SILKWAY Халықаралық университеті
Кафедра
Педагогика және психология
Психология және мәдениеттану
пәнінен күндізгі және сыртқы бөлім
«Білім беру» даярлау бағытына арналған
лекция тезистері
2 кредит
Шымкент – 2019 ж
«Психология» пәнінен лекция тезистері
жинағын құрастырған аға оқытушы
______________ Мехмсанова А.А.
Лекция тезистері
жинағы кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітіліген:
Хаттама № 1, « 27 » 08.2020ж.
Кафедра меңгерушісі ________________ Байбекова М.М.
1-2апта
№1 Тақырыбы: Психологияға кіріспе.
Жоспар:
1.Психология пәні, мақсаты, міндеттері мен әдістері.
2.Психология ғылымының салалары, әдістері.
3.Психологияның даму кезеңдерінің негізгі сипаттамасы.
1.Психология курсындағы фундаментальды ұғымдар, психологиялық пәндерді оның ішінде
даму психологиясын, педагогикалық психология, тәжірибелік психология т.б. психологияның
арнайы курстарын игерудің негізін құрайды.
Бұл пән психология мамандарын дайындауда төменгі курс студенттеріне дәрістер түрінде
оқытылады. Пән қазіргі заманғы және классикалық психологиялық теорияларды ғылыми талдау
арқылы психиканың болмысын түсіндіреді. Психология пәні психикалық үрдістерді, қасиеттерді,
яғни психиканың жаратылысын және оның негізгі заңдылықтарын үйренуге ықпал етеді.