Лекция 8. «Тұлғаға бағытталған білім беру жағдайындағы қазақ тілі мен әдебиет пәндерін оқытудың ғылыми-әдістемелік негізі» 1.Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданатын әдіс-тәсілдер. 2.Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқытудың тиімді жолдары. 2.Көркем шығарманы талдау және мәнерлеп оқу түрлері. 3.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін танытудың тиімді жолдары
Кіріспе сөз
Абай армандаған толық адамның үш қасиеті
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Абай Құнанбаев
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек» дейді хәкім Абай. Олай болса, Абай үшін дүниенің басты құндылығы – адам, жәй ғана адам емес, рухани тұрғыда кемелденген толық адам.
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» деп есептейді.
Мақсаты: 1. Сабақ барысында білім алушыларды әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан дамыту. 2.Олардың көзқарастарын тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға, сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды, ынтымақтастық оқу жағдайында қарым -қатынас жасауды үйрету. Жоспар: 1.Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданатын әдіс-тәсілдер.
2.Көркем мәтінді оқу жұмыстарын ұйымдастыру.
3.Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқытудың тиімді жолдары.
2.Көркем шығарманы талдау жолдары. (автор ізімен талдау немесе тұтастай толық талдау/ кейіпкерлерге талдау жасау/проблемалық талдау)
3.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін танытудың тиімді жолдары.
4.Көркем туындыны образдар жүйесіне қарай талдау жолдары.
5.Әдеби шығармаларды проблемалық талдау жолдары.
Оқытушы көп әдісті білуге тырысуы керек.Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек. Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бағдарлама негізі тілдік бірліктерді және олардың тіркесімділігі мен қолданылу ерекшеліктері туралы білімді меңгеруде үлкен қолдау көрсетеді. Осының нәтижесінде сөздік қорлары толығып, тілдік дағдылары жетіледі, ұлттық құндылықтарды құрметтеуді, оны бағалауды үйренеді. Ұрпақ тәрбиесі – бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс. Адамзат ұрпағымен мың жасайды дегендей ұрпақ тәрбиесі қай кезде де халықтық мәселе болған.Қазақ тілін үйретудің екі жолы бар: жазбаша және ауызекі. Шығарма, мазмұндама жұмыстарында оқушылар өз ойларын, пікірлерін, әсерлерін мәтін түрінде жазбаша жеткізеді. Айтатынын дайындап, сұрыптап алады. Ал өз ойын ауызекі монолог немесе диалог түрінде жеткізу үшін тек қана тіл емес, мимика, ым, көзқарас қолданылады. Сабақта жетістіктерге бағыттайтын жұмыс түрлері көптеп қолданылады: жаттығу жұмыстары, грамматикалық, лексикалық тесттер, өздік, ұжымдық, жұптық, топтық бақылау, сөздік жұмыстары, диалог түріндегі түрлі ситуациялық жұмыстар, мәтінмен жұмыстың көптеген түрлері.
Қазақ тілін оқытуда жиі қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер: 1) Оқу-танымдық әрекетті ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістері: - тілдік әдістер (әңгіме, дәріс, семинар, диалогтік оқыту, топтық оқыту, бірлесе оқыту);
- көрнекілік әдістері (иллюстрациялар, көрсетілім, таныстырылым);
- тәжірибелік әдістер (жаттығулар, тәжірибе жасау, қолмен түрлі бұйымдар (постер, кластер, буклет) жасау;
- репродуктивтік әдістер;
- проблемалық-ізденушілік әдістер;
- өзіндік жұмыс әдістері (мұғалім басшылығымен және өз бетімен);
2) Оқу-танымдық әрекетті ынталандыру және уәжді арттыру әдістері. 3) Оқу-танымдық әрекеттің тиімділігін бақылау және өзіндік бақылау жасату әдістері.