Жалтақ қағандар отырған екен.
Әміршілері де біліксіз екен,
Жалтақ болған екен(1 4 6, 45).
Міне, бүкіл түркі елінің осылай берекесі қашып, құты кеткен күндердің бірінде Қара қаған құрылтай шақырды. Бұл мәжілісте не айтылып, не қойғанын Түркия елінің атақты жазушысы Ниһал Атсыз өзінің «Көк бөрілердің өлімі» атты тарихи романында жақсы суреттеп көрсеткен.*
Біз жоғарыда әрбір әрпі тасқа қашап жазылған, түркі елінің сан ғасырлық тарихын жыр еткен шежіре-дастандар туралы айттық. Бұл дастандар ғылым тілінде «Орхон жазба ескерткіштері» деп аталады. Ал, біз жоғарыда жыр жолдарынан мысал келтірген дастан түрік елінің даңқты қолбасшы, Елтеріс қағанның кенже баласы Күлтегін батырдың (684-731 жылдары өмір сүрген) ерлік істеріне арнап жазылған. Бұл дастан жазылған үлкен құлпытас Күлтегін батыр зияратының басына қойылған.
Сондай-ақ, біз Күлтегін батырдың ағасы, түрік елінің көсемі Білге қаған және қағанның ақылгөй – кеңесшісі, данышпан Тоныкөк қарт туралы тасқа қашап жазылған тарихи дастандар хақында айтып отырмыз.
Жоғарыда аталған үш дастанда, дәлірек айтсақ, олар жазылған құлпытастар да біркезегі Ұлы Түрік империясының астанасы орналасқан қазіргі Монғолиядағы Орхон өзені бойынан – Көкшың деген жерден табылған.
Сонымен, Білге қаған, Күлтегін батыр және данышпан Тоныкөкке арналған бұл ескерткіштерді 1890 жылы тұңғыш рет тауып ғылым үшін жаңалық ашқан орыстың саяхатыш-ғалымы Н. М. Ядринцев еді. Бірақ, бұдан он екі ғасырдан астам уақыт бұрын түріктер қолданған әріптердің қалай оқылатынын ешкім білмейтін болып шықты. Тасқа жазылған дастандардың мәтіні суретке түсіріліп дүние жүзінің осы саладағы ең атақты тілші- мамандарына жіберілді. Ғалымдар әртүрлі болжам айтты. Біреулері оны көне фин жазуы десе екіншілері ежелгі герман, үшіншілері скиф- славян, яки монғол жазулары деген пікір айтып жатты.
Скандинавия елдерінің ғалымдары бұл ескерткіштер жазуын «Рунь» яғни «Руна» жазуы деп атап кетті. Бұл сөздің қазақша мағынасы сыры ашылмаған, құпия деген ұғымды білдіреді. Сол себепті жоғарыда аталған дастандар тілші мамандар арасында «Руна жазуындағы жәдігерліктер» деп аталып кетті.
Ақыры 1893 жылы қарашаның 25-і Дания Карольдік Ғылым академиясының мәжілісінде Вильгелм Томсен әлемді дүр сілкіндірген ғылыми мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енесей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандыңын хабарлады. Сондай-ақ бұл ескерткіштер түркі халықтарының тілінде жазылғанын мәлімдеді. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері тәңірі және түрк деген сөздер екен.
Дәл осы кезде академик В.В. Радлов та өз бетінше ізденіп руна жазуының 15ке жуық әрпін анықтап алған еді.Арадан көп уақыт өтпей-ақ В.В Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, сосын оны аударма жасап шықты.
Ал, енді біз Түрік қағанаты жайындағы жоғарыда айтып келе жатқан хикаяларға қайта оралайық.
Сонымен, түрктер елу жылға созылған бодандықтан құтылып, егемендігін алды.
Енді түрік мемлекетінің тағына кім отыруы тиіс деген мәселе тұрды. Атақты тарихшы Л.Н. Гумилев бұл туралы былай деп жазды: «көне түріктерде таққан мұрагерлік жөніндегі заң болды, ол бойынша тақты ағасы інісіне, ал, жиені нағашысына мұра етіп қалдырып отырған. Қытайлықтар бұл тәртіпті көңілге қонбайды деп санап, түрік істеріне араласып, оны тіпті елемеген. Қағанатын қалпына келтіріп, түріктер ескі заңдарын да қалпына келтірді, сол бойынша Қапаған хан болды. Алайда ол Қытай мәдениетінің ықпалын өз басынан өткерген-ді, сондықтан тақты жиені Могилянға емес, өз ұлы Фугюге бергені өзі үшін жақсы болар деп есептеді. Заңды ашық түрде бұзуға болмайтынын білген ол кіші хан деген шен тағайындап, оны өзінің ұлына бұйыртты, ал жиенін тардуштардың, яғни түріктердің Батыс қағанатының шады етіп қойды, әрі оған неғұрлым қатерлі соғыс міндеттерін өз бетінше шешуді тапсырды. Бұған қарағанда ол өз жиенінің қаза табуына қарсы болмаған тәрізді.
Қапағанхан 716 ж көктемінде өз жиенінің даңққа бөленгенін қызғанып, тоғуз оғуздарға қарсы әскерін өзі бастап шықты. «Күлтегін хан қосыны, яғни әйелдер мен балаларды қорғауға қалдырылды» (126, 284, 313).
Осы қолайлы сәтті күтіп тұрған қарлұқтар, түріктер ордасына оқыстан шабуыл жасап, оларды құртып жібермек болды. Әйтсе де, Күлтегін батыр қарлұқтарды тас-талқан етіп жеңіп, өзін даңққа бөледі.
Алып Қапағанхан басқарған түрік әскері 716 жылы Тол өзені бойында Байырқу тайпасын күйретті. Алайда бұл қуаныш ұзаққа бармады. «Бірақ осы арада тарихқа мынандай бір оқиға кірігіп кетті: жеңістен кейін үйіне қайтып келе жатқан хан өзінің күзетінен ұзап жалғыз өзі ойға бата орманнан өтіп бара жатты. Тек не дерсің, дәл осы орманда талқандалған байырқұлықтар жасырынып жүрсе керек. Жалғыз салтанатты көрген олар сол арада бас салып, оны атынан аударып түсірген де, өлтіре салған. Ханның басы қытай елшісіне жеткізілген, ал ол оны Чаньаньге жөнелткен. Қағанаттағы көтеріліс пен Тан империясы арасындағы байланыс, міне, осылай ашылды.
... Хан өлген соң мұрагерлік туралы мәселе туды. Қапаған тақты иеленушіге Күшікхан. Яғни «кіші хан» деген құрметі атақ беріліп, үлкен ұлын өзі тағайындаған еді. Түріктердің ескі заңы бойынша мұрагерлік тардуштар шады Могилиянға тиісті еді, ал түріктік «мәңгі елдің» іс жүзіндегі көсемі батыр Күлтегін болды.
Күлтегін әскери төңкеріс жасады: ол өзі қорғаған қонысқа өзі шабуылдады. Қолбасшылық қызмет орнындағы оның мирасқоры Алп Эльэтмиш көтерілісшілер жағына шығып кетіп, мұның өзі олардың жеңіске жетуін қамтамасыз етті. Күшікхан мен Қапағанханның кеңесшілері түгел өлтірілді... қапаған хан ұрпағының өрбу сызығы осылайша кесіліп қалды.
Күлтегін ескі заңды бұзбады, хан атағын қабылдамады, сөйтіп, таққа Білгехан деген құрметті атақпен өз ағасын отырғызды. Білгехан таққа өзінің сіңірген еңбегімен көтерілмегенін және өзі інісінің өолындағы қуыршақ екенін білді. Сондықтан ол оны әскерлердің әміршісі, яғни қағанаттың нақты қожасы етіп тағайындады. Барлық ақсүйектілердің арасынан тек жалғыз дана Тоныкөк қана, яғни жаңа ханның қайын атасы ғана аман қалды» (126, 313 – 314).
Міне, біз айтып отырған оқиғалар тарихи оқиғалар, яғни Қапаған қағанға қатысты деректер патша сарайындағы Күлтегін жасаған төңкеріс билік үшін болған қанды шайқастар Йоллығтегіннің тасқа қашап жазылған дастандарында мүлдем айтылмайды. Өйткені «Күлтегін» жыры, «Білге қаған» жыры және «Тоныкөк» жыры өткен дәуірден нақты мәлімет беруге арналған ресми тарих емес. Бұлар тарихи деректерге негізделген көркем туынды болып табылады.
Соның өзінде Л.Н. Гумилев Орхон жазба ескерткіштерін «Көк түріктердің өздері туралы» жазған шежіресі деп біледі.
Сөйтіп «Күлтегін», «Білге қаған» және «Тоныкөк» жырларында әдейі айтылмай қалған тарихи оқиғаларды танып-білу арқылы ғана оқырман осы аталған дасатндардың шын мәнін, ұүпия сырын пайымдай алады. «Күлтегін» жырының басты идеясы – Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету. Ал Қапаған қаған жөніндегі шындықты айтудың өзі Күлтегіннің беделіне нұқсан келтірер еді.
«Күлтегін» жырының авторын қатты қызықтыратын нәрсе – Түрік қағанатында болып жатқан сан алуан тарихи оқиғалар емес, «іші – ассыз, сырты – тонсыз, бейшара, мүсапір халықты» Күлтегін батыр қалайша дәулетті, бақытты еткенін көркем сөз арқылы жеткізу болып табылады. Күлтегін батыр өзі туралы:
Достарыңызбен бөлісу: |