Лекция топтамасы «5В011400 Тарих»


Лекция № 13. Қазақ халқының ұлт-азаттық соғыстары



бет15/18
Дата08.02.2022
өлшемі1,56 Mb.
#98812
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАН ТАР ӨЗЕК МӘСЕЛЕ ЛЕК
ҚАЗАҚСТАН ТАР ӨЗЕК МӘСЕЛЕ ЛЕК, ҚМЖ Бернулли формуласы, American journalism, About my dream Тolegenova.B docx (копия), Қaтaң дaуыccыз дыбыстap сессия, Тарих Экзамен жауаптары по билетам
Лекция № 13. Қазақ халқының ұлт-азаттық соғыстары.
Жоспар:

  1. Отан соғысы, ұлт-азаттық қозғалыс, көтеріліс, ереуіл.

  2. «Ақтабан шұбырынды», «Елім ай», бекініс, казак, протектарат, 1822 жж.

  3. Сібір қазақтарының жарғысы.

  4. Орынбор қазақтарының жарғысы1824 ж., аға сұлтан, батыр,сардар, дистанция, округ, генерал губернатор, бірінші дүниежүзілік соғыс, желтоқман

XVIII— XIX ғасырлардағы Қазақстандағы халық бұқарасының патша өкіметіне қарсы наразылық қозғалысының бай тарихы бар. XVIII ғасырдың екінші жартысында (1783— 1797 жылдары) Кіші жүзде Сырым Датов бастаған көтеріліс болды. 1836—37 жылдары Бөкей Ордасында Исатай Таймановтың басшылығымен көтеріліс жасалды. 1856—57 жылдарда Сырдария өңірі қазақтарының отаршылдық езгіге қарсы Жанқожа Нұрмұхамедов бастаған көтерілісі болып, шаруалардың Есет Көтібаровбасшылық еткен көтерілісі Батыс Қазақстан аумағын қамтыды. 1870 жылы патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы Орал және Торғай облыстарында көтеріліс, Маңғыстауда толқу болып өтті. Сол кезең әдебиеттерінде бұл оқиғалар тым жұтаң көрсетілген. Негізінен алғанда олар — түрлі басылымдардағы үзік-үзік жарияланымдар. Бұл мәселелерге «Военный сборник» беттерінде едәуір көңіл бөлінген. Барлық жарияланымдарда халық бұқарасының бой көрсетулері «бүлік» деп түсіндірілді, ал көтерілістер басшыларының жеке басы автордың көзқарасына қарай түрліше сипаттама алды. Н. Середа, Н. Савичев, В. Потто, И. Аничков, П. Юдин және басқаларының мақалалары соны дәлелдейді.


XX ғасырдың 30-жылдарында көтерілістер туралы арнаулы зерттеулер жазылды. Қарсылық қозғалыстарын зерттеуді алғашқылардың бірі болып А.Ф. Рязанов бастады, ол Орынбордың мұрағат материалдарының мол көзімен танысып, ғылыми айналымға енгізді. Жекелеген даулы мәселелеріне қарамастан, бұл зерттеулер бүгінгі таңда да өз мәнін жоғалтқан жоқ. Кіші жүз қазақтарының Сырым Датов басшылық еткен көтерілісіне М. П. Вяткиннің «Батыр Сырым» деген монаграфиясы (М., 1947)арналды. Нақты деректемелерді кең көлемде пайдалана отырып, кәсіби қолдан шыққан орнықты зерттеуде Кіші жүз қазақтарының көтеріліс қарсаңындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайына, бірқатар әлеуметтік санаттардың және бірінші кезекте шаруалардың наразылығын туғызған себептерге, көтерілістің барысы мен оның жетекшілерінің көзқарасына; Игельстром бастаған Орынбор әкімшілігінің рөліне және оның хан билігін жою үшін жасаған сәтсіз әрекеттеріне деректемелік және тарихнамалық шолу жасалып, ол мәселелер кең көлемде егжей-тегжейлі көрсетілген. Көтеріліс кезеңдері айқын зерделеніп, Сырым Датовқа, ол сүйеніш етіп, мүдделерін қорғаған әлеуметтік топтарға иланымды сипаттама берілген; патша өкіметіне қарсы жаппай бой көрсетулердің бірі не себептен жеңіліске ұшырағаны ашып көрсетіледі. Еңбек осы кезге дейін көтерілген тақырыпқа жасалған толық ғылыми талдамалардың бірі болып қалуда.
Сонымен қатар Е. Бекмаханов XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өмірі туралы зерттеу жазды (Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында. А., 1947). Кітаптың басым бөлігі Кенесары Қасымов басшылық еткен азаттық қозғалысына арналған. Мұнда көтерілістің қозғаушы күштері, оның Орта жүзде құлаш жаюы, Кенесарының қазақ мемлекеттілігін нығайту жөніндегі іс-шаралары, Қоқанға қарсы күресі, оның бұл күреске қырғыздарды тартпақ болған әрекеттері, сондай-ақ Кенесары мен оның жақындарының қырғыз билеушілері қолынан қаза табуы айқындалады. Қорытындысында автор Қазақстандағы 20-40-жылдардағы оқиғаларды жинақтап, олардың жалпы Орта Азиядағы қазақ халқының содан кейінгі тағдырына жасаған ықпалын анықтап берді (1992 жылы Е. Бекмахановтың кітабы екінші ретбасылып шықты). XX ғасырдың 50-жылдарының аяғы — 60-жылдарының басында Кенесары Қасымовтың көтерілісіне көзқарас түбегейлі теріс бағытта болды. Тұтас алғанда, көтеріліс феодалдық-монархиялық деп танылды, ал зерттеу авторы ұлтшыл деп айыпталып, қуғынға түсті (қараңыз: Е. Б. Бекмахановтың «Қазақстан XIX ғасырдың 20—40 жылдарында» деген кітабы бойынша пікірсайыс. Стенограмма. А., 2000). Көтеріліске ғылыми ден қоюшылық 90-жылдарда қайтадан жаңарды. 1990 жылғы 27—28 шілдеде Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты мен «Вопросы истории» журналының редакциялық алқасы «Отаршылдық жағдайындағы ұлттыққозғалыстар (Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік Кавказ) проблемасы бойынша ұйымдастырған Бүкілодақтық «Дөңгелек үстел» нысаналы түрде өткізілді. Ғалымдар халық бұқарасының азаттық күресінің көп жақты объективті көрінісін жасауға және қоғамдық санада орын алып отырған таптаурын ескі сенімдерді жоюға, сондай-ақ зерттеу объектілеріне де, оның тарихнамасы мен деректеметану проблемаларына да жана методологиялық көзқарастар іздестіруге шақырды. Ұсыныстарда «Ауызша айтылатын және фольклорлық материалдарды тарту арқылы XVIII—XX ғасырдың басында Қазақстанда, Орта Азияда, Солтүстік Кавказда, Еділ бойында болған ұлттық қозғалыстарды жан-жақты сипаттайтын құжаттар мен материалдарды анықтау, жинау және басып шығару», сондай-ақ С. Асфендияров, Е. Бекмаханов еңбектеріне жаңсақ берілген бағаны қайтадан ой елегінен өткізіп, олардың Қазақстандағы ұлттық қозғалыстарға арналған еңбектерін қайта шығару көзделді. 1992 жылы Ақтөбе қаласында ғылыми-теориялық конференция өткізіліп, оның «XVII-XX ғасырлардағы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс — біртұтас тарихи үрдіс: проблемалар, ізденістер, шешімдер» деген материалдары жарық көрді. Конференцияның айрықша белгісі қазақтардың тәуелсіздік жолындағы күресінін аз зерттелген проблемаларын көрсету және қазақ халқының азаттық күресінін тарихын зерттеу методологиясы мен тарихнамасы мәселелеріне жоғары деңгейде көңіл аудару болды. Бұл жылдарда жарық көрген әдебиеттерде империяның отаршылдық саясаты: орыстандыру, христиан дініне кіргізу, әскери және шаруалар арқылы отарлау зерделенеді. Жоңғарларға және орыс отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық соғыстардың тарихы тәуелсіздік алғаннан кейін тұтас он жылдықтың өзекті тақырыбына айналды. Отаршылдықтың және тоталитаризм идеологиясы үстемдігі кезеңіндегі ұзақ уақыт бойы үнсіздіктен кейін объективті баға беруге, қайтадан ой елегінен өткізуге мүмкіндік туды. 260 жыл бойы тәуелсіздік жолында, ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру жолында үздіксіз халықтық соғыс жүргізіліп келгені расталды. Мың-мыңдаған батырлар туған Отанының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан етті. Кеңестік тарихнамада шет аймақ халықтарының әрбір ұлт-азаттық бой көрсетуі бір-біріне тәуелсіз алынып, аймақтық мемлекет ішіндегі құбылыс ретінде қасаң таптық тұрғыда қарастырылды. Жоңғарларға қарсы азаттық соғыстары да сол сияқты назардан тыс қалды. Тәуелсіз мемлекеттің халқы тәуелсіздік жолындағы күрестің негізгі кезеңдерін бірінші рет жалпы халықтық ауқымда атап өтті. 1990 жылдың жазында Абылай ханның 280 жылдығына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция болып өтті. Ол Бұқар жыраудың 300 жылдығына, Бөгенбай батырға,Қабанбай батырға, Шақшақ Жәнібек Тарханға, қазақ халқының үш ұлы биі - Төле биге, Қазыбек биге, Әйтеке биге, үш жүз қазақтарының Ордабасында бірігуіне арналған конференциялар тізбегін бастап берді. 1992—1998 жылдарда Кенесары ханның, Исатай мен Махамбеттің, Ағыбай батырдың, Жәуке батырдың, Қарасай батырдың және басқаларының мерейтойлары жалпы ұлттық ауқымда атап өтілді. Кеңестік кезеңде әдебиеттің басым көпшілігі өлкедегі XX ғасырдың басындағы революциялық қозғалыстың тарихы бойынша жинақталды. 1905—1907 жылдардағы революциялық оқиғаларды соғыс алдындағы жылдарда зерттеудің қорытындылары Ұлы Отан соғысы жылдарында шыққан бір томдық «Қазақ ССР тарихында» жарияланылды, оның бір тарауында революция, столыпиндік реакция және жаңа революциялық өрлеу кезеңін көрсететін материал баяндалды. Қазақстан мен Орта Азиядағы 1905—1907 жылдардағы революция проблемаларын зерттеуге Мәскеу мен Ленинградтың жетекші ғылыми мекемелері тартылды. «Вопросы истории» журналының «Орта Азия халықтары тарихының кейбір мәселелері туралы» бас мақаласында Ресейдің шет аймақтарындағы 1905—1907 жылдардағы оқиғаларды жазудағы екі ұштылық туралы айтылды.Олардың бірі орыстың революцияшыл жұмысшылары мен жергілікті ұлттар бұқарасының арасындағы бейне бір тіл айырмашылығы мен тұрмыс ерекшеліктері туғызған «бөліп тұратын қабырға» туралы теорияны жүргізу, екіншісі революциялық оқиғаларды Ресейдің ең басты өнеркәсіп орталықтары жұмысшыларының қозғалысын басып озған сияқты етіп әсірелеу болатын.
1723 жылы ерте көктемде жоңғарлар қазақ жеріне тағы да соғысуға келді. Шуна Дабо деген қалмақ басқарған бұл шайқас екі бағытта жүруі тиіс еді. Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен талас өзендеріне шығу болса, екінші бағыт қазақтарға соққы беріп, Шыршық өзеніне жету болатын. Бұл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті топқа бөлініп, оның бірі Жетісу Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан тұратын екінші бір тобы Іле өзені бойына, Кеген өзенінің солтүстік жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағынадғы Кетпен тауы баурайына орналасты.
Бейғам отырған қазақтар аямай қырылды. Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді қырып-жойып, Ұлы жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. Халық басы ауған жаққа шұбырды. Ұлы Жүз бен Орта Жүздің қазақтары Самарқан пен ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазағы хиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Халық бұл кезеңді «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп атады. «Елім-ай» деген ән туды.
Халық ең соңында бірігудің қажеттігін түсінді. 1728 жылы Әбілхайыр бастапан Кіші жүз жасақтары, Тайлақ батыр, Саурық батыр бастапан әскерлер Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қалмақтарға қарсы соққы берді.
1730 жылы көктемде Балқаш көлі маңында тағы соғыс басталды. Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, сияқты батырлар бастапан қазақ жасақтары жоңғарларға аяусыз соққы берді. Бұл жер кейін «Аңырақай» деп аталып кетті. Шуно Дабо бастапан қалмақтар Іле өзені бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болды. Қазақ жерін азат ету жолындағы соғысты жеңіспен аяқтау үшін Үш жүздің әскерлері Шымкентке таяу Ордабасы деген жерге жиналды. Қолбасшы болып Әбілхайыр мен Бөгенбай сайланды.
Осы тұста Тәуке ханның баласы Үлкен Орда иесі Болат хан қайтыс болды. Таққа талас басталды. Болат ханның інісі, Орта Жүздің ханы Сәмеке (Шахмұхамед) тақтан үміткер болды. Сондай-ақ қалмақты қыруда үлкен ерлік танытқан Кіші жүз ханы Әбілхайырда тақтан дәмеленді. Алайда аға хан болып Болаттың үшінші ұлы Әбілмәмбет сайланды. Әбілхайыр бұған наразы болып, майдан шебінен әскерін алып кетті. Сәмеке де Шу бойымен Бетпақдалаға қарай өз әскерін алып кетті. Жоңғарларға қарсы майдан әлсірей бастады. Ұлы Жүздің ханы Жолбарыс жоңғарлармен мәмлеге баруға мәжбүр болды.
Осы тұста әрбір жүздің ішінде феодалдың бытыраңқылық күшейді. Кіші жүз сұлтандары Батыр мен Нұралы (Әбілхайырдың баласы) өз алдына ел биледі. Сол сияқты Орта жүзде Күшік пен барақ сұлтандардың да өз иеліктері болды. Қазақ хандығының Бұхара, хиуамен қатынасы да нашар болды. Еділ өзені бойында қалмақтар мен башқұрттар Кіші Жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызды.
Жинақталған деректі материал бір кәсіп, жеке облыс немесе қала еңбекшілерінің революциялық қозғалысын зерттеуге бағытталған нақты зерттеулерді тереңдете түсуге мүмкіндік берді. Е. Бекмаханов, Е. Ділмұхамедов, Б. Сүлейменов, Г. Ф. Дахшлейгер және басқалар еңбектерінде тарихи-революциялық тақырыптың талдануы өлкедегі революциялық қозғалыс пен ұлт-азаттық қозғалысының ерекше белгілерін тереңірек танып-білуге мүмкіндік берді. Олар большевиктік партияның аграрлық мәселе жөніндегі идеяларын насихаттаған социал-демократиялық топтардың қазақ еңбекшілеріне көрсеткен көмегін жазды. Е. Бекмаханов Қазақстандағы XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысының тарихын патша өкіметінің қоныстандыру саясатымен тығыз байланыста алып қарады. 1905—1907 жылдардағы құжаттарды жариялау жөнінде зор жұмыс жүргізілді. Бұл жұмыстың негізгі бөлігі «Ресейдегі 1905—1907 жылдардағы революция. Құжаттар мен материалдар» деген мерекелік серияда көрініс тапты. «Қазақ ССР тарихында» 1905-1907 жылдардағы революцияны қорытушы очерк берілді. М. Асылбековтің, Ғ. Сапарғалиевтің, Ә. Тұрсынбаевтың монографиялары бірінші буржуазиялық демократиялық революция туралы әдебиет болды.
Қазақстандағы революциялық қозғалыстың даму деңгейін баяндаудағы сол кездегі тарих ғылымына тән болған ұшқарылықтар да әдебиетте көрініс тапты. Т. Ю. Бурмистрова өз еңбегінде «ол кезеңде Орта Азия, Сібір, Солтүстік халықтары революциялық қозғалысқа әлі де тартылмаған болатын» деп пайымдады. А. А. Росляков былай деп жазды: «орыс шаруалары арасында революциялық қозғалыстың тірегі болған жоқ деуге болады», «Түркістандағы 1905- 1907 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысы қандай да болсын елеулі серпін алған жоқ», «жергілікті РСДЖП ұйымдары басқарған Түркістан революциялық жұмысшылары патша өкіметіне қарсы өз күресінде ұлттық шаруалар бұқарасы мен қала кедейлерінің де, ұлттық буржуазияның басым көпшілігінің де белсенді түрде қолдауынан үміт ете алмады». Оның пікірінше, революциялық қозғалыс тек «жаңа» (орыс) қалаларда, ішінара армияда ғана болған. Ұлттық деревня революциялық қозғалысқа дейін өсіп жеткен жоқ, өйткені «байырғы халық капитализмге дейінгі даму сатысында болатын». Басқа көзқарасқа қарағанда, Ресейдің шығыстағы шет аймақтары революциялық қозғалыстың даму деңгейі жөнінен елдің өнеркәсіпті орталықтарына тең, ал кейде жоғары болған. Мысалы, Р.Ф. Смирнованың мақаласында 1905 жылдан коп бұрын-ақ «Дала өлкесі мен Түркістанның барлық облыстарында Петербургтің «Жұмысшы табын азат ету жолындағы күрес одағы» үндеу хаттарының тарала бастағаны» айтылады. Тағы да: «Петербургтің «Күрес одағының» тікелей ықпалымен Түркістан мен Қазақстан қалаларында социал-демократиялық ұйымдар мен топтар пайда болды, сондай-ақ көбінесе социал-демократиялық ұйымдардың бастамасымен және басшылығымен өткен ереуіл қозғалысы өріс ала бастады». Бірақ мұны қуаттайтын құжаттар шын мәнінде болған жоқ.
Социал-демократиялық қозғалыс тарихын П. М. Пахмурный неғұрлым объективті және неғұрлым елеулі деректеме негізінде зерттеді. Автордың деректері бойынша, революция жылдарында Қазақстанда жалпы адам саны 1700-ге жуық 18 социал-демократиялық ұйым жұмыс істеген. Автор социал-демократиялық топтар мен ұйымдарға байырғы халықтан шыққан жұмысшылар мен прогресшіл ұлттық зиялылардың алдынғы қатарлы өкілдерін тартуды революция кезеңіндегі партия құрылысының аса маңызды жетістігі деп санайды. Алайда автор оз монографиясында қазақтар арасынан шыққан бірде-бір жұмысшы социал-демократты атай алмаған. Автор ол кезде өлкеде шынына келгенде большевиктік ұйымдардың әлі де болмағанын; олардың ең алдымен революцияшыл марксистер мен алуан түрлі оппортунистер арасындағы алауыздықтардың бүкіл түп-тамырын түсінбей, әлі айқындалмаған социал-демократтарды біріктіргенін мойындауға мәжбүр болды.
Өлкедегі 1905—1907 жылдардағы революциялық қозғалыс тарихын кешенді түрде зерттеуді жемісті жалғастырған Б. Сүлейменов проблеманың тарихнамасында елеулі із қалдырды. Автордың анықтауынша, революциялық қозғалыс феодализмге қарсы, империализмге қарсы сипатта болған. Зерттеуші қазақ шаруаларының орыс халқымен бірлесе отырып күресуі қажет екенін олардың бірте-бірте ұғынуына жеткізген аграрлық қозғалысының нысандарын қарастырған.
Бірінші буржуазиялық-демократиялық революция тарихының проблемалары бес томдық «Қазақ ССР тарихы» басылымында және бірқатар монографиялық зерттеулерде жеткілікті дәрежеде толық көрсетілді. 1905—1907 жылдардағы революция тарихы тарихнамасының жетістіктерін бағалай отырып, біз тарихшылардың маркстік-лениндік методологияны ұстана отырып, Қазақстандағы жұмысшы табынын тап күресін тым тартысты етіп жібергенін, қоныс аударушы шаруалардың, қазақ шаруаларының революцияшылдық деңгейін сыңаржақ әсірелеп көрсеткенін атап өткенді жөн санаймыз.
Ә. Бөкейханов бастаған қазақ демократияшыл зиялыларының көзқарастары көрінеу бұрмаланып, 14 500 адам қол қойған Қоянды петициясының рөлі кемітіліп көрсетілді. Сонымен бірге Қазақстандағы жастар, мұсылман қозғалысы жеткілікті дәрежеде зерттелмеді. Отаршылдық әкімшіліктің миссионерлік қызметі назардан тыс қалдырылды.
Тарихнамалық еңбектерде 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының тарихы жөнінде шыққан әдебиетке едәуір толық баға берілген. Оларда қазақтар мен Орта Азияның басқа да халықтарының патша өкіметінің езгісіне қарсы, еңбек армиясына жұмылдыруға қарсы, соғысқа қарсы күресінің серпіні қазіргі уақытта тек қана Ресейдің шет аймақтарындағы ұлт-азаттық күресінің аса маңызды кезеңі деп түсіндіріледі. Алайда зерттеушілер мұндай бағаға бірден келген жоқ, оның алдында 1926-27 жылдардағы, 1953-54 жылдардағы пікірсайыстар болды, оқиғаларға қатысушылардың естеліктері жазылды, Орта Азия республикаларында көтеріліс материалдарың жинау жөніндегі экспедициялар, конференциялар ұйымдастырылды, арнаулы еңбектерді басып шығару жүзеге асырылды және осы проблемалар бойынша 1954 жылы Ташкентте Біріккен ғылыми сессия өткізілді.
Көпжылдық пікірсайыстардан кейін 1916 жылғы тарих бойынша тұжырымдама қабылданып, ол бес томдық «Қазақ ССР тарихында», Орта Азия республикаларының тарихы жөніндегі тиісті зерттеулерде көрсетілді (қараңыз: Қазақ ССР тарихы, 3-т. А„ 1982; Тұрсынов X. Т. Орта Азия мен Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс. М, 1961 және басқалар). ІІІ томның «Бірінші дүниежүзілік соғыс. 1916 жылғы көтеріліс» деп аталған үшінші тарауында оның негізгі қағидалары баяндалған. Қазір тарихшылар бұл проблеманың жаңа түсіндірмесін беруге ұмтылуда және мұндай ізденістің алғашқы нәтижелері мамандарға М. Қозыбаевтың, Ә. Бисенбаевтың, К. Нұрпейісовтің, М. Қойгелдиевтің және басқаларының зерттеулері бойынша қазірдің өзінде таныс. Академик М. Қозыбаев, атап айтқанда, бес томдық «Қазақ ССР тарихы» III томының бұл тұжырымдамасын мынадай дәлелдермен қайта қарауды жөн деп тапты: 1916 жылғы оқиғалар «көтеріліс» деп және сонымен бірге «азаттық қозғалысы» деп аталған. Басқаша айтқанда, авторлар ұжымы, сірә, ұлт-азаттық қозғалысы көтеріліс нысанын алды деп ойласа керек. В. Даль бойынша, «көтеріліс — бүлік, ашу-ыза» (қараңыз: Даль В. Күнделікті қолданыстағы ұлы орыс тілінің түсіндірме сөздігі. М., 1989,270-6.). 1916 жылғы оқиғалар бүлік, ашу-ыза аясына сыймайды. Шынына келгенде, отаршыларға бүкіл халықтық қарсыласудың барлық нысандары: ауылдардағы халықтың манифестациялары, патша жарлығына қарсы жігіттердің өздігінен туындаған бой көрсетулері, жазалаушыларға қарсы ұрыс қимылдары, зиялылардың наразылықтары, жұмысшылардың ереуілдері, қалалардағы солдат әйелдерінің аштық жариялаған бүліктері көрініс тапқан үрдіс жүріп жатты. Отар Шығыстың империяға қарсы ұлт-азаттық соғысы жүргізілді. Ал оның бер жағында дәстүрлі әдет бойынша салдары қазіргі кезде де жалғасып келе жатқан кеңестік тарихнамада Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ұлт-азаттық соғысы шағын аймақтық көтерілістерге жатқызылды. Бүл тұжырымдамаға кезінде Түркістан аймағындағы жазалау әрекеттерін басқарған патша генералдары негіз салған болатын. Нақ солар саны 50 мың адамға дейін жететін халықтық армияны «қарақшылар», «бүлікшілер тобыры» деп атады; оның бер жағында басқа ешкім демес, нақ генерал А. Н. Куропаткин 1916 жылғы Орта Азияға жасалған жазалау экспедициясына қарағанда, «Черняев, Романовский, Кауфман, Скобелев Сырдария, Самарқан және Фергана облыстарын аз күшпен жаулап алды» деп көрсетті. Жазалау экспедицияларына қарсы ұрыс операцияларының ауқымдылығы, серпінділігі және сипаты жөнінен ол Оңтүстік-шығыс және Орталық Азиядағы ұлт-азаттық соғыстарынан асып түсті.
Бес томдық «Қазақ ССР тарихында» авторлар ұжымы 1916 жылғы феноменді идеологияға айналдырып, ұлт-азаттық қозғалысын азаттық қозғалысының маркстік-лениндік кезеңі деп санады. Ұлттық қозғалыстар мәнінің асқан зор білгірі Д. Нерудің былай деп санауы әбден әділ: «нағыз соғыс болмаған күннің өзінде де бақталас тараптар мен қарама-қайшы мүдделер арасында көбінесе жасырын соғыс пен жанжал болып жатады. Жат жерліктер билігінде болған елде мұндай жанжал іштей болып, тұрақты сипат алады, сөйтіп адамдардың ой-пікірі мен мінез-құлқына әсер етіп, оларды бұзады; әскери пиғыл ешқашан толық жойылып кетпейді» (қараңыз: Неру Д. Үндістанды ашу. 306-307-6.). Империя-метрополия мен азиялық отар арасында нақ осындай «әскери пиғыл», «жасырын соғыс» 1731 жылдан бастап орын алып, кейде ашық соғысқа ұласып отырды. Шын мәнінде, 1916жылфеномені қазақ халқының империя құрамына кірген кезінен бастап бір күн де толастамаған ұлт-азаттық қозғалысының жаңа кезеңі болып табылады. Т. Рысқұловтың 1916 жылғы оқиға «отарлардың көтеріліске шыққан бұқарасымен метрополияның нағыз соғысы сипатын алды» деп санағаны тегін емес (қараңыз: Таптар күресі. 1936, №6,73-6.). Отарлық Шығыстың халықтары өздерінің күл болғысы келмейтінін көрсетіп, қарсыласу жолына түсті. Бұл адамгершілік-психологиялық өзгерістердің революциялық, ұзақ мерзімді сипатта болғаны күмәнсіз. Орталық Азия халықтары Ресейдің екі революциясы мен азаматтық тайталас шеңберінде ұлт-азаттық қозғалыс алға қойған мақсаттар мен міндеттер үшін күресті, болашақтағы демократиялық мемлекет құрамында ұлттың өзін-өзі билеуі жолында шайқасты. Н. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» деген кітабында «бұқаралығы, қоғамның бар тарабын кенінен қамтуы, жалпы ұлттық ұрандар ұсынуы, мемлекеттік билік институттарын құруы жөнінен бұл қозғалысты — ұлт-азаттық революциясы деп, патшалық Ресей отарындағы осы тектес революциялардың тұңғышы деп бағалауға болады» деп атап өткен.
Бес томдық «Қазақ ССР тарихында» 1916 жыл феномені жалпы ресейлік үрдістің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылды. Ал 1916 жылғы феноменді азиялық Шығыс халықтарының сан ғасырлық ұлт-азаттық күресінін жалғасы деп қарастыру керек.
Бес томдық «Қазақ ССР тарихының» авторлары қозғалыс феодализмге қарсы сипатта болды, сондай-ақ феодалдық билік басындағыларға да қарсы
бағытталды деп пайымдады. Ал зерттеушілер жаңадан пайда болып келе жатқан, орыс және шетел капиталы мен бәсекелес ұлттық буржуазияның, дәстүрлі қатынастарды сақтап қалуға ұмтылған дәстүрлі шонжарлардың, әр түрлі зиялылар топтарының азаттық қозғалысына белсене қосылып, бұл орайда өздерінің көбінесе бір-біріне қайшы келетін мүдделерін көздегенін дәлелдеді.
Оқиғалардың қаншалықты қасіретті болғанына қарамастан, 1916 жылды өзін империяға қару қолданып тайталаса алатын күш деп ұғынған халықтардың ұлы жеңісі деп санау керек. Нақ ұлттық мүдделердің ортақтығын ұғыну Қазақстан шекарасын көктей өтіп, Шығыстың отар халықтарының қауымдастығын ұтынуға ұласты.
Бес томдық «Қазақ ССР тарихында» «көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, жергілікті феодалдық билік иелері үшін де күтпеген жерден басталды» делінген. Мұндай пайымдау қисынды бола алмайды. Отарлаушы өкімет орындарының маусымдағы патша жарлығы бүкіл халықты дүмпуді тұтандырушы болады деп санамағаны - басқа мәселе. Кеңестік тарихнамада ұлт-азаттық қозғалысының әлеуметтік негізі көтеріліс басшылығына таптық көзқарас тұрғысынан ұзақ уақыт бойы әдейі тарылтылып, олардың көшбасшылары әлеуметтік жатынан төменгі топтардан шыққан деп көрсетіліп келді. Бұл орайда хандар, сардарбектер, бектер сайланған, яғни Шығыстың дәстүрлі басқару институттарын қалпына келтірген тарихи фактілер ескерусіз қалдырылды.
Тарихнамада ұлттық зиялылардың 1916 жылғы халықтық соғысқа көзқарасы әр түрлі бағаланады. 1970 жылдардың аяғында-ақ академик С. Зиманов ұлт зиялылары мен олардың жетекшілерінің ұлт-азаттық қозғалысындағы, қазақ халқыныңұлттық сана-сезімін оятудағы қайшылықтарға толы рөлін тереңірек анықтау қажет деп атап өткен болатын. Ұлт зиялылары рөлінің қарама-қайшылығын олардың қоғамдағы жағдайымен түсіндіруге болады. Оның пікірінше, біріншіден, олардың дені қазақ қоғамының ауқатты топтарынан шыққандықтан отаршылдық аппараттың қызметшілері болды, сол кездегі құрылыстың белгілі бір артықшылықтарын пайдаланды. Екіншіден, орыс зиялыларынан айырмашылығы, қазақтың ұлт зиялыларының қатарында іскер зиялылар — банктердін директорлары мен басқарушылары, акционерлік қоғамдардың заң кеңесшілері болған жоқ, өнеркәсіпшілер, сондай-ақ қаржыландырушылар дүниесімен байланысы болмады. Олардың дүниеге көзқарасы ағартушылық идеялардың қуатты ықпалымен қалыптасты. Бұратаналардың зиялылары саналған олар отаршылдыққа қарсы идеологтарға айналды. Бірқатар зерттеушілердің пікірінше (М. Қозыбаев, К. Нұрпейісов, Д. Аманжолова, М. Қойгелдиев, М. Базарбаев және басқалар), қазақ халқының ұлттық көшбасшылары өздерінің даму дәрежесі жағынан еуропалық деңгейде болды.
Сол арқылы олар заманынан едәуір алға кетті. Рухани көшбасшылар мен негізгі халық бұқарасы арасында елеулі алшақтық пайда болды. Халық бұқарасы халықтың кедей табынан шыққан зиялыларды жақын тұтты. 1916 жылы ұлт-азаттық қозғалысында бір-біріне кереғар жақта болған қазақ зиялылары мінез-құлқының әр түрлі бағытын осымен түсіндіруге болар.
Тарихнамалық еңбектерде көтерілісшілердің әскери өнері және көтеріліске қатысушылар мен олардың көшбасшыларының тағдыры зерттелмегені атап өтіледі. Кеңестік тарихнамада 1916 жылғы көтеріліске қатысушылар Ақпан және Қазан революциялары мен азамат соғысына, Кеңес өкіметінің алғашқы онжылдығындағы демократиялық өзгерістерге белсене қатысушылар болды деп саналды. Бірақ қазір біздің қолымызда олардың көпшілігіне тағдыр күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістерге қатысушылар болуды жазғаны туралы деректер бар. Революция және Азамат соғысы жылдарында әйтеуір бір себептермен баррикадалардың басқа жағына шыққан адамдардың көтеріліс басшылары қатарынан сызылып қалғаны мәлім болды (мысалы, Кейкі батыр, Айжарқын Қанаев, т.б.). 1916 жылдың көктемінде халық бұқарасы бір-ақ таңдауды — отаршылдыққа қарсы қарулы күресті тана білді. Ол кезде эволюцияны жақтаушы қазақтың ұлттық көшбасшыларына ұлттың рухани өмірінің тұтқасын ұстау жазылмаған еді. Ұлт-азаттық қозғалыстарының біртұтас очеркін жасауға әрекет жасаған Ж. Артықбаевтың тәжірибесі назар аударарлық.
Ұлттық сана-сезімді ояту мен мәдениет мәселелері бойынша одан әрі білім жинақтаудың сипатты ерекшелігі ғылымды бұрын пайдаланылмай келген деректемелер мен әдебиеттің мол көзімен байыту болды. Бірінші кезекте бұл XX ғасырдың 30-жылдарында қуғынға ұшыратылған, кезінде буржуазиялық ұлтшылдар деп орынсыз айыпталған, XX ғасырдың бас кезіндегі азаттық қозғалысы жетекшілерінің ақталуына байланысты мүмкін болды. Қазіргі уақытта жұртшылық Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұхамеджан Тынышбаев, Жақып Ақбаев, Халел Досмұхамедов сияқты көптеген ұлт зиялылары өкілдерінің еңбектерін оқуға мүмкіндік алды. Осыған байланысты зерттеушілер өздерінің ізденістерін олардың өмірі мен қызметін мұқият және жан-жақты зерттеуге, негізгі баспасөз органы — «Қазақ» газетінің мазмұны мен ролін объективті түрде анықтауға, сондай-ақ «Алаш» қозғалысының да бағдарламасына әділ талдау жасауға бағыттады. О. Әбдімановтың «Қазақ» газеті» деген кітабында (А., 1993) газеттің пайда болуы алдындағы тарихи жағдай айқын көрсетілген. Автор шетелдік қазақ диаспорасының өкілі Хасен Оралтайдың «Алаш» партиясының 1905 жылдың өзінде-ақ құрылғаны және оның жария партияға айналған 1917 жылға дейінгі құпия кызметі туралы айтқан көзқарасына қосылады. Ол қазақ зиялылары кадет партиясы идеяларын неліктен жақын тұтты деген сұраққа жауап қайтаруға ұмтылыс жасаған; олардың арасында 1900 жылдарда байқалған және «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы төңірегінде топтасқан екі ағым қарама-қайшылығының негізгі көздерін ашып көрсетеді. «Қазақ» газетінің мақсаттары, оның атауы мен қызметінің негізгі бағыттары жан-жақты ашып көрсетіледі. Газеттің жер, 1916 жылғы көтеріліске көзқарас, «Алаш» партиясының ұйымдастырылуы мен жаңадан құрылған партия бағдарламасы жобасының дайындалуында жалпы қазақстандық съездердің атқарған рөлі сияқты тарихнамадағы даулы проблемалар жөніндегі көзқарасы анықталады. Автор газет беттерінде қазақ автономиясы идеяларының көрініс табуы және бүкіл қазақстандық «Алашорда» кеңесінін құрылуына, жаңа мемлекеттік бірлестікке кіргізуге болатын облыстарды анықтауға арналған материалдарға баса назар аударады. Дегенмен де, автономия жариялау мәселесі бойынша алауыздықтардың пайда болу кезеңін көрсетуге келгенде олардың себептері ақырына дейін айқындалмай қалады. Автор газет шығарудың соңғы кезеңінде оның беттерінде «Алаш» басшылығының арасында пайда болған алауыздықтардың себептеріне аз көңіл бөлген. «Қазақ» газеті бірінші кезекте көңіл бөлген және көптеген мәселелерді шешуде жаңашылдық жасаған мәдениет, білім беру және әдебиет проблемалары кен әрі толық берілген. «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің қызметін көрсететін, бұрын қол жетпеген мұрағат қорларын пайдалану мүмкіндігінің іс жүзіне асуы арқасында зерттеушілер бұл проблеманы белсенді түрде зерттеп, мерзімді баспасөз беттерінде ғылыми нәтижелерін жекелеген мақалалар немесе мақалалардың топтамалары етіп жариялауда. Осы тұрғыдан алғанда Д. Аманжолованың «Алашорда. Қазақ автономизмі», К. Нұрпейісовтің «Алаш һәм Алашорда» және М. Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» деген еңбектері алғашқы туындылар болды.
Д. Аманжолованың «Қазақ автономизмі және Ресей («Алаш» қозғалысының тарихы)» деген монографиясы «Тұңғыш монография» сериясының топтамасымен шығарылып, қазіргі ұлттық проблемалардың бастаулары мен себептеріне, Еуразия халықтары болашағының ортақтығын ұғынуға арналды. Автор алаш қозғалысы дамуының маңызды кезеңдерінің негізгі мазмұнын неғұрлым толық қалпына келтіруге, «оның сипатын, идеялық-саяси және әлеуметтік базасын анықтауға, революцияға дейінгі кезеңде, 1917 жылғы және азамат соғысы жағдайында Ресейдің саяси күштерімен және партияларымен өзара қатынастарын ашып беруге, Алаш жеңілісінің себептерін және оның қазақ халқының тарихындағы маңызын көрсетуге» ойдағыдай әрекет жасаған. Осы кезге дейін арнаулы сақтау орындарында шоғырландырылған деректемелердің автор келтірген кешенді сипатын атап көрсеткен жөн.
Зерттеудің басты жаңалығы — қазақ автономизмі, Алашорданың Комучпен, Колчактың Уақытша Сібір үкіметімен, Орынбор, Орал, Сібір және Жетісу қазақтарының басшылығымен, алаш құрамаларының тұрақты «ақтармен» және қазақ бөлімдерімен өзара қатынастары тарихының өзекті беттерін жүйелі түрде көрсетуі болып табылады. «Алаштың» әскери доктринасын, алаш әскери бөлімдерінің құрылуын, олардың құрамын, санын, соғыс қимылдарына қатысуын, Алашорда басшылығының Түркістан майданымен келіссөздерінің барысын және мазмұнын, Алаш жетекшілерінің эволюциясы мен Азамат соғысы барысындағы бұқараның Алашордаға көзқарасын автор тұңғыш рет ашып көрсетеді. Ресей ҒА-ның мүшесі Ю. Поляковтың атап көрсеткеніндей, «Алаштың табиғаты, әлеуметтік базасы, даму қарқыны және жеңіліс табу себептері туралы автордың ой-толғамдары бұрын ғылыми айналымға енбеген қыруар деректемелерге жалықпай талдау жасауға негізделген, мұның өзі оны ғылыми жағынан негізді және иланымды етеді».
К. Нұрпейісовтің кітабында «Алаш» қозғалысының бастауларына, монархия құлатылғаннан кейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайдың өзгерістеріне, «Алаш» партиясының құрылуына, Алашорда мен Кеңес өкіметінің өзара қатынастарына баса назар аударылады. Тараулардың бірі деректемелер мен проблемалар тарихнамасына талдау жасауға арналған. Автор Алаш дамуы тарихының негізгі проблемаларына: Алаш - Қазақстандағы тұңғыш саяси партия; Алаш автономиясы — болашақ мемлекеттіліктің құрылымы; Алашорда - автономияны басқаратын үкімет деп ерекше көңіл бөледі.
Нақты мәселелерді объективті ұғыну мен түсіндіру «Алаш» қозғалысының шын мағынасын ашып көрсетуге жағдай жасайды. Кеңес өкіметінің Алашқа көзқарасына талдау жасау автордың бірнеше кезеңді: XX ғасырдың 20-30- жылдарындағы большевиктік тұрғыдағы жарияланымдардағы «алаш қозғалысы» ұғымы; проблеманы зерттеуге алпыс жыл бойы тыйым салу мен «буржуазиялық ұлтшыл», «халық жауы» атағын тану кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік берген 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланып, проблеманың тарихнамасында әділеттілік пен шындық жағына қарай бетбұрыс жасалғаннан кейін ғана ақиқат кезеңі туғанын айтқан. Сонымен бірге К. Нұрпейісов «Алаш» қозғалысының мәнін неғұрлым толық ашып көрсету үшін зерттеушілерден әлі де көп күш-жігер жұмсауды керек ететін бірқатар мәселелерді меңзейді. Оларға мыналар жатқызылады: оның басшыларының тәуелсіздік идеяларының, саяси және экономикалық көзқарастарының бастаулары; XX ғасырдың басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде «Алаш» қозғалысының атқаратын рөлі мен алатын орны; 1917 жылғы екі революция аралығындағы кезеңде Алаштың басқа партиялармен байланыстары мен өзара қатынастары; Алаштың және Алашорданың Кеңес өкіметімен өзара қатынастары; Алаштың орта азиялық және Еділ бойындағы түркі халықтарымен, мұсылмандық саяси партиялармен және қоғамдық қозғалыстармен ішкі қайшылықтары; «Алаш» қозғалысы және қазіргі Қазақстан. Кітапқа қосымшада «Алаш» қозғалысына қатысты бірсыпыра құжаттар келтірілген. Ең алдымен, бұлар — «Алаш» партиясының мүшелері мен олардың пікірлес адамдарының тізімі, «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы және Алаш басшылары көзқарастарының эволюциясы және олардың Кеңес өкіметі жылдарындағы тағдыры туралы материалдар.
Сөйтіп К. Нұрпейісовтің монографиясында ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы тұңғыш саяси партия мен оның үкіметі қызметінің негізгі кезеңдері рет-ретімен, арнаулы сақтаулы қордан алынған жаңа құжаттарды едәуір мөлшерде келтіре отырып ашып көрсетіледі. М. Қойгелдиевтің монографиясында XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басындағы Қазақстанның тарихи дамуына байланысты проблемалардың кең ауқымы қамтылған. Кітаптың бүкіл арқауы басты мәселе — «Алаш» қозғалысына арналған. Патша өкіметінің отаршылдық саясаты, ұлттық езгіге наразылықтың күшеюі және қазақ зиялыларының 1905-1916 жылдардағы қоғамдық-саяси қызметі; ұлт зиялыларын қудалау саясаты; «Қазақ» газеті және 1908— 1916 жылдарда тәуелсіздік жолындағы күрес идеологиясының қалыптасуы; Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы және 1916 жылғы ұлт-азаттық күрес кезеңіндегі қазақтың демократияшыл зиялылары; Ақпан революциясының жеңісі және ұлт-азаттық қозғалысының жаңа міндеттері; қазақ демократияшыл зиялыларының Уақытша үкімет жұмысына қатысуы; жалпы қазақтық бірінші және екінші съездер, «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің құрылуы жан-жақты көрсетіледі. М. Қойгелдиевтің кітабында «Алаш» қозғалысының тарихнамасы иланымды берілген. Автордың қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметін зерттеудің тарихнамалық негізін Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Тынышбаев және басқалар революцияға дейін-ақ қалаған деуімен келісуге болады. «Алаш», «Алашорда», «алаш қозғалысы» проблемалары бойынша жарияланған жоғарыдағы еңбектердің сатылы сипатын айта келіп, проблеманың тарихнамасында құпиялардың тым көп қордаланып қалғанын атап өткен жөн. ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі К. Нұрпейісовтің әділетті атап өткеніндей, ең алдымен «алаш қозғалысы» терминінің мәні әлі де толық айқын емес.
Мәселен, М. Қойгелдиев «алаш қозғалысы» ұғымын, бір жағынан, тұтас алғанда XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыс деп, екінші жағынан «Алаш» партиясын, Алашорда үкіметі — Халықтық кеңесті, бәрін қосып алғанда Алаш автономиясын бір мағынада түсіндіреді. Проблеманы Д. Аманжолованың түсінуі біршама басқаша. «Қазақтың ұлттық Алаш қозғалысының дамуында, - деп атап өтеді зерттеуші, — үш кезеңді бөліп көрсетуге болады. 1905 жылы зиялылардың батыстық пиғылдағы либерал тобы бастаған ағым ретінде пайда болып, бірінші кезеңде (1905-1916 жылдар) ол конституциялық-демократиялық және земстволық жұртшылықтың оппозициялық қозғалысы арнасында дамыды».
«Алаш тарихының келесі кезеңі, оның пікірінше, ұзаққа созылмады, бірақ өте маңызды болды, өйткені революциялық 1917 жылға тұстас келді». Д. Аманжолова 1918-1920 жылдарды Алаш тарихының соңғы кезеңі деп санайды.
К. Нұрпейісов «Алаш һәм Алашорда» монографиясында «Алаш» партиясы бастауының түп-тамыры 1905—1907 жылдардағы орыс революциясының кезінде жатыр деп атап көрсетеді. Ол «Алаш», «Алашорда» ұғымын ғасырдың, басынан бастап қоғамдық-саяси аренада жұмыс істеген барлық қазақ зиялыларына беталды қолдана беруге болмайды деп санайды. К. Нұрпейісов 1917 жылғы екі революция арасындағы қоғамдық қозғалысты ерекше бөліп атап, 1917 жылғы шілде — 1920 жыл аралығындағы «Алаш» қозғалысының хронологиялық шеңберін көрсетіп береді. Бұл ұғымдарды шағын және кең көлемде түсіндіру жалпы барлық авторлардың зерттеулерінде әр түрлі нұсқада кездеседі.
Ең алдымен, алаш қозғалысын жалпы алғанда ғасыр басындағы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысы ретінде бейнелеушілер пікірінің дұрыстығы екіталай. Сөз жоқ, алаш қозғалысы — оның ажырағысыз бөлігі. Сонымен бірге ұлт-азаттық қозғалысы көптеген ағымдардан, соның ішінде либералдық пиғылдағы революциялық-демократиялық зиялылар ағымынан да құралды.
Кейіннен Ә. Бөкейханов «Қырғыздар» деген мақаласында былай деп атап өтті: қозғалысқа «бір жағынан, орыс әдебиетімен тәрбиеленген, еуропалық мәдениетке сенетін зиялылар катысты. Екінші жағынан, шығыстық ортодокция мен ұлттық-діни ерекшелік рухында тәрбиеленген зиялылар да бой көрсетті... Егер орыс зиялыларымен бірсыпыра ұқсастық жасайтын болсақ, қазақ зиялыларының бірінші тобын — батысшылдар, екінші тобын түрікшілдер және панисламизмді жақтаушылар деп атауға болар еді».
Сонымен 1905—1917 жылдың шілдесі аралығындағы уақыт қазақ зиялыларының либералдық, жалпы демократиялық қозғалысының қалыптасу, оның ішінде батысшыл алаш ұйытқысының топтасу кезеңі болып табылады. Бірінші орыс революциясы барысында олар жана күш жинап, «Қазақ» басылып шыққан кезеңге қарай болашақтағы Алаш жақтаушыларын өз төңірегіне топтастырып алды. Алаш ұйытқысының қалыптасуы өлкедегі бүкіл жалпы демократиялық қозғалысқа серпінділік пен жалпы ұлттық сипат берді. Демек 1916жылдың орта шеніне дейін қазақ зиялылары және оның «Алашқа» ұйытқы болған таңдаулы бөлігі жалпы алғанда біртүтас демократиялық ағым қатарында болды.
«Алаш қозғалысы» ұғымын К. Нұрпейісовтің орынды атап өтетініндей, партияның, автономияның, оның үкіметінің құрылу кезеңіне, сондай-ақ оның 1920 жылға дейінгі большевизммен тайталасу кезеңіне қолдануға болады. Сол кезге қарай қазақ демократиялық зиялыларының біртұтас ағымы баррикаданың қарама-қарсы жақтарында тұрған екі бөлікке жіктелген еді.
Алаш идеялары Алашорда таратылғаннан сонда өмір сүре берді. 20-жылдардан кейін де мемлекеттік тәуелсіздік жолындағы күрес жалғастырыла берді. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, А.-З. Уәлиди, Н. Ходжаев және басқалар нақты автономияға ұмтылып, кеңестік қуыршақ республикалар табиғатына қарсы күресті. Шетелде жүрген М. Шоқаев Түркістанды азат ету идеясы жолындағы күресті жалғастырды. А.-З. Уәлиди (Тоған)өз естеліктерінде 1921 жылдың тамызында жәдидтер партиясы, Өзбекстандағы «Ерік» социалистік партиясы және қазақтың «Алаш партиясы біртұтас «Орта Азия мұсылмандарының ұлттық-халықтық қоғамдық орталығы» (қысқартылғанда - «Түркістан ұлттық бірлестігі») болып біріккенін атап өтеді. «Жалпы тұғырнама» әзірленді. 1924 жылдың мамырында «Ұлттық бірлестіктің» шетелдік бюросы оның орталығы Түркияда болады деп шешіп, М. Шоқаевоның Еуропадағы өкілі болып тағайындалды. Сонымен алаш қозғалысының үшінші кезеңі, кең түсінікте алғанда Кеңестердің барлық алаштықтарды толық талқандау және жекелеп жою кезеңі 1921 жылдан 1941 жылға дейін жалғасты. Алаш зиялыларының Кеңестерге жасырын және көрінеу қарсыласу тарихы осы кезге дейін де аз зерттелген.
XX ғасырдағыреформаторлық алаш қозғалысы тарихын зерттеудің алғашқы қорытындыларын шығара келіп, былай деп санаймыз: Алаш, Алашорда, алаш қозғалысы тарихы — бүкіл XX ғасырдағы азаттық қозғалысының түйінді проблемасы. Алаш қозғалысы өзінің әлеуметтік түп-тамырлары, Ресейдің өмір шындығын ұғынуы, саяси бағдарлары жөнінен біртектес болған жоқ. Ол оңшылдар, орталықшылдар және солшылдар болып бөлінді. Олардың арасында қозғалыстың еуропалық стандарттар бойынша жоғары білімді, өздерінің даму деңгейі жөнінен замандастарынан алға кеткен жетекшілері болды. Ол кезде азаттық қозғалыс қатарында өткен феодалдық-патриархаттық кезеңмен байланысты адамдар, консервативтік ойдағы қайраткерлер де бар еді. Олардың арасында «Түркістан бірлігі», «Оңтүстік-шығыс мұсылман облыстарының федерациясы» дейтіндерді жақтаушылар және т.б. болды. Алаш ішіндегі әр түрлі бағыттарды, олардың тұғырнамасын, «Алаш» партиясының сыртқы дүниемен, соның ішінде Ресейдің өз ішіндегі әр түрлі саяси ағымдармен байланыстарын барынша орнықты зерттейтін кез болды. Қазақ-қырғыз съезінің (5—12. 12. 1917 ж.) шешімінде былай деп жазылған: «Қазақ-қырғыз автономиясы «Алаш» деп аталсын». Алашорда Кеңесінің құрамына қырғыз халқының қайраткері Ж. Солтанаев енген (мұны проф. М. Қойгелдиев те дұрыс атап өткен). Қырғызстанның солтүстік аудандарында «Алаштың» ықпалы мейлінше күшті болды, оларда «қырғыз қоғамдық комитеттері» «Алаш» комитеттері деп қайта аталды. Алаштың Пішпектегі (қазіргі Бішкек) филиалында 800 мүше болды. «Алаш» партиясының қатысуы- мен «Қоқан автономиясы» құрылды. Бүкіл қазақстандық II съездің жұмысына татар, башқұрт азаттық қозғалыстарының өкілдері қатысты. Алаштықтар Өзбекстан мен Қырғызстанның шура-исламшылдарымен тығыз ынтымақтастық жасады.
Алаш қозғалысы бүкіл түркілер дүниесіне ықпал етті. 1918 жылдың қыркүйек айында Түркияның «Шығыс түріктері федерациясын» құруға әрекет жасағаны кездейсоқ емес. Сонымен «Алаш» партиясының, Алашорданың жалпы түркілік табиғатын, «алаш қозғалысындағы жалпы және ерекше мәселелерді» зерттеу проблемасы туындап отыр. Алаштың өз табиғаты жөнінен, бір жағынан, жалпы ресейлік, екінші жағынан, жалпы түркілік маңызы бар құбылыс екені күмән келтірмейді. Алаш, Алашорда тәжірибесі, оз тағылымдары арқылы бүкіл Шығыстың, Орталық Азияның азаттық қозғалысын байытты. Келешекте ғалымдардың бүл проблеманы Ресей азаттық қозғалысының, Орталық Азияның тарихымен астастыра зерттеуіне тура келеді.
Алаш қозғалысының тарихы — Ресей империясындағы бүкіл азаттық қозғалысы тарихының құрамдас бөлігі. Ғасырлар тоғысында Ресей интеллектуалдарының жаңа ұрпағы қалыптасты. Бұл Ресей империясының барлық халықтары сана-сезімінің өсу кезеңі болды. Басыбайлылықты жою, земстволық өзін-өзі басқаруды енгізу, монархиялық Ресейдің, баяу және қинала отырып болса да, конституционализм жолына түсуі, көппартиялылықтың пайда болуы, П. А. Столыпин реформалары, рыноктық экономиканың құндылықтарын қабылдаушы әр түрлі әлеуметтік топтар арасында либералдық идеологияның таралуы, Ресейдің жаңғыру және еуропалану, парламенттік демократия жолымен баяу болса да, сеніммен ілгері басуы — казак реформаторларының да жаңа ұрпағы тәрбие алған әлеуметтік-экономикалық саяси орта болды. Сонымен бірге Ә. Бөкейханов пен оның пікірлестері дүниежүзілік қоғамдық ой-пікір жетістіктерін де қабылдады. Олар Француз революциясының «Адам және азамат құқықтарының декларациясы» идеясында тәрбиеленді. Ә. Бөкейхановтың құқықтық мемлекетті жақтайтындығы оның заңға, жер меншігіне, отбасы мен некеге, әдет және шариғат заңдарына көзқарасынан айқын аңғарылады.
Шын мәнінде ұлттың көшбасшылары болған алаш зиялылары қазақ қоғамының дәстүрлі мәдениетімен тығыз байланысты еді, шын мәнінде рухани ренессанстың ұйытқысы болатын. Олар ұлттық нәрсенің бәрін қызғыштай қорыды, діни фанатизмге, ұлтшылдық, нәсілшілдік және өзге де соқыр сенімдерге ұрынбады.

  1. Алаш қозғалысына эволюцияшылдық, ағартушылық, отаршылдыққа

қарсылық, ұлттық дербестікке ұмтылыс, буржуазиялық-демократиялық бостандықтарды қорғауға, ал екінші кезеңінде — автономизмге, ұлттық егемендікке берілгендік тән.
Реформаторлық қозғалыстың отаршылдыққа қарсы мәні ауыл мұғалімдерінен, семинаристерден бастап, Дала өлкесінің көрнекті діни қайраткерлеріне дейін — қозғалыстың әлеуметтік негізін анықтап берді. Алаштың, Алашорданың XX ғасыр басында ұлттық өзін-өзі билеудің, соның ішінде біздің тәуелсіздігіміздің негізін салған тарихының — Алаштың егемендік, ұлттық татулық, президенттік басқару, құқықтық, зайырлы мемлекет туралы, дінді мемлекеттен болу және басқалар туралы тәжірибесінің — бүгінгі таңда да өшпес маңызы бар. Қазақстан жұртшылығының «Алаш», Алашорда, Алаш қозғалысы көшбасшыларының бірі А. Байтұрсыновтың 125 жылдық мерейтойын мейлінше кен атап өтуінің ауқымы мен маңызын осымен түсіндіруге болады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев «Тарих толқынында» деген кітабында былай деп өте дұрыс атап көрсеткен: «Ұлттық саяси ұйымның жасақталуының өзі отандық тарихымызда жеріне жете зерделенбей келеді. Оның үстіне кезінде «Алаш» партиясының жетекшілері ұсынған көптеген қағидалар күні бүгінге дейін оз маңызын сақтап отыр. Бұл ұлттық емес, патриоттық ұйым, алдына қойған мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, оны осы заманғы шындыққа бейімдеу еді». Ресей жаңа дағдарыс пен революциялық сілкіністер кезеңіне еніп, ол пролетариат диктатурасының орнатылуына әкеп соқты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет