Педагог - арнайы дайындығы, білімі бар ұстаз, педагогикалық процесті жүргізетін маман.
Оқушы-тыңдаушы - объект және субъект ретінде қарастырылады.
Педагогикалық процестің мазмұны ол адамның әлеуметтік қатынасынан туындайды. Оның мазмұнына - идеология, өндіріс, еңбек, ғылым, мәдениет, т.б. жатады.
Педагогикалық процесті ұйымдастыру және басқару комплексі. Оған педагогикалық процестің мақсаты, міндеті, мазмұны, түрі, әдісі, құралы жатады.
Педагогикалық диагностика. Ұстаз бен шәкірттің тәрбие, оқу, үйрену процесін жүргізу барысында істің нәтижесін білу.
Педагогикалық процестің нәтижесін бағалау. Оқушының іс-әрекетінің нәтижесін, қорытындысын, бағасын сол баланы қоршаған орта, қауым береді.
Педагогикалық процестің қоршаған ортамен байланысында әлеуметтік орта бала тәрбиесінің маңызды факторының бірі.