Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция жоспары


Әлемдік және ұлттық мәдениет - тәрбие мақсатын анықтаудың әдіснамалық негізі



бет41/160
Дата07.03.2022
өлшемі291,11 Kb.
#134606
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   160
Байланысты:
Лекция№1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы ролі Лекция

3.Әлемдік және ұлттық мәдениет - тәрбие мақсатын анықтаудың әдіснамалық негізі.
Сонымен дәстүрлі педагогикада жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі мақсаты "жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру" - деп жазылды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы "Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың, тәрбие тұжырымдамасы" халықаралық адам құқығы туралы нормаларға сәйкес жазылған.
Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие берудің негізгі мақсаты - Қазақстанның егемендігін қамтамасыз ететін, оны бүкіл дүние жүзіне мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап, Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты қамтамасыз ететін нарықтық іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған адамдарды тәрбиелеу.
Тәрбиенің мақсатынан міндеттер туындайды.
Дүниетаным - адамның табиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты туралы көзқарастары. Дүниеге көзқарас - ғылым негізінде дүниенің даму заңдылықтарын танып білу.
Осы заманғы тарихи жағдайларға байланысты халықаралық қауымдастық дүниежүзі тарихында халықаралық стандарт болып табылатын жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның негізгі құқығы, бостандығы ашылып көрсетілген ("БҰҰ адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы", "Бала құқығының Конвенциясы") құжаттарын жасады. Олар осы заманғы тәрбие теориясы мен әдістемесіне, тәрбие мұраттары мен рухани құндылықтарға жаңаша бағыт береді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" (1999) Заңына сәйкес бұл құжаттар еліміздің білім саласындағы мемлекеттік саясатының негізі болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   160




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет