2.Педагогика әдіснамасының деңгейлері.
Педагогика әдіснамасының төмендегідей негізгі зерттеу бағыттары анықталған:
Педагогика әдіснамасының қазіргі кезеңдегі бағыты (әдіснамалық проблема, әдіснамалық білім, әдіснамалық зерттеу, әдіснамалық тұжырымдама, әдіснамалық зерттеудің ұстанымдары, инновациялық зерттеу, мұғалімнің инновациялық даярлығы);
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері (педагогикалық зерттеу логикасы, педагогикалық зерттеу әдістері, педагогикалық зерттеу нәтижесі, педагогикалық зерттеу сапасы, әдіснамалық негіздер).
Ғалымдар педагогика әдіснамасын төрт деңгейде қарастырады:
1-деңгей - гносеологиялық: педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді талдауға қатысты жалпы ғылымилық бағыттылықты қалыптастырады;
2-деңгей - дүниетанымдық: баланың білім алу, тәрбиелену, оқу, жеке тұлға ретінде қалыптасып даму факторларын қарастырады;
3- деңгей - ғылыми-мазмұндық: педагогика ғылымының заңдылықтарын негіздейді және адамды тәрибиелеу, оқытудың теориясы мен әдістемесін қарастырады;
4- деңгей - логикалық-гносеологиялық: педагогиканың пәні мен объектісін, оның негізгі ұғымдарын қарастырады, педагогикалық теория мен практика арасындағы арақатынасты анықтайды, педагогика ғылымының басқа ғылымдармен байланысын қарастырып, іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүргізіп, педагогиканың дамуына болжам жасайды.
Әдіснамалық мәселелерді ғалым В.И.Загвязинский шартты түрде 5 топқа бөледі: жалпы әдіснамалық, жалпы ғылымилық, жеке әдіснамалық мәселелер; зерттеудің әдістерін үйрену, бағалау, пайдалану және жетілдіру мәселелері; педагогикадағы буржуазиялық-идеологиялық тұжырымдамаларды сынауға қатысты мәселелер.
Сонымен қатар, ғылым әдіснамасы - ғылыми білімнің құрылымын, негіздеу және дамыту әдістерін, ғылыми танымның зерттеу әдістері мен тәсілдерін зерттейтін ғылымның бөлімі.
Педагогика әдіснамасы ғылымның философиясымен, ғылымның әдіснамасымен, ғылымның парадигмасымен тығыз байланыста жүйеленеді. Өйткені педагогика әдіснамасы саласындағы ізденістер ғылым әдіснамасы жетістіктеріне негізделіп жүргізіледі. Бұл ретте, ғылымның әдіснамасынан:
|