Тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихи қысқа уақыт аралығында еліміз экономика, қаржы саласында прогрессивгі технологияларға арқа сүйей отырып, кешенді реформалар жүргізу үстінде. Сөйтіп әлемдік өркениетке қауымдаса отырып, қарқынды дамушы елдердің алдыңғы қатарынан көріне бастады. Бугінгі таңда еліміздің әлеуметгік-экономикалық дамуының перспективалары нақты айқьндалып, арнаулы бағдарламалар қабылдануда. Еліміздің инновациялық, индустриялық одан әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекетіміздің күш-қуатының негізі, ұлтгық қауіпсіздігіміздің кепілі, қоғамдық дамуымыздың жөне оның жаңа сапалық деңгейге көтерілуінің көрсеткіші болып табылатын білім жүйесінің, адам капиталының мәні мен маңыздылығы барынша артып отырғанын атап өтуіміз керек. Осы кезге дейін еліміздегі білім жүйесі бұрынғы методология, құрылым мен фактологиялық мазмұн күйінде қалып келеді. Мұның өзі отаңдық білім саласының әлемдік білім кеңістігіне кірігуін, оның бүгінгі өмірдің өзгермелі жөне өскелең талаптары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруың, жаңа инновациялық өзгерістердің ендірілуін тежеп отыр. Қазіргі мектептегі білім мазмұны пәндік негіздерге құрылған, ал мемлекеттік білім стандарттары уақыттан едәуір, мектеп түлектерінің өмір талаптарына сай бейімділігін, компетенттілігін, функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды толық қамтамасыз ете алмай отыр. Жас ұрпаққа берілетін білім мазмұны қоғам дамуының деңгейіне тікелей байланысты екені мәлім. Соның бір белгісі: кешегі кеңес дәуірі кезіндегі жалпы білім беретін мектептегі білім мазмұны. Жалпы алғанда құрамы мен құрылымы жағынан ол кезеңнің білім мазмұнында "ғылым-өндіріс-білім" мәдени макромодель жатыр. Сондықтан жалпы білім беру жүйесіндегі басты ұстанымдардың бірі ғылымның барлық салаларынан білім беруге бағытталды. Сол себептен білім мазмұнының құрамы мен құрылымын анықтауда пәндік ұстаным ғана басшылыққа алынды.
«Озық технологилардың ерекшелігі мен тиімділігі» Қазіргі уақытта инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану барысында адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығын ең жоғары құндылық ретінде анықтайтын Қазақстан Республикасының негізгі заңы – Қазақстан Республикасы Конституциясы басшылыққа алынып отыр. Бұл – білім беруді жаңартудың негізгі қағидаларын: білім берудің «ізгілік парадигмасын» іске асыруға бағытталған білімді ізгілендіру мен демократияландыру қағидаларын анықтайды. Ол «білгір адам» парадигмасын ауыстыратын «өмірге дайын адам», «іскер адам» парадигмасы болып табылады. Парадигмалардың осылай ауысуы – білім берудің барлық мазмұнын терең ойластыруға ықпал етеді.
В.А.Сухомлинский былай деген екен: «Мұғалім дайын ақиқат, түйін, ой қорытындысын балалардың «миына құйғанымен», ойлау мен сөйлеу негіздеріне жақындауға мүмкіндік, шығармашылық, арман, қиял сезімдеріне еркіндік бере алмай келеді. Көптеген жағдайда бала өзінің ой еңбегін әлі ойлап та үлгермеген, санасына ерекше әсер етпеген түрінде, жаттап алуға дағдыланған. Соның нәтижесінде құбылыстың мәнін ойлау мен бақылау қабілеті дамымай, жаттауға негізделген есте сақтау дамиды. Бұл – баланы топастыққа әкелетін, ақырында оқуға деген ынтасын жоятын үлкен кемістік болып табылады. Баланы білім, ақиқат, ереже мен формулалар қоймасына айналдырмау үшін, оны ойлауға үйрету керек».
Қазіргі заман мектебі бала үшін қызмет ете отырып, оның мақсаты білімді өмірге қолдана, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар, адамгершілігі мол адам дайындау болуға тиіс.
Ендеше осы талаптарды іске асыруда мұғалімге бірден-бір көмек ол – озық технологияларды үйрену, қолдану, қолданыс кезінде саралау, жүйелеу болып табылады.
Біздің, мұғалімдердің, басты міндетіміз – балаларды: Ақпаратты талдау, қажетті фактілерді іріктеп, оларды салыстыруды үйрету.
Меңгерілген материал мен жаңа материал фактілерін байланыстыра білу.
Мәселені дәлелдеу, түсіндіру немесе шешу үшін логикалық сараптау тізбегін құруға үйрету.
Қарастырылатын нысан немесе проблеманы барлық ықтимал жағдайларда және өзара байланыстыра қарауды үйрету.
Ойша және іс жүзінде эксперимент жасауды үйрету.
Күрделі мәселелер жайлы алған білімдерін пайдалана отырып, өз бетінше ізденуге үйрету.
Түрлі әрекеттер мен шешімдердің салдарын болжай білуге үйрету.
Сыныптарстарымен жұптасып, үлкен не шағын топ құрып ынтымақтаса жұмыс істеуге үйрету.
Сөйлей білуге және тыңдай білуге үйрету.
Зерттеу жұмысын жүргізуге үйрету.
Топтық жұмыс кезінде топ жетекшісі, бағалаушы, уақыт үнемдеуші болуға дағдыландыру.
Тәрбие жұмысы
Оқудан тыс іс-әрекет
Мектеп ұжымындағы моральдық-психологиялық хал-ахуал, стиль, қарым-қатынас сипаты
Оқыту процесіндегі тәрбие
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы
Мектептен тыс тәрбие жұмысы
Мектептің отбасымен өзара іс-әрекеті
Әлеуметтегі өзара іс-әрекетті ұйымдастыру