Байланысты: Лекция№1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы ролі Лекция
Оқыту технологиясының негізгі сатылары: 1. жаңа тақырыпты түсіндіру;
2. төменнен, жоғарыға қарай деңгейлік тапсырмалар беру;
3. оқушылардың тақырыптан алған білімдерін бекіту;
4. оқушылардың білімдеріне сай үлестірмелер тарату. Яғни, «5», «4», «3»-тік білімге сай;
5. оқушылардың білімін қолма-қол бағалау.
Мақсаты: 1. әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту;
2. деңгейі төмен оқушылармен жеке жұмыс жасау, қолдау көрсету;
3. дарынды оқушының тереңірек білім алуына жағдай жасау;
4. оқушының ынтасын, қабілетін арттыру.
Ерекшелігі: таланттылар, дарынды оқушылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады;