Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция жоспары


) Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс - мұгалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың алғышарты



бет19/159
Дата23.12.2021
өлшемі344,98 Kb.
#127989
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   159
Байланысты:
Лекция№1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы ролі Лекция

1) Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс - мұгалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың алғышарты.

Әдістемелік жұмыс мұғалімнің өзін-өзі дамыту барысында өзінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға педагогикалық әсерінің қажетті мүмкіндігін қалыптастыратын іс-әрекеттерінің өзара байланысқан әдіс-тәсілдерінің нақты жиынтығын кұрайды. Әдістемелік жұмыс жүйесінің төмендегідей элементтер жиынтығын ашып көрсетуге болады: мақсат, ұйымдастыру принципі, мазмұны, формасы, әдстері және нәтижесі. Автор әдістемелік жұмыстың мақсаты мұғалімді педагогикалық шығармашылыққа жеткізетін білім, білік, дағды мен зерттеу мәдениетінің, рухани мәдениеттің бірін-бірі толықтыруы ретінде анықтайды.



Ғылыми-әдістемелік жұмыс өзара бір-бірімен тығыз байланысқан 2 бөліктен тұрады:

-оқу-әдістемелік жұмыс - педагоггарды оқу жоспары мен бағдарламасын құруға бағыттап, оқушыларды үздіксіз жалпы білім беруге даярлау идеясын жүзеге асырады, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын қамтамасыз етеді;

-ғылыми-зерттеушілік жұмыс - оқушылардың оқу материалын мең­геру механизмдері мен заңдылықтарын айқындауға, педагогикалық ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен техникасын меңгеруге көмектеседі, білім беру мазмұнының жаңаруына байланысты жаңа әдіс-тәсілдерді, технологияларды меңгеру, оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау критерийлерін анықтау жолдарын үйретеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет