12. Дәріс. тақырып. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістері мен шығыстары
Лекция түрі - ақпараттық (дәстүрлі) – мазмұндау арқылы түсініктемелі көрнекілі әдісті қолданумен жүргізіеді.
Лекция сұрақтары:
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістері, оның мәні, маңызы және түрлері
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің шығыстары және оның сыныпталуы
Пайда және рентабельділік
Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі қаржылық жоспарлау
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрамына материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және рыноктық экономика жағдайларында өзінің қызметін коммерциялық есеп негіздерінде жүзеге асыратын өндірістік емес сфераның бір бөлігі кіреді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер – кәсіпорындар мен ұйымдар (фирмалар, компаниялар, фермер шаруашылығы, шаруашылық серіктестіктері, ассоциациялар (бірлестіктер), ұлттық компаниялар және басқалары), мекемелер әр түрлі белгілері бойынша сыныпталады және оларды осы немесе өзге түрі бойынша айырудың негіздемелері қаржыны ұйымдастырудың сипатына елеулі әсер етуі мүмкін (7.1 сызбаны қараңыз).
Межелеудің ең жалпы белгісі шаруашылық жүргізуші субъектілерді қызмет сфераларының біріне – материалдық немесе материалдық емес (қызметтер сферасы) сфераға жатқызу болып табылады.
Қызметтің материалдық сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілері бүкіл қоғамның тіршілік әрекетінің негізі болып табылатын материалдық өнімдер мен игіліктерді жасайды. Өнімдер мен иіліктер натуралық - заттай тұлғаланымда, табиғаттың жаңғартылған қуат көзі нысанында болады немесе олардың кезінде құнның үдеуі болатын, жасалған немесе олардың кезінде құнның үдеуі болатын, жасалған өімдерді тұтынушылардың пайдалануына мүмкіндік туғызатын (тасу, дайындау, сақтау және басқалар) өндеріс үдерістері жалғасының стадияларында болады. Бұл сферада жасалған өнімнің бір бөлігі оның салалары ішінде (өндірістік тұтынудың өнімдері) тұтынылады, басқа бөлігі түпкілікті тұтынуға, соның ішінде өндірістік емес сфераға да бағытталады.
Қызметтер көрсету сферасы қызметінің нәтижелері қызметтердің нысанын қабылдайды, қызметтерді жасау үдерісі, әдеттегідей, олардың тұтыну үдерісімен тоқайласады, яғни олар қордалауға, сақтауға жатпайды.
Қоғамдық өндірістің екі сферасының аталған қағидалы айырмашылықтары бұл сфералардың қаржысын ұйымдастыруға – қаржыландыру, өнімдер мен қызметтер құнының жасалу үдерістеріндегі қаржылық қорлардың қозғалысы кезінде де, сондай-ақ қызметтің қаржылық нәтижелерін қалыптастыру – қорланымдарды, табыстарды немесе пайданы бөлу және пайдалану кезінде де әсерін тигізеді. Мысалы, материалдық сфера қорларының қозғалысында өндірістік босалқы қорларды, аяқталмаған өндірісті жасаумен, дайын өнім және өндірістік емес бірқатар басқа үдерістердің қозғалысымен байланыстылары елеулі орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |