Тәжірибе өткізудің әдісі Тұжырымдама өткізу әдісін жасауда зерттеуші тұжырымдаманың мақсатын айқындап бүкіл зерттеудің барысындағы орнын, жағдайын және мүмкін болатын нәтижені елестете алу қажет. Педагогикалық тұжырымдамаларды өткізу әдісі әртүрлі және өткізу мерзімінен, мақсаттарын, педагогикалық факторлардың, құрылысының күрделілігіне байланысты. Оны жоспарлағанда келесі нәрселерге кеңес береміз:
Алғашқы мәлімет пен болжау педагогикалық құбылыстың зерттелетін процессті алдын-ала ұйымдастыра отырып айқындау.
Тәжірибелеуге объектілерді дайындау және оларға шартты жасау.
Зерттеу құбылысының даму жолдарын жүйелі түрде бақылау және деректерді нақты жазып алу.
Тұжырымдама өткізу процесін ұқыпты жоспарлау.
Әртүрлі тәсілдер мен әдістер арқылы (сызба, анкета, тест) деректерге баға беру, өлшеу, тіркеу жүргізу.