ол өз тағылымында жан мен тәндi бiр-бiрiне қарсы қойды, өзара тәуелсiз екi болмыс материя және рух
жасайтынын уағыздады. Сондықтан да психология тарихында бұл Декарт тағылымы "
дуализм"
(екi
тарапты) атауын алды. Дуалистер көзқарасында, психикалық табиғат ми қызметiнiң өнiмi емес, мидан
тыс, оған тәуелсiз, өз бетiнше жасайтын құбылыс екенi түсiндiрiлдi. Бұл бағыт ғылымда
объективтi
идеализм
деп аталды. Дуалистiк тағлиматты арқау етiп ХIХ ғ. психологиясында
психофизиологиялық
параллелизм
атанған идеалистiк бағыт кең өрiс алды. Бұл бағыттың мәнi: психика және тән қатар, бiрақ
өзара тәуелсiз жасайды. Мұндай идеалистiк көзқарасты дәрiптеушiлер Вундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо,
Джемс, т.б. Шамамен осы дәуiрде психология денi жөнiнде жаңа түсiнiктер қылаң бере бастады. Ойлау,
сезу, қалау қабiлеттерiне сана атауы берiлiп, психика санамен баламаластырылды. Осыдан жан
психологиясы орнына
Достарыңызбен бөлісу: