2.Отбасында педагогикалық үдерісті ұйымдастыру.
Отбасындағы тәрбие әдістері - бұл ата-аналардың өз баласының санасы мен әрекет-қылығына педагогикалық ықпал жасаудың мақсатты көзделген жөн-жосығы, жолы. Бұлардың бәрі де тәрбиенің жалпы әдістерімен теңдейлес, дегенмен өз ерекшеліктеріне ие. Олар:
- әр балаға болған ықпал тұлғаның жекелеген нақты әрекет-қылығы мен ақыл-парасатына икемделуінен даралықты келеді;
- тәрбие әдістерін тандау ата-аналардың педагогикалық мәдениетіне орайлас келіп, олардың тәрбие мақсатын тануына, өз қадір-қасиетіне құндылықтық бағыт-бағдарына, өз жанұясында орнатқан қарым-қатынасына т.б. тәуелді.
Осыдан да отбасылық тәрбие әдістері ата-аналардың тұлғалық сән-сипатымен қайнай бітіскен және олардан ажыратыла қарастырылуы мүмкін емес. Қаншама ата-ана болса, әдістері, түрі де соншалықты: жылы сөзбен көндіру, қорқыту, айқайлап үркіту, мақтау мен мадақтау, қаталдық құрсауына салу және жазалау. Әдістер ата-аналар таңдаған тәрбиелік бағыт-бағдарға тәуелді келеді: біреулері өз баласының тіл алғыштығын тәрбиелегісі келеді, осыдан олардың әдісі ересектер талабын мүлтіксіз орындатуға бағдарланады. Екінші біреулері дербес, өз бетінше ойлай білуте негіз болар тұлғалық қасиеттерді орнықтыруды көздеп, осыған сәйкес әдістік жолдарды тандастырып, қолданады.
Отбасылық тәрбие арасында ата-аналар баршаға бірдей ортақ жалпыланған әдістерді пайдалану үрдіске айналған. Мұндай әдістер түрі келесідей топтастырылған: сендіру (мақтау, мадақтау, балаға болашақта пайдалы да қызықты мүддені түсіндіру арқылы); жазалау (қандай да көңіл рахатынан айыру, ортадағы достық қатынасты үзу, ұрып-соғу); кей отбасыларда педагогтар кеңесі мен тәрбиелік жағдайлар әдейі жасалып қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |