2. Сынып жетекшісі жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату. Ондағы мақсат: отбасының, оның мүшелерінің өзара қарым-қатынасы мәдениет деңгейін, отбасының жеке басқа ықпалын, ата-ананың педагогикалық білім дәрежесінің жай-күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәр-биесіне ортақтастыруды көздейді
Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. Ондағы мақсат: өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі-бір мінез-құлық нормаларын балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата-аналармен ортақ іске ұйымдастыру.
Ата-аналар ұжымын құру. Бұл күрделі, әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата-аналар комитетін құру оның жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі қоғамдық жұмысқа қатыстыру, атқарылатын істерге талдау жасап отыру т.б. жұмыстарды міндеттейді.
Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру. Ол үшін ата-аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру. Бұл бағытта баспасөз беттерінде, радио, көгілдір экран арқылы, педагогикалық білімдер жетілдіру уни-верситеттерінде, лекторияларда, семинарларда, ғылыми-практикалық конференцияларда, ана-аналар жиналыстарында педагогикалық білімдерді насихаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |