Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет103/124
Дата11.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#131432
түріЛекция
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   124
Байланысты:
2. Лекция (7)

Вербалды емес тiлдесуде
ең алдымен көру - қозғалыс жүйесiне байланысты өз iшiне ым, ишара, 
пантонима т.б. қамтыған белгiлер тобы өте маңызды. Әрқилы дене мүшелерiнiң (бет, бас, қол ұшы, иық 
т.б.) жалпы қозғалысқа келуi адамның көңiл-күй көрiнiсiн берiп, тiлдестiк қатынасқа көркем-көрiктiк 
нәр бередi. Ал бұл ишара белгiлер әртүрлi мәдениет иелерiнде, яғни әртүрлi ұлт өкiлдерiнде бiрдей емес. 
Мысалы, қазақ келiспесе басын шайқайды, ал болгарлар басын изейтiн көрiнедi. Вербалды тiлдесуге 
"қосымша" ретiнде 
паралингвистикалық 
және 
экстралингвистикалық 
белгiлер жүйесi де 
қолданылады. 
Паралингвистикалық
қосымшалар 

бұл 
дауыс 
ырғағы, 
әуенi, 
ал 
экстралингвистикалық 
дегенiмiз сөз барысындағы iркiлiс, сонымен бiрге жөтелу, жылау, күлу. 
Қорыта айтқанда, сөздiк емес тiлдесудiң қай түрi де сөз алысу барысында өте маңызды жәрдемшi (кейде 
дербес) роль атқара отырып, сөз мәнiсiн күшейту не кемiтумен бiрге, әңгiмелесуге қатысқандардың 
ниеттерiн бiлдiредi. Сөзбен бiрге қолдана отырып, вербалды емес белгiлер де адамдардың өзара 
байланысты қызмет әрекетiн ұйымдастыру үшiн қажеттi ақпарат алмасуын қамтамасыз етедi. Ишара, 
емеурiн, қимыл әлiппесiн бiлетiн адам қарсыластарының, әрiптестерiнiң сырын еш қиналмай-ақ ұғып, 
қандай жағдайда қалай әсер етудiң жолдарын пайдаланады, өз мүддесiн жүзеге асыру үшiн түрлi 
әрекеттерге барады. Тiптi адамның бетiне қарағанда, қай нүктенiң қалай әсер ететiнiн, қай тұстан қандай 
қуат келетiнiн iштей түсiнiп, қалауына орай нәтижеге жетуге әбден болады. Тек пиғыл, ниет таза 
болсын. Адамның ойлау мазмұнынан төгiлетiн пайда, зиянның өлшемi шексiз. Әрбiр сөз, әрбiр әлiппенiң 
өз саны, өз жүйесi бар, әрбiр әрiптiң өз иесi бар. Бiреудi жөн-жосықсыз ренжiту, қиянат жасау, қалай 
болса, солай сөйлеудiң түпкi тамырында магниттi толқындар жасырынған. "Жақсы сөз - жарым ырыс", 
"Жылы-жылы сөйлесең, жылан iнiнен шығады", "Жүйелi сөз жүйесiн табады, жүйесiз сөз иесiн табады" 
дейдi. Науқасты сөзбен құлан таза айықтыруға болады, сөзбен өлтiрiп жiберуге, тыпырлатпай тастауға 
болады. Сөз төркiнiн түсiнгендер мұны жақсы бiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет