3.Оқытудың психологиялық негіздері.
Оқу - оқыту процесіндегі оқушылардың іс - әрекеті. Оқыту процесінің логикасы және құрылымын анықтайды, ал құрылымына оқыту процесінің таным іс-әрекетінің кезеңдері кіреді.
Таным міндеттерін жете түсіну. Таным міндеті түсінікті болса, оны оқушылар өз бетімен ізденіп шешуге тырысады, оқыту процесінің әрбір кезеңдеріне жеке-жеке дайындалады.
Жаңа материалды қабылдау. Оқушыларды жаңа материалдармен таныстыру, бақылау, эксперимент, практикалық жұмыстар процесінде тікелей қабылдау арқылы және жанама түрде мұғалімнің сөзі, эвристикалық әңгіме, оқулық арқылы іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |