Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет17/124
Дата11.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#131432
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   124
Байланысты:
2. Лекция (7)

Сауал-тесттер
 
белгілі бір психологиялық мінездеменің бар болуын я айқындалғандығы жайлы 
сенімді ақпарат алатын сұрақтарға зерттелушілердің жауабына талдау ретінде қалыптасты. Мұндай 
мінездеменің дамуы мазмұнына сай келген жауаптардың санына негізделеді. 
Тапсырма-тест
белгілі 
бір тапсырмаларды табысты орындау арқылы адамның психологиялық мінездемесі жайлы ақпарат алу.
Мұндай тесттерде тапсырмалардың бірнешеуін орындау қажет. Орындалған тапсырма санынан ол 
адамдағы белілі бір психологиялық сапаның бар немесе жоқ, сонымен қатар оның даму деңгейіне 
негіздеме бола алады. Мидың даму деңгейін анықтайтын тесттердің көбі осы категорияға жатады. 
Объективті мәліметтерді зерттелетін қасиет бөлініп, дұрыс бағаланатын жасанды жағдай жасалуға 
негізделген
эксперимент
 
- әдістің көмегі арқылы алуға болады. Зерттелетін феноменнің басқа 
феномендермен себептік байланысы жайлы, құбылыстың пайда болуы мен дамуын ғылыми тұрғыдан 
түсіндіретін басқа психологиялық әдістерге қарағанда, эксперимент ең сенімдісі. Эксперименттің екі 
түрі бар: зертханалық және табиғи. Олар бір-бірінен эксперимент жүргізудегі жағдайлармен 
ажыратылады. 
Зертханалық экспериментте зерттелетін қасиет дұрыс бағаланатын жасанды жағдай жасалады. 
Табиғи эксперимент әдеттегі тұрмыстық жағдайда жасалады. Мұнда зерттеуші кіріспей, жағдайларды 
сол күйінде жазып отырады. Табиғи экспериментті алғаш рет А.Ф.Лазурский қолдана бастады. Әрине, 
табиғи жағдайдағысы адамдардың өмірлік мінезіне сай келеді. Бірақ табиғи жағдайда зерттеуші толық 
бақылау жүргізе алмайтындықтан оның нәтижесі дәл болмауы да мүмкін.
Психологиялық әдістердің бірі – 
моделдеу.
 
Ол дербес әдіске жатады. Ол басқа әдістерді қолдану 
қиындағанда ғана жүргізіледі. Олардың ерекшелікгі белгілі бір психологиялық құбылыс жайлы 
ақпаратқа сүйенетіндігінде, екінші жағынан оны қолданғанда сыналушы қатыспайды немесе нақты 
жағдай есепке алынады. Сондықтан моделдеудің әр түрлі әдістерін объективті немесе субъективті 
әдістерге жатқызу қиын. 
Моделдер техникалық, логикалық, математикалық, кибернетикалық және т.б. болуы мүмкін.
Математикалық моделдеуде ауыспалылардың өзара байланысы мен олардың қатысы, зерттелетін 


құбылыстардағы қайталанатын элементтер мен қатынастар көрсетілген математикалық мән немесе 
формула қолданылады Техникалық моделдеуде зерттеуді елестететін құрал немесе құрылғы жасалуы 
қажет. Кибернетикалық моделдеу информатика және кибернетика саласының психологиялық 
міндеттерін шешуге пайдаланылады. Логикалық моделдеу математикалық логикада қолданылатын 
идеялар мен символға негізделген. 
Көрсетілген әдістерден басқа психикалық құбылысты зерттейтін басқа да әдістер де бар. 
Мысалы, 
әңгімелесу 

сауалнаманың бір нұсқасы. Сауалнамаға қарағанда әңгімелесу әдісі процедураны 
жүргізудің еркіндігімен ерекшеленеді. Әдетте әңгімелесу жайлы жағдайда өтеді, ал сұрақтар 
сыналушының жағдайы мен ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады. Басқа әдіске 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет