Тақырып №3. Тәрбие жүйесі дамуы мен қалыптасуының әдістемесі Тәрбие жүйесі оқу процесіне қажет қосымша болып қана қоймай, қазіргі жағдайда шоғырландырушы рөлді орындай отырып, білім беру мекемесінің жұмыс істеуінің ең маңызды шарты болып табылады. Міне, сондықтан да тәрбие жүйесін құру кез-келген оқу орнының басты міндеті болып табылады.
Тәрбие жүйесін құру кезінде қандай аспектілерді назарға алу қажет?
Тәрбие жүйесінің қалыптасуы мен даму мәселелеріне арналған зерттеулерді талдау, қалыптасқан тәжірибе мынадай аспектілерді бөліп қарауға мүмкіндік береді.
1. Тәрбие жүйесінің мәнді ерекшеліктері:
1) дүниетанымдық мәселелердің айқындылығы;
2) педагогикалық шарттардың сапасы (студенттер мен қызметкерлердің комфорттылығы;
3) білім беру мазмұнының мәдениеттанушылық негізделуі;
4) әлеуметтік мәні бар ортаның болуы;
5) инновациялар, ҒЗИ, ЖОО, және т.б. ғылыми, шығармашылық, әдістемелік және т.б. қарым-қатынастарды дамыту;
6) өзін-өзі басқарудың болуы;
7) тәрбиенің заманауи мазмұны.
2. Тәрбие жүйесінің мазмұны: 1) педагогикалық қызметтің мақсаты мен міндеті;
2) педагогикалық шарттардың сапасы (педагогикалық қызметтің принциптері); 3) қызметтің жүйені құраушы түрі;
4) доминантты компонент;
5) тәрбиенің заманауи мазмұны;
6) мамандардың моделі.
3. Тәрбие жүйесінің құрылымы: 1)тігінен құрылымдық қатар;
2) көлденеңі бойынша құрылымдық қатар;
4. Тәрбие жүйесінің кезеңдері: 1) модельді жасау (жалпы схема);
2) тәрбие жүйесініңқалыптасуы (нақтылану, бөлшектерді дәлелдеу);
3) тәрбие жүйесініңдамуы (түзету мен қосымша);
5. Тәрбие жүйесінің нормативтік-құқықтық және кадрмен қамтамасыз етілуі. 6. Тәрбие жүйесінің тиімділігінің критерийі. Белгілі болғандай, тәрбие жүйесініңконцептуалды моделі кеңінен таралған, бірақ та құру мен практикалық жүзеге асыру үшін модульді вариант қолайлы болып келеді.
Тәрбие саласындағы бағдарды іздеу педагогтардан мына сұрақтарға жауап беруді талап етеді: оқу орнының қызметінің негізіне қандай құндылықтар қалануы тиіс? Оқу орнының ең маңызды мақсаттары қандай?
Дүниетанымдық мәселелерді айқындап алмай, тәрбие жүйесін құру мүмкін емес. «Үздіксіз білім берудегі тәрбие концепциясында» мыналар дәлелденген, тәрбие негізіне ХХ ғасырдағы гуманистік психологияның ережелері, А.Н.Леонтьевтің және С.Л.Рубинштейннің және т.б. қызметінің теориясы, әлемдік және отандық педагогикада негізі қаланған гуманистік тәсілдер, дүниені түсінудің диалектикалығы қалануы тиіс.
Тәрбие жүйесініңтиімділігі білім мекемелеріндегі қатынастардың қаншалықты гуманистік екендігіне байланысты. Оқу орны қаншалықты заманауи құралдармен жабдықталғанымен, егерде студентке ол оқу орнында оқу көңілсіз, оны топқа қабылдамаса, жатақханада рэкеттер мен үлкендік жасалса, егерде оқытушы әділетсіз және дарынсыз болса, әрине, ол кезде студенттер мен оқытушылар арасындағы өзара қарым-қатынас оқу-тәрбие процесіне жағымсыз ықпал ететін болады.
Студент пен педагог - оқу орнындағы басты тұлға, педагогтар мен қызметкерлердің жайлы болуы, бір жағынан, ал студентердің де барлық жағдайы жасалса, екінші жағынан, тәрбие жүйесініңқалыптасуы кезіндегі айқындаушы шарт болып табылады. Тәрбие жүйесініңқалыптасуымен кәсіби айналысушы, тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасарынан дұрыс педагогикалық бағыт жүргізуде табандылық пен икемділік талап етіледі.
Ұжымның әрбір мүшесі үшін достық қарым-қатынас, бір-біріне жақсылық ойлау ахуалын құру, әрине, кез-келген қызметті ұйымдастырудан гөрі қиындау. Мұндай қарым-қатынас ахуалына бұйрықпен, талап етумен қол жеткізуге болмайды, бірақ та реттеуге, түзетуге, қарым-қатынасты өзгерту ғана емес, міндетті түрде өзгерту қажет, бірақ та бұл ықпал тікелей емес, жанама, жұмсақ болуы тиіс.
Оқу орындарында гуманистік қарым-қатынасты қалыптастыру үшін студенттердің де, қызметкерлердің де жағымды орнығуы үшін мүмкіндіктерге ие болудың маңызы орасан зор. Өзін-өзі жүзеге асыру үшін көркем және техникалық шығармашылық, зерттеушілік жұмыс, көшбасшылықтың маңызы зор.
Мәдениеттің тәрбиелеуші маңызы шексіз. Адамзат құрған рухани және материалдық құндылықтарды студенттер аз уақыттың ішінде меңгеруі тиіс. Тұлға күш жұмсамай бұған қол жеткізе алмайды, бірақ та бұл күшті мәдениеттің әрбір студенттің мұқтажына айналатындай етіп, бағыттап, ұйымдастырып және әдістік жағынан дайындауы керек, немесе оқу орны өзінің тәрбиеленушілерінің тұлғасының қалыптасуына жауапты болады.
Сондықтан да студенттерді мәдениетке баулу керек, бұл процестегі педагогтың рөлі - көрінбейтін кадр сыртындағы режиссер сияқты, студент таңдау жасағанда, ол таңдауға педагог белгілі бір мөлшерде ықпал етеді.
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыра отырып, бұған қалай қол жеткізуге болады?
• Көркем және техникалық шығармашылық, зерттеу және іздеу қызметі мәдениеттанушылық бағытта болуы тиіс.
• Көрнекті ойшылдардың, мәдениет, ғылым қайраткерлерінің өмірі мен шығарашылығына, әртүрлі кезеңдегі халықтардың өнеріне, тарихқа және ғылыми идеяларға көңіл бөлу кез келген сабақты, лекцияны, сөйлеген сөзді, іс-шараларды байыта түседі. Мұндай материалдарды жеке сабақтарға қосып қана қоймай, сонымен бірге бинарлық, интеграцияланған сабақтар да жүргізу қажет.
• Бөлімшелерде құрылған студенттердің шығармашылық топтары, уақытша шығармашылық ұжымдар мәдени іс-шаралардың біріккен жобаларын жүзеге асыруда және даярлауда баға жетпес көмек көрсете алады.
• Кураторлардың қызметін нақтылау қажет, олар сынып сағаты мен сыныптан тыс іс-шаралар жүйесін мәдениеттанушылық бағытқа сәйкес құруы тиіс.
• Жұмыстың барлық бөліктерінде ұсыныстар жасайтын және енгізетін көркемдік кеңес белсенді жұмыс істеуі қажет, ол холлдарды, вестибюльдерді және кабинеттерді әрлеуден бастап, қажетті деңгейде тәрбиелік маңызы бар іс-шараларды өткізу бойынша жұмыстар атқарады.
Әрине, мәдениеттанушылық тәсіл барлық педагогикалық мәселелерді шешпейді, бірақ та мәдениетке үнемі көңіл бөлу студенттің тұлғасының дамуына жағымды ықпал ету мүмкіндігін береді, сонымен бірге педагогтардың қызметін шығармашылық және кәсіби жағынан байыта түседі.
Студенттердің білім алуындағы оқу орнының рөлі өте маңызды, бірақ та әрбір педагог маманды қалыптастырудың жалғыз ғана орталығы емес екендігін жақсы түсінеді. Студенттердің айналасындағы әлеуметтік орта, сыртқы жағдайдың ықпалы, көп мөлшерлі және көпфакторлы, және де ортаның жекелеген компоненттері жағымды ықпал етеді.
Алда тұрған басты міндет, әлеуметтік ортаны тәрбиелеу мақсатында пайдалану болып табылады. Бұл процеске негізінен педагогтар мәдениет мекемелеріне, жастар ісі бойынша комитеттерге, жасөспірімдер істері бойынша комиссия және т.б. көмек сұрап, бастама көтереді. Мысалы, бөлменің жоқтығынан кештер өткізілмеуі, ал жастар сарайында кең залдар бос тұрғаны дұрыс деп ойлайсыз ба? Тағы бір мысал: бір оқу орындарында музыкалық аспаптарды шаң басып жатса, ал екінші бір оқу орындарының музыкалық аспаптар сатып алуға қаржысы болмағандықтан, кештер өткізе алмай отыр. Сондықтан да әлеуметтік ортаны зерттеп қана қоймай, сонымен бірге оны барынша зерттеу қажет.
Формалды емес шығармашылық бірлестіктердің жұмысына қатысу студенттердің тұлғасына айтарлықтай ықпал етеді, сондай-ақ олар кез-келген бастама үшін кең мүмкіндіктерге ие болады. Сондай-ақ, ашық әлеуметтік орта жағымсыз әсер ететінін де естен шығармау қажет.
Тәрбие жүйесін құруға бағдар алған білім беру мекемелеріндегі өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуы педагогикалық ұжым тарапынан ерекше педагогикалық бағытты талап етеді. Студенттік өзін-өзі басқарудың мәні, бір студенттердің екінші біреулерге жетекші болуынан емес, қызмет процесінде – біріккен жұмыстың әртүрлі формалары мен түрлерінде олар гуманистік, демократиялық қарым-қатынастар тәжірибесін меңгеруінің маңызы зор.
Соңғы кездері оқу орындарында екі шектен шыққандық: өзін-өзі басқару органдарының толық болмауы, немесе қазіргі заманғы саяси қызметтің формаларын көшіріп алу: думалар, референдумдар, парламенттер, депутаттарды, делегаттарды сайлау және т.б. Ойынның варианты секілді, мұндай көшіріп алуға жол беріледі, бірақ та нақты өзін-өзі басқаруды мұндай жолмен құруға болмайды. Тәжірибе алмасуға болады, бірақ та оны өзін-өзі басқарудың дамуындағы қазіргі заманғы тенденцияларды ескере отырып, жергілікті жағдайларға байланысты шығармашылықпен қолдану қажет.
Тәрбие жүйесін жасау мен қалыптастырудағы ең нәзік те ең қиын сала – инновацияны ендіру болып табылады. Ерекше көңіл бөлуді талап ететін бұл мәселе тез және жеке шешілуі мүмкін емес, яғни оқу орнының шеңберінде немесе тек оның қызметкерлерінің күшімен шешу мүмкін емес, өйткені мұндай күрделі процесс көптеген институттардың күштерін шоғырланыдыруды объективті түрде қарастырады.
Оқу орнында жаңа инновацияны ендіру соған сай шарттарды талап етеді. Олардың ішіндегі ең негізгілері мыналар:
- педагогтар мен студенттердің субъективті бағытының дамуы, ол олардың жаңалықтарға қатысуға интеллектуалды және моралдық жағынан дайын екендіктерінен көрінеді;
- педагог-әкімшіліктің, жаңалықты енгізушінің тұлғасына сенім білдіру, оның түбегейлі өзгерістер жасайтынын мойындау;
- белгіленген жаңаруларды енгізу мотивациясының дәлелдігі;
- инновациялық күш-қуаттың болуы;
- жаңалықтарды енгізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін материалдық-техникалық және қаржылық база;
- бүкіл ұжымның шығармашылық ұмтылысы, олардың қызметіне әкімшілік қолдау көрсетеді және бағыт беріп отырады;
- қызметкерлердің құзырлығы мен олардың педагогикалық қызметінің тиімділігі негізінен кәсіби-демографиялық сипаттамаларға: жасына, жынысына, еңбек өтіліне байланысты болады. Оқытушының педагогикалық жұмысының ең өнімді болатын кезі оның еңбек өтілінің 5 жылдан 18 жылға дейінгі кезең болып табылатынын баршаға мәлім (оқытушының жасы 27 мен 40 жастың арасы).
Жағымды өзгерістердің жолындағы келесі қадамға проблемалық талдау жатады.
Нені өзгерту қажет деген сұраққа жауап беру үшін, шешімі ең жоғары пайдалы нәтиже беретін маңызды проблемаларды бөліп алу қажет. Мұндай мүмкіндікке оқу-тәрбие процесі мен оның нәтижелерін талдау арқылы қол жеткізуге болады.
Проблемалық семинарлар мен әдістемелік кеңестер циклдарын өткізген жөн болады. Педагогика, психология, социология және медицина саласында ғылыми зерттеулер оқытуды ұйымдастыру қажет. Ғылыми және әдістемелік әдебиеттер қабылдау үшін қиын, тәжірибеде қолдану үшін нашар бағдарланғандықтан көбінесе пайдаланылмай қала береді. Осыдан келіп педагог - практиктердің ғалымдармен тікелей қарым-қатынас орнатуда төмен белсенділігі, оқу орнының педагог әкімшілігінің тарапынан сенімсіздік көрсетуі келіп шығады. Бірақ егерде кез-келген деңгейдегі педагог-әкімшілік өзінің алдында тұрған міндеттерді жақсы түсінсе, ол кезде ол ғылыми әдебиеттермен қалай жұмыс істеу керектігіне өзін ғана емес, бүкіл педагогикалық ұжымды үйретеді, және де ЖОО, ҒЗИ, мұғалімдер білімін жетілдіру институттарымен, ғылыми орталықтар ғалымдарымен, оның ішінде басқа да жерлердегі ғалымдармен іскерлік қарым-қатынас орнатады.
Тәрбие жұмысын қалыптастыру – көптеген факторлар ықпалымен өтетін ұзақ та күрделі процесс. Шартты түрде оның мынадай кезеңдерін бөліп қарауға болады: модельдерді жасау, жүйені қалыптастыру, жүйені дамыту.