.

Дәрістің қысқаша мазмұны


Спорттағы бағдарлау және іріктеу кезінде спорт түрінің талаптарына, баланың өз басының ерекшеліктеріне, қабілеттілігіне көңіл аударған жөн.
Баланың қабілеттілігін, қызығушылығын, ұмтылысын, спорт түрімен шұғылданғысы келуін ескеріп сол спорт түріне бағыттау шараларын спорттағы бағдарлау дейміз. Оны бірнеше түрге бөлуге болады.
1 Үгіт, насихат, спорт түрлерінен мағлұматтар беру. Мектепте сабақ кезінде мұғалімнің баяндаулары, спорт туралы кабырға газеттері, стендтері, көрмелер, радио, теледидардан берілетін хабарлар, әдеби кітаптар оқу, спорт жарыстарын көру т.б.
2 Спорт туралы кеңес, әңгіме. Мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі оқушымен ол жақсы көретін спорт түрі туралы әңгімелеседі, сұрақтарына жауап береді.
3 Оқушылардың спорт түрлеріне қабілеттілігін анықтау.
4 Оқушыларды қабілеттілігіне байланысты нәтижелі айналысуға болатын спорт түріне бағыттау.
Оқушының дарындылығын, спорттық көрсеткіштерін ескеріп нақтылы спорт түріне таңдап алуды спорттық іріктеу дейміз. Спорттық көрсеткіштер: спорт түрлері жаттығуларының техникасын жақсы меңгере білуі, дене қуаты дайындығы сынақ жаттығуларынан жақсы көрсеткіштер көрсетуі, сол спорт түріне қажет дене қуаты қасиеттерінің даму деңгейі т.с.с.
Жаттықтырушы дарынды балаларды іріктеп алып, оларды жоғарғы жетістіктерге жеткізуді жауапкершілігіне алады. Спорттағы іріктеу бірінші және екінші іріктеу деген екі кезеңге бөлінеді. Бірінші іріктеу – келешек спортшымен танысу, оны жан-жақты зерттеу. Ол мынандай әртүрлі іріктеу түрлерінен тұрады:
- қозғалыс қасиеттерін әр түрлі сынақтар арқылы бағалау;
- дене құрылысы ерекшеліктерін көру, бағалау;
- психо-физиологиялық тексерулер (сұрақ қою әдісі);
- ата-аналарымен танысу.
Екінші іріктеу кезеңінде жас спортшының қабілеттілігі және бастапқы мамаңдану кезіңдегі кемшіліктері анықталады. Іріктеу кезінде баланың морфологиялық ерекшеліктеріне назар аударған жөн (ағзаның құрылысы және дене мүшелері). Спорт түрлері адамның морфологиясына әр түрлі талаптар қояды. Мысалы, найза, граната, диск лақтырушылардың ұзын бойлы, ауыр салмақты болуымен бірге, айналу амплитудасы мен ұшу жылдамдығы үшін қолдары да ұзын болуы шарт. Жеңіл атлетикамен айналысушылардын аяқтарының ұзын болуы қажет т.с.с. Жоғары спорттық көсеткіштерге жету үшін суға жүзу спорт түрлеріндегі баланың алақаны мен табанының жалпақ болуының бірталай әсері бар.
Баланың денесінің, дене мүшелерінің өсуін, келешекте қандай болуын болжап, бағдарлаудың да көп маңызы бар. Мысалы, баланың бойы 8-9 жас кезінде жанындағы балалардан биік болса ол 18-19 жасқа дейін солай болып сақталады екен. Ал салмағының келешекте қандай болатынын болжап айту өте қиын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет