Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашқы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті.
Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл иеленуші коғамдық құрылыста құлдар, өндіріс құралдары (жер, еңбек құралдары) - құл иеленушілерінің жеке меншігі болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс өнеріне тәрбиеледі.
Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |